Петроградтағы Қазан төңкерісі.1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері: 1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс. Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды. Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті к-ттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғмдық-саяси ұйымдары құылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылдың 4–5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И.Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді.1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21–26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.
20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары : қосшылар одағы, шарком және жұмжерорман одақтары маңызды орын алды . Бұл одақтар бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның , екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды . 20 ж.ж Қ-нның қоғамдық саяси өмірін айтқанда қайғылы ерекшелігі мынада болды : Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халық зердесін жоюға , бұл зерденің иелері ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады . 20 ж.ж екінші жартысында Қ-нның қоғамдық саяси өмірі күрт өзгерді . 1925 ж. Желтоқсанда өткен өлкелік партия өкіметінің V конференциясының Ауылды кеңестендіру туралы шешімі тап күресінің шұғыл шиеленісінуіне түрткі болды . Республикада Кіші Қазан төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды , бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-38 жж . жаппай жазалау дәуірінде қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты . 1937-38 жж. Қ-нның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов , Н. Нұрмақов , С.Қожанов, О. Жандосов , А. Асылбеков , Ж. Сәдуақасов З. Төреғожин және басқа да көптеген адамдар өтірік жаламен жазаланды . Ә. Бөкейханов , А Байтұрсынов , І . Жансүгіров , Ж. Шанин т.б. жазықсыз жазалаудың құрбаны болды. Сөйтіп 20 – жж. мен 30-жж. қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында бекіді .Өлкедегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер , Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру , мәдени құрылыстағы , халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті . міне, осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді
20ғ. бас. Қаз\ғы саяси партиялар мен қозғалыстар. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен , орыс жұмысшыларымен , солдаттармен қарым қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті . Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды . Мыс: Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы » (жетекшісі Жүсіп Бабаев ) Сергиөпілде (Аягөз)- «Солдаттардың орыс мұсылман ұйымы » Петропавлда –«Жас арбакештер ұйымы » Жастар ұйымдары құрылып , белсенді жұмыс жүргізді : Әулиеата мен Меркеде –«Қазақ жастарының революцияшыл одағы » , Ақмолада- «Жас қазақ » ұйымы , Петропавлда- «Талап» ұйымы Спасск зауытында –«Жас жүрек » ұйымы , Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар 1905 жылы- «Алаш» қозғалысы , 1917жылы – «Алаш » партиясы . Әлеуметтік негізі капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар . Мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден азат ету , Автономиялық ұлттық мем-т құру . Бағыты – реформистік капитализм жолы . Жетекшісі - Әлихан Бөкейханов . Мүшелері : А . Байтұрсынов , М. Дулатов , Ш. Құдайбердиев , М. Тынышпаев , Ғ . Қарашев , С. Торайғыров , Х. Ғаббасов , Ә. Ермеков , ағайынды Досмұхамбетовтар . «Алаш» партиясы жетекшілері Қазан төңкерісін , Қазақ мемлекеттігін кеңестік негізде құру идеясын қабыламады . 1917 жылғы күз –«Үш жүз» партиясы құрылды . Жетекшісі – Көлбай Тоғысов . Мақсаты большевиктік бағыт ұстау . 1917 жыл- Ақпан төңкерісінен кейін Семейде , Петропавлда , Қостанайда , Оралда , Өскеменде Кадеттер ұйымы құрылды . Мақсаты : бөлінбес , біртұтас Ресей конс. Монархиясын құру , қоныстандыру саясатын құру . 1917жылғы көктем - өлкеде эсерлер ұйымы құрылды . Мақсаты: Жерді шаруаларға беру , жер бүкіл халықтың меншігі ұранын көтеру . Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау . Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялы жүйе құрылды . Билік жолында күрескен партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарамаларын ұсынды.
61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
Азамат соғысының салдарлары: 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты: Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті
62)«Алаш» партиясының бағдарламасы: - Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мәселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мәселесі; - Халық ағарту; - Жер мәселесі.Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды.
Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды.
Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді.
Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент теміржолшыларының Қүрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер.
Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» еді. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді. Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21–26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5–13 (18–26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде қазақтың автономиясы – Алашорда Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының Бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұрады. Олар:
Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы;
Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді.
1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкілресейлік құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкіншілігіне де зардабын тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы кертартпа күш есебінде қарады.
Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі – Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық-зомбылықтың шабуылына көміліп, тарих қойнауында қала берді.
63)Қазақ АКСР білімінің маңызы
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.
Заман талабы қазақ халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.
Жүзеге асыруға тиісті шаралар :
1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру.
2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.
Қырғыз әскери – революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары, керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін және т. б. қосуды да талап етті.
Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919 жылғы қыркүйектің 19–ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7 – ісінде Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920 1924 жж.) болды. 1924 – 1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929 жылдан астана – Алматы.
Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР – не берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір халқына қайтарылды.
КАКСР құрамына енгізілген аймақтар:
Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.
Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.
Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.
Орал облысы – Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі.
Закаспий облысы – Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары. Астрахань облысының бір бөлігі.
Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.
Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.).
Нәтижесінде;
1) Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.
2) Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.
Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт (Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашол уезіндерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды. Қазақтар – 61,3 % - ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).
1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы 9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.
Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ халқы үшін нақты шындыққа айналды.
64 )1917-1940 жж мәдениеттің дамуы,Кеңес зиялыларының қалыптасуы.. Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.
Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.20-30 жж. мәдени революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.
Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік
65 )ХХ 20-30 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туадыдегенсенімдеболды.Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды. Уақыт талаптарына сай Түркістанның саяси басшылары 20 жылдардың басыңда ірі станционарлы педагогика оқу мекемелерін ұйымдастыру арқылы республиканың ұлттық-кеңестік мектептеріне білікті мұғалім кадрларын дайындай бастады. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелігін өсіру мақсатымен ...
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Ғылымның дамуы
XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Н. Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды.
1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды.
Қазақ КСР-де ғылымды дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академиктер мол үлес қосты.
1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істерге жұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды.
Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.
66) Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |