«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
156
туын бірінші көтерген Сәкен туындылары – бүгінгі жаңа өмірдің жалынды жаршысы болған
тарихи мәңгі құбылыс. Ленин партиясының ұлы идеяларынан таусылмас нә алған Сәкен
өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның
дауылпазы болды.Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның
орны бөлек.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның
көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді. Сәкеннің күрес
жолындағы кейіпкерлерінің елге, туьш-өскен жерге деген сезім күйлері табиғатка
ынтықтығы арқылы ашылады.
Сонымен, Сәкеннің қай поэмасын алсақ та, онда революциялық күрес тақырыбы сөз
болатындығын және жаңа өмірге деген негізгі талап пен қадам, жарқын өмірді бейнелейтін
суреттер басым болатынын білдік. Әдебиетіміздің көрнекті өкілі С.Сейфуллин
шығармаларында қазақ салтына, өшпес тариxына, xалық ауыз әдебиеті мен үлгілеріне,
байырғы замандағы қазақ xалқының өміріне баса назар аударылған.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том. 1967 жыл
2.
Қирабаев С., Сәкен Сейфуллин, 1962
3.
Бердібаев Р. Кәусар бұлақ – Алматы: Жазушы, 1989.
4.
Қасқабасов С. Ойөріс (фольклор туралы зерттеулер) – Астана: Астана полиграфия , 2009.
ӘОЖ 001.894.342
ІЛИЯСТЫҢ ЖУРНАЛИСТІК ҚЫЗМЕТІ
Х. Ұлжан
Мәншүк Мәметова атындағы орта мектеп, Ескелді ауд., Шымыр а.
Жазушының «Жарыс», «Төменнен толқын» деген очерктері Екібастұз көмір кені
Риддер шахталарындағы социалистік жарысты, жұмысшылардың олқылықты жою
жолындағы күресін, шаруашылыққа жанашырлық сезімін өзек еткен әкелі-балалы екі
шахтердің (Жауатар мен оның баласы Рахымжан) өзара социалистік жарысын көрсету
арқылы Ілияс шахта өмірінің сырын шертеді.
Кілттік сөздер:
көркем шығармалар, журналистер институты, өмірінің сыры.
Эскизы из «Гонки» писателя «Волна из волны» показывают социалистический
конкурс Экибастузского угольного разреза с социалистическим соревнованием на шахтах
Риддер, борьбу за ликвидацию рабочих проблем и социалистическое соперничество двух
шахтеров (Жаватар и его сын Рахимжан) Нажмите на секреты.
Ключевые слова:
произведения искусства, Институт журналистики, секрет
жизни.
1925 жылға дейін публицистикалық мақалалармен қоса көркем шығармалар жазып
талпынып көреді. Онысы нәтижесіз емес еді. Бұл жылдары жап-жақсы өлеңдер жазып
танылып қалса да, І.Жансүгіров өзіне-өзі көңілі толмай, табиғат берген дарынмен ғана ұзап
кете алмайтынын түсініп, білімін көтеру үшін 1925 жылдың күзінде Мәскеудегі журналистер
институтына түсіп, оны 1928 жылдың жазында бітіреді. Оқуын бітіріп келген соң 1928
жылы газет жұмысына кірісіп, әдебиетке белсене араласады.
«Ілияс Жансүгіровтің очерк жазу қызметі ертерек жиырмасыншы жылдардың аяғында
басталды», - деп жазады белгілі журналист ғалым Төлеубай Ыдырысов өзінің «Шеберлік
бастауы» деген зерттеу еңбегінде. 1927 жылы Түркістан ─Сібір темір жолының құрылысы қолға
алынған кезде Ілияс Түркісиб тақырыбына бірнеше очерктер арнайды. 1929 жылы жарыққа
|