1. Бас әріппен жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Ақын, Өлең, Жыр
В) Аягөз, Екібастұз, Іле
С) Көлбақа, Патша, Ұшақ
Д) Дауыс, Жасыл, Сұрғылт
Е) Алтыбақан, Достық, Шешен
3. Абай аудармасына жатпайтын қатарды көрсетіңіз.
A) «Дұға»
B) «Жартас»
C) «Боран»
D) «Вадим»
E) «Альбомнан»
Мектеп тәжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни берілген тестің барлық түрінде орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып беру көзделеді.
Сабақ – оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың мынандай негізгі белгілері бар:
оқу-тәрбие үдерісінің белгілі бір шектелген уақыт (35 не 45 минут) ішінде өтуі;
сынып деп аталатын жас шамалары бірдей балалардың тұрақты құрамынан тұруы;
қатаң бекітілген сабақ кестесінің болуы;
өтілетін материалдардың барлық балаларға бірдей болуы;
әртүрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара формаларымен іске асырылуы.
Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы және сабақтың кезеңдері көрсетілуі керек. Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеті бар: білімділік; дамытушылық; тәрбиелік; практикалық. Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары – сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтқанда: аралас сабақ; мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы; оқылған материалды бекіту сабағы; оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы; тексеру және оқушылардың білімдерін есепке алу сабағы. Әрбір сабақтың түріне қарай оның кезеңдері де әртүрлі болуы тиіс. Шағын жинақты мектептердің ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар. Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана сабақты өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.
Әр пәндік сабақтар дегеніміз бір пәнді басқа пәнмен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.
Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді. Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады. Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.
«Жоғарыда келтірілген сабақтың қай түрін қолданғанда, оқушының білімі жоғары деңгейде игеріледі?» деген сұраққа Л.Канцева, Т.К.Оспанов және т.б. ғалымдар бір пәндік сабақ кестесін түзу тиімді деп есептеп, оны былай дәлелдейді:
1. Біріктірілген барлық сыныптардағы бірдей сабақтар пәндік алаңдаушылықты туғызбайды;
2. Мұғалім үшін де «үлкен» сабақтың логикалық жүйесін дұрыс құрып, «кіші»сабақтардың барысын жете қадағалауға мүмкіндік туады;
3. Бір пәндік оқу жүйесі іс жүзінде бір тақырыптық сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.
Шағын жинақты мектепте сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда әр түрлі құралдарды қолдану жан-жақты ойластырылкы керек. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. Шағын жинақты мектепте соңғы кездері сабақта оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру барысында техникалық оқыту құралдары: диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер кенінен қолданылуда. Бір тақырыптық, бір пәндік сабақтар кезінде бұл құралдарды пайдалану өте тиімді. Бір диафильм бойынша әр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен бірге, Шағын жинақты мектепте лингофондық кабинеттердің де ролі ерекше. Лингофондық қондырғылар өздік жұмысты ұйымдастырған кезде өте қажет құрал, мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп жатқан кезде қалған сынып оқушылары өз бетімен жұмыс жасайды. Шағын жинақты мектепте математика сабақтарында кестелерді пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың арифметикалық амалдар кестесін, жазбаша есептеу тәсілдерін үйретуге, есептің шешу кездерін меңгеруге ықпал етуге болады.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін пән ерекшелігіне, тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруы қажет. Оқу үдерісі екі жақты үдеріс болғандықтан, оқушылардың өздік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі – олардың ықыласымен, өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, оқытушы оқушылардың дара ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн, орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру керек. Өздік жұмыстарды ұйымдастыру үшін мұғалім мынадай үш жағдайды ескерген жөн:
1. Оқушылардың өздік жұмысының мазмұнын:берілетін білім және оны міндеттерін анықтау;
2. Өздік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал-тәсілдерді белгілеу;
3. Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру, бағыт беріп көмектесу. Өздік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
оқушылардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыру білу;
оқушылардың дербестігін арттырып, өз бетімен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.
Өздік жұмыстың мазмұнына мүмкіндігінше күнделікті өмірден алынған материалдарды, мәліметтерді, хабарларды енгізіп пайдалану. Сабақтың жақсы өтуі үшін жан-жақты дайындық және оны шеберлікпен өткізу қажет. Сабаққа дайындалмас бұрын мұғалім өтілетін материалды жан-жақты меңгеріп, оны өткізу әдістемесімен таныс болуы тиіс. Мұғалім қатар жүргізілетін сыныптардағы сабақтың барысын алдын-ала ойластырып, өз жұмысының әрбір деталін жоспарлауы тиіс, әсіресе, оқушылардың өздік іс-әрекеті ойластырылуы тиіс. Содан соң сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды, яғни көрнекі құралдар, мәтіндер, жаттығуға арналған сұрақтар мен мысалдар, дидактикалық материалдарды дайындап алып, содан кейін ғана сабақ жоспарын жасауға кірісуі керек.Сабақты жоспарлау кезінде сабақты қай сыныптан бастау керектігі анықталуы тиіс. Ал сабақты өткізу кезінде жазылған жоспардың орындалуы қадағаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын мұғалімнің тікелей басшылығымен жасалатын жұмыс түрлерімен алмастырып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |