1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет104/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады. жекеше көпше Мен оқып жатырмын Біз оқып жатырмыз Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар Ол оқып жатыр Олар оқып жатыр.

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.

Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:



1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.

3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”.

Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.

Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:



1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.

3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”. Морфологиялық талдау үлгілері. Сөздерді тұлғасына қарай талдағанда мына шартты белгілер қойылуы керек. -түбір -жұрнақ -жалғау

Мысалы: Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты. 1.Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса. Мен хайуанаттар саябағында көптеген аңдарды көрдім. Піл өте үлкен екен. Менің бір кішкентай күшігім бар. Мысығым мен күшігім жақсы достар. Мен күшігіме әр түрлі тамақ беремін. Менің мысығым ұйықтағанды жақсы көреді.



Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория.

Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...

тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет