1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет1/5
Дата26.06.2018
өлшемі152,5 Kb.
#44748
  1   2   3   4   5
1. Дәріс тақырыбы:   Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.

1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

    «Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды,  ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім,  әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың  рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты-  сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:

1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;

2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету;

3.Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып,  ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;

4.Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;

5.Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты  талдай білуге дағдыландыру;

6.Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;

7.Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру;

Тәрбиелік жағынан:



8.Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке- адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиеитіне деген қызығушылығына әсер ету.   Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де  оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.

2-3.Дәрістің тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.

1. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы

2. 1917 жылға дейінгі әдістеме

3. Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

4. 1990-2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер

Қазақ әдебиеті әдістемесі  өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте әдебиетті оқытуды оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге қызмет ете отырып, өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны байқалады. 1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектеп өмір сүрген.Олар: қадым мектебі, жәдит мектебі және медреселік білім беру жүйесі. Қадим мектебінің басты мақсаты құранның сүресін танытып, тілін калимаға келтіру болды.Қадим оқуында әріп таныған балаға әптиек, шаркітап, софы аллияр, пікайдан, құран сүрелерін үйрететін болған. Ал, жәдит мектебі татар жәдитшілерінің тәжірибесіне сүйенген Ислам дінінің догмаларын үйрететін, догмалық ми қатырғыш мектебі болды. Буржуазиялық қарым-қатынастың тууымен қатар медреселік білім беру жүйесі пайда болды. Медреседе негізінен бай-шонжарлардлың балалары білім алды. Бұл мектептердің әрқайсысының өзіндік кемшіліктері болды. Білім алушылар құдайды тану, шариғат заңын үйрену, мұсылмандыққа баулу  тәрізді дүниелерді үйренуден әрі аспады. Жалпы қарапайым халықтың сауатын ашатын, жүйелі білім беретін мектептер болмады. Қазақ даласына келген орыс демократтарының оқу жүйесіне негізделген мектептер ашыла бастады. Торғай өңірінде тұңғыш ашылған қазақ мектептері елге жаңа серпіліс әкелді. Халықтың  сауаттылығын ашуға, білімін жетілдіруге мүмкіндіктер туды. Тіпті, қазақ қыздарының да білім алуына жағдайлар туды.. Арнайы кәсіптік білім беру орындары ашылып, белгілі бір мамандық алуға да болатын еді.   Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1917-1927 жылдарда әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану  құралы ретінде оқытылды. Тарихта болған бұрмалаушылықтар әдебиетке де өз әсерін тигізбей қоймады. Ал, 1928-1938 жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. БКП(б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер» туралы қос қаулы мектепте әдеби білімді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп берді. 1939-1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру  жүйесі одан әрі жетіле түсті.1958, 1985 жылдары мектеп реформалары жаңартылды.  Бұл реформалардың мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері зор болды.1970-1972 жылдары «Литература в школе»  журналының бетіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы ерекше. Орыс әдебиетін оқытудағы  әдістемелік тәжірибелер қазақ мектебіндегі  әдебиетті оқыту ісін жетілдіруге және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсері көп болды. 1990-2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесінде әр түрлі  тарихи-әлеуметтік себептерге байланысты  түбегейлі өзгеріс болды.Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы  ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі  жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары болды.  Оқытудың жаңа технологиялары жүзеге аса бастады. Оның елімізде ғылыми-әдістемелік  ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері мол.

4-5.Дәрістің тақырыбы:  Жалпы  білім беретін мектептегі әдебиет      курсының мазмұны мен құрылысы.

1. Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар

2. Қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы

Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі. «Өнер алды- қызыл тіл» деп, халық даналығы айтқандай, әдебиет сөз, тіл өнері.«Әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама деп аталады».

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу үрдісінде негізгі басымдылық бағдарламаға берілген. Қазақ әдебиетін  дербес пән ретінде  оқыту 30 жылдардан басталып, 1932 жылы шыққан бағдарлама  әдістеме тарихындағы әдістемелік туынды болды. Қазақ әдебиетінен бірінші оқу бағдарламасы ретінде тарихи маңіызды болып табылатын бұл құжат бағдарламалық мазмұннан алыс, негізінен тізім түрінде көбіне қоғамдық, саяси тақырыптағы туындылардан құрылған еді. Тек 1934 жылы ғана тарихи- әдебиетік жүйемен тізілген таза әдебиет бағдарламасы жасалды. Алайда мұнда да көркем мәтіндерді оқытудың әдіс-тәсілдері тиісті дәрежеде көрсетілмеді.

     1937 жылдың желтоқсанында өткізілген тіл және әдебиет мұғалімдерінің республикалық кеңесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасының жайы, тұрақты оқулықтар мен программалар жасаудың мәселелері» талқыға салынып, соның қортындылары бойынша 1937-1938 оқу жылында ана тілі мен қазақ әдебиетінің программасы жасалынып, оның негізінде оқулықтар жазылды. Ү-Х сыныптарға арналған бағдарламада әдебиетті мектепте оқыту , Ү-ҮІІ сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу», ҮІІ-Х сыныптар үшін «Тарихи әдебиеттік курс» деген атпен беріліп, екі сатыға салынып көрсетілді. Мұнда әдебиетті оқыту әдістеріне біршама көңіл бөлініп, шығарманың көркемдік-идеялық мазмұнын ұғындыруға бағыт алынды. Ал бағдарламаның әдістемелік нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріп шығарылған бағдарламада көрініс тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға  қарағканда әдістемелік, білімдік жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп, бұл бағдарлама 1947 жылға дейін қолданылып келді.

   Кезіндегі идеялогиялық мәселелерді қайта құру  жөніндегі  науқандық шараларға  байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен , оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқытылатын көркем шығармаларды  маркстік-лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап,  іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып үйренудегі жұмыс түрлері , әдіс-амалдары көрсетілді.1950-1960 жылдардың арасында бұл идеялогиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар негізінде сақталынып отырды.

    Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеологиялық саясат ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл бағдарламалардың негізі ұстанымдарында  тарихилық, партиялық, концентристік (өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды. Осындағы концентристік ұстанымның бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу бағдарламаларының негізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжірибесі сақталып келе жатқаны мәлім.

 6-7. Дәрістің тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері.

1. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы

2. Тарихи-әдеби жоспарлау әдістері

Мектеп, колледж, университет - білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты қызмет - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мүғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жүмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді. Ал, басқа білім мекемелерінде ол семестрге жіктеледі. Оқу процесін үйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылда-туға, игертуге жағдай туғызу - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Біріншісі -бір қалыпты жүмысты үйымдастыру; екіншісі - пәнді оқытудағы жетістік, кемшіліктерді бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады:

-  күнтізбелік;

- тақырыптық;

- сабақ жоспары.

Күнтізбелік жоспар - бұл бағдарламадағы тақырып-тардың оқу тоқсандарына жөне апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқа-лыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалыстар) ескерілу керек.

Такырыптық  жоспар - бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырып-тың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бүл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.

Сабақ жоспары - бұл әрбір сабаққа күнделікті жаса-латын жоспар түрі. Ол мүғалімнің сабақты жоспарлы, үйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж жөне университеттерде жүмыстық оқу жоспары жаса-лады. Ондағы тақырыптар дөріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.

 Сабақ - белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оңып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ - оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс-тәсілі аныңталған-нан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.

Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан қүрылы-мыбар. Олар:

- ұйымдастыру кезеңі;

- үй тапсырмасын сұрау;

- жаңа материалды түсіндіру;

- сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;

- оқушы білімін бағалау.

Сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабаңтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы - мүғалімнің білімі мен өдіс тәсілдерінің жан-

жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылыңты қажет етеді. Сабақ - күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:

- оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;

-  мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс-төсілдері;

-  оқушының теориялық жағынан меңгергенін іс -тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;

- оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;

- оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;

- көрнекі қүралдың нақтылығы, өсерлілігі, мазмүн-дылығы;

- мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге, төрбиелеуге ықпалы;

- сабақты басқа пөндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.

Бұл мәселелерге қоса, әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, өдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу, олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни, сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жүмыстар колледжде, жоғары оңу орындарында да жүргізіледі. Олардағы оқу процесі дәріс, машықтандыру, зертханалық сабақтар үстінде жүзеге асады. Дөріс сабағын негізінен оқытушы лектор өткізеді. Онда іргелі, блоктық тақырыптар жекелей өтіледі, студенттерге дәріс тақырыбы, жоспары, керекті өдебиеттер үсыны-лады. Лектор жаңа материалды ауызша баяндап, ңажетті тұстарын жаздыртып, бағыт-бағдар береді, дәйектер, мысалдар келтіреді. Студенттерге қосымша әдебиеттер-ден, оқу қүралдарынан нақты тапсырмалар беріліп, жаз-баша орындауға тиісті жұмыстар көрсетіледі. Бүлар машықтандыру (семинар) сабаңтарында сүралады. Ал, зертханалық сабақтарда неғүрлым нақты тапсырмалар орындайды. Мәселен, белгілі бір мәтінге өдеби, лингвис-тикалық талдау жасау, көркем мәтіннің ерекшеліктерін ажыратут.б.

Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабаң екі топқа бөлінеді:

- оқыту-үйрету мақсатындағы сабақ;

- бақылау мақсатындағы сабақ.

Оқыту-үйрету мақсатындағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:

- жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы;

- білім дағдыны қалыптастыру сабағы;

- өткенді қайталау сабағы;

- оқушылар жіберген қате кемшіліктермен жұмыс сабағы.

Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оңушы-ларды жаңа біліммен ңамтамасыз етеді. Ол әрі-қарай көрнекілік, баяндау, түсіндіру түрлерімен толықтырылады.

Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді бекітіп, дамытады. Мұнда әр түрлі тапсырмалар орындалып, оңушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.

Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген таңырыптарды жүйелеп, қалай игергенін білу мақсатында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды, тарауларды өткеннен кейін жүргізуге болады.

Оқушылардың ауызша жөне жазбаша жауаптарында жіберген қателерге үнемі назар аударып, оларды түзеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

        Мәселен, тіл дамыту, мәнерлеп оқу, стильдік кемшіліктерді түзеу т.б. жұмыстар жасалғаны жөн.

Бақылау "мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі. Бұл сабаңты мынадай үш түрге бөлуге болады:

- оқу материалдарын игеруін бақылау;

-  ауызша жүйелі сөйлеуін, сөз, тіл байлығын бақылау;

- жазбаша жүмыс түрлерін орындай алуларын қадағалау.

Оқу материалдарын игеруін баңылауда оқушылардың сұраққа жауап беруі, өз ой-пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.

Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізуі баңыланады.

Жазбаша жұмыс түрлерін орындау кезінде оқушы-лардың әдебиет сабаңтарында мазмүндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі. Мұнда сынып оқушыларының жас ерек-шелігі ескерілу керек.

Кейде осы сабақ түрлерін аралас етуге де болады. Мұнда оңыту үйрету және баңылау сабақтарының эле-менттері аралас ңолданылады. Мөселен, жеңіл бір сағат-тың таңырып өткенде, оны шағын бақылау немесе өздік жүмыспен күрделендіріп, алдын ала дайындықсыз шы-ғарма, мазмүндама, жекежүмыс, ауызшасүрау түрлерін жүргізуге болады.

Оқушылардың белсенділігі, ңызығушылығы әр са-бақта түрліше болады. Мектеп практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрлі емес деп бөлеміз. Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді. Олардың қатарында бірнеше сабақ түрлерін атауға болады:



  1.  Дәріс сабағы.

    1.  Семинар сабақ. 

    2.  Пікірталас,диспут сабағы.

    3.  Пресс- конференция сабағы.

    4.  Пәнаралық оқытуға негізделген (қосарланған) сабақ.

    5.  Сот сабағы немесе билер тартысы сабағы.

    6.  Жәрмеңке сабағы.

    7.  Концерт сабағы.

    8.  Айтыс сабақтары.

    9.  Композициялық сабақ.

    10.  Әдеби-монтаж сабағы.

    11.  Көзқарас сабағы.

    12.  Брифинг сабағы.

    13.  Іздендіру сабағы.

    14.  Кездесу сабақтары.

    15.  Емтихан, есеп-сынақ сабақтары.

    16.  Реферат қорғау сабақтары.

    17.  К-кпар сабағы.

    18.  Жарыс, сайыс сабағы.

    19.  Әдеби ойын сабағы. 

    20.  Көрнекілік сабағы. 

    21.  Әдеби әуендік сабақ,

    22.  Сабақ викторина .

   Бұл сабақтардың көпшілігі тәжірибеге соңғы кезде тереңірек еніп, нәтиже беріп жүр. Бұлардың барлығын міндетті сабақ түрлері деп айтуға болмайды. Ең бастысы- ұстаздардың сбақты түрлендіріп өткізуде біршама алға басуы ізденісін көрсету үшін беріліп отыр.

Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен түрады. Сыныпқа жетекші, қорытындылаушы сауалдар қоя отырып, мүғалім оқу материалдарының негізгі тұстарын жаздыртады.Лекциялық сабақтардың мынадай түрлекрі бар:

а) шолу түрлеріндегі лекция;

ә)  монографиялық лекциялар;

б) әдеби-терминдегі лекция (өте сирек кездесетін түрі).

Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:

а) оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өз бетімен дайындалады;

ә) оңушы сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;

б) тыңдалған материалды талдайды;

в) талқыланған мәселені мүғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өзара ұқсас тақырыптарды қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.

Диспут сабағы. Мүғалімнің сабаңты пікірталасқа қүруы оңушы белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді. Мұндай сабаққа мұғалім ба-лама жауаптары болатын сұрақтар ойластыру керек. Сон-да оқушылар әр түрлі пікірлер айтып, керекті дәлелдерін табады.

Сайыс сабағы. Бүл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың бе лгілі бір тақырып бойын-ша білімдерін сарапқа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап таба білуі, езінің пөнге деген ықыласын жан-жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан ерек-шелігін таныта алуы көзделеді.

Көрнекілік сабағы. Оқытушының пөнді үйретуде қосымша материалдарды, көрнекілікті тиімді қолдана алуы сабақты түрлендіре түсуге септігін тигізеді. Мәсе-лен, белгілі бір тақырыпты аяқтаған соң, дағдылы жаз-ба жүмысы, қайталау сабақтарының орнына сынып ішіне сол қаламгердің шығармашылығына байланысты мәлімет беретін көрнекілік түрлерін іліп, еске түсіру, қорыту мақсатындағы сабақты үйымдастыруға болады. Көрнекілік негізінен ақын жазушының шығармашы-лың өмірбаянын ретімен қамтып, суретті, иллюстра-тивті, фильм материалдарын, үнтаспа, басқа да көру, есту қүралдарынан түрады. Оқушы тек мүғалімнің бас-шылығымен, әр көрнекілікке байланысты өтілген таңы-рыптарды пысықтайды, жеке тапсырма, ауызша және жазбаша жүмыс түрлерін орындайды. Әрине, қай сабақ-тың түрі болсын негізгі мақсаты оңушыларға білім дағ-дыларын беру, жаңа аңпаратпен ңамтамасыз ету. Ең бастысы оқушыларға түсінікті, айқын білім мазмүны берілу керек.

Әңгіме сабағы. Бүл сабақты жаңа материалды түсіндіргенде де, өткен материалды қайталауда да жүргізуге болады. Әрине, бүл қалыпты сабақтың түрін ығыстыру деген емес. Әңгіменің көмегімен мүғалім не-ғүрлым маңызды сүрақтарды айқындап, оқушылардың ой белсенділігін жоғарылатады. Мүндағы әңгіменің ди-дактикалық мәні түрліше. Ол оқушының материалды қалай меңгергенін білуге ғана көмектеспейді. Сонымен қатар, олардың білімін жүйелеуге, жаңа аңпаратты мең-геруге де көмектеседі. Әңгіме жүргізуде қойылатын сүрақтар оқушыларға түсінікті әрі нақты болу керек. Оның бір бөлігі оқушылардың есте сақтауын, қабылда-уын, өткен материалды қаншалықты түсініп, меңгергенін білуге құрылса, екінші бөлігі жаңадан игеріп жатқан материалды қаншалықты түсінгенін білуге бағыт-талады.      



8-9. Дәрістің тақырыбы :  Әдебиетті оқыту әдістері

1. Оқыту әдістерінің жіктелуі, түрлері

2. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану

 Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

   Академик Ю.Н. Бабанский өзінің «Оқу – тәрбие процесін оптималдандыру” деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение”, 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды.

1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).

2. Оқушылардың оқу- таным қызметін  көтермелеу әдістері

әдістері (методы стимуллирования учебно-позновательной деятельности).

3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).

 Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.



Сөздік әдіс. Көрнекілік әдіс. Практикалық әдістер. Зерттеу әдісі. Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

        Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушышларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басықасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады. Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға” айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, — соны да ерекше ойлану керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себеп не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық – іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс – тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі – репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс – тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік – түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай – ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғылімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық – іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс – тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет