1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет12/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Ауыл ша­ру­ашы­лығы

Соғыс­тан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да көпте­ген ке­дергілер кез­десті. Мы­салы, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­каның жетіспеуі, жұмыс күшінің аз­дығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпа­лы т. б.

Пар­ти­яның 1946 жылғы қаулы­сына сәй­кес сов­хоздар мен кол­хоздар­дың бұрынғы зар­дапта­рын жою бас­талды. Ауыл ша­ру­ашылғын жаңа тех­ни­камен қам­та­масыз ету үшін мем­ле­кет ар­найы қара­жат бөлді. 1950 жы­лы еліміздегі кол­хоздар­да (76%) МТС-тер (ма­шина-трак­тор стан­ци­яла­ры) жұмыс істеді. Үкімет өзін қам­та­масыз ете ал­май­тын ұсақ кол­хоздар­ды біріктіре бас­та­ды. 1952 жы­лы рес­публи­када 2047 кол­хоз жұмыс істеді.

Рес­публи­ка ауыл ша­ру­ашы­лығы бірша­ма жақсы да­мыды. Де­ген­мен бар­лық ха­лықты бірдей азық-түлікпен қам­та­масыз ете ал­май, өнеркәсіптің шикізатқа де­ген сұра­нысын қанағат­танды­ра ал­ма­ды. Ауыл ша­ру­ашы­лығы жос­парлы түрде жоғары­дан басқарыл­ды.



Ха­лықтың әле­уметтік жағдайы

Соғыс­тан кейін 1946–1950 жыл­да­ры ха­лықтың әле­уметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез бол­ды. 1947 жы­лы елімізде бұрын­нан қол­да­нылып кел­ген, ха­лықты азық-түлікпен мөлшерлі қам­та­масыз ететін кар­точка­лық жүйе жойыл­ды.

Ха­лықтың әле­уметтік-тұрмыс­тық жағдайын жақсар­ту­да біраз ша­ралар қол­да­ныл­ды. Бірақ бұл мәсе­ле оны­мен шешілмеді. Жұмыс­шы­лар­дың жа­лақысы көп рет­те азық-түлікті са­тып алып отыр­ды. Әсіре­се, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін мем­ле­кет өте ар­зан бағамен са­тып ал­ды. 1946 жы­лы Кеңес­тер Одағының біраз өңірін аш­тық жай­ла­ды. Бұл ту­ралы ешқан­дай мәлімет­терде ай­тыл­май­ды.

II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды

77)Тың және тыңайған жерді игеру

Ауыл шаруашылығы1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.

Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.



Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 


2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

78 )1945-1965 Мәде­ни­еттің да­муы

Соғыс­тан кейінгі уақыт­та мәде­ни­ет, еліміздің ру­хани жағдайы қатал ста­линдік иде­оло­ги­яның қыс­пағын­да бол­ды. То­тали­тар­лық ре­жим бұл са­ланы өз де­генімен басқарып отыр­ды.



Ағар­ту ісі. Соғыс­тан кейін қираған ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да кез­дескен бас­ты ке­дергілердің бірі – қажетті ма­ман­дардың жетіспеуі.

1946 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақстан­да жоғары және ор­та білім бе­ру ісін да­мыту ша­рала­ры жөнінде қаулы қабыл­да­ды. Қазақстанға көпте­ген білікті ма­ман­дар жіберіліп, білім бе­ру ісіне қара­жат бөлінді. Соғыс­тан кейінгі алғашқы жыл­да­ры мем­ле­кет­ке қажетті 60000-дай ма­ман да­яр­ланды. 1950 жы­лы рес­публи­када білім бе­ру ісіне 146,5 млн. сом жұмсал­ды. Нәти­жесінде көпте­ген жаңа мек­тептер мен ин­тернат­тар са­лын­ды. 1950 жы­лы Қазақ КСР-дегі мек­тептердің са­ны 9088 бол­ды. Бұл мек­тептер­де 1493000 оқушы оқыды.

1950 жы­лы рес­публи­када міндетті ор­та білім алу жүйесі енгізілді.

Ғылым. Ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру ба­рысын­да негізгі қажеттіліктердің бірі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­ры бол­ды. 1946 жы­лы ма­усым­да Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құрыл­ды. Ғылым ака­деми­ясы­ның алғашқы пре­зиденті бо­лып ғалым, ге­оло­гия-ми­нера­логия ғылым­да­рының док­то­ры, ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев сай­лан­ды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның жұмы­сын ұйым­дасты­ру бағытын­да С. И. Ва­вилов, И. П. Бар­дин, А. М. Панк­ра­това сияқты КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның белгілі ғалым­да­ры көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бас­тап Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы көпте­ген аса күрделі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­рын жүргізді. 1946–1949 жыл­дар ара­лығын­да Ғылым ака­деми­ясы 900-дей жаңалық аш­ты.

1950 жы­лы Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құра­мын­да 50 ғылы­ми-зерт­теу ме­кеме жұмыс істеді. Ғылым ака­деми­ясы­ның 19 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­тутын­да 500 ас­пи­рант оқыды.



Әде­би­ет. Қазақ әде­би­етінің соғыс­тан кейінгі жағдайы на­шар бол­ма­ды. Бірақ ста­линдік иде­оло­гия әде­би­еттің да­му­ына кері әсерін тигізбей қой­ма­ды. 1947 жы­лы М. Әуезов «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы­ның екі кіта­бын аяқта­ды.

1949 жы­лы «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы үшін ол мем­ле­кеттік сый­лыққа ие бол­ды. Бұл ту­ын­ды – қазақ әде­би­етінің аса үлкен жетістігі.

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда Ғ. Мұста­финнің «Мил­ли­онер», С. Мұқанов­тың «Сыр­да­рия», М. Иман­жа­нов­тың «Алғашқы ай­лар» ро­ман­да­ры, Қ. Бек­хо­жин мен Ғ. Ор­ма­нов­тың, А. Тоқмаған­бе­тов пен Т. Жа­роков­тың, Ә. Тәжіба­ев­тың өлеңдер жи­нақта­ры жа­рық көрді.

Ғылым мен мәде­ни­ет­ке ста­линдік қыс­пақ. Е. Бек­ма­ханов ісі (1951–1952 жж.)

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда ста­линдік то­тали­тар­лық жүйе ғылым мен мәде­ни­еттің да­му­ына белгілі мөлшер­де ке­дергі жа­сады. Мы­салы, ком­му­нистік пар­ти­яның қатал иде­оло­ги­ясы қоғам­дық ғылым­дарға қат­ты қыс­пақ көрсетті.

Қазақстан пар­тия ко­митеті БК (б) П Ор­та­лық Ко­митетінің 1946 жылғы зи­ялы қауым­ды са­яси қуда­лауға ар­налған қаулы­сын орын­дау мақса­тын­да жұмыс істеді. Осы­дан бас­тап көпте­ген зи­ялы қауым­дардың, ғылым, мәде­ни­ет өкілдерінің са­яси қуда­ла­уы бас­талды. 1947 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ныңқұра­мын­дағы Тіл және әде­би­ет инс­ти­туты­на XIX ғасырға дейінгі қазақ әде­би­етінің ру­хани мұра­сын зерт­те­уге тыйым сал­ды. Се­бебі бұл кездің мұра­лары «ескінің қал­дығы» ретінде си­пат­талды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясын­да, Мем­ле­кеттік уни­вер­си­тет­те, жа­зушы­лар қауымы өкілдері ішінен «ха­лық жа­ула­рын», «бөгде ой­лы адам­дарды» іздеді.

М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев, Қ. Жұма­ли­ев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстан­ның бірту­ар ұлда­рына «ескіні жа­зушы­лар» ретінде негізсіз айып­тар тағыла бас­та­ды. Белгілі ғалым­дарға (А. Жұба­нов, Б. Сүлей­ме­нов, Е. Ыс­ма­илов, С. Кеңес­ба­ев т. б.) әр түрлі жа­ла жа­был­ды. М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев сияқты ғалым­дар біраз уақыт бойы қазақстан­нан тыс жер­лерді (Ле­нинг­рад, Моск­ва) ме­кен­деді.



Е. Бек­ма­ханов ісі. Ермұхан Бек­ма­ханов Во­ронеж пе­даго­гика инс­ти­тутын бітірген та­рих­шы ғалым бол­ды. Е. Бек­ма­ханов 1943 жы­лы «Қазақ ССР та­рихы» ат­ты еңбек жа­зып, 1946 жы­лы док­торлық дис­серта­ция қорғады. 1947 жы­лы дис­серта­ци­ясын «XX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» тақыры­бын­да мо­ног­ра­фия етіп шығар­ды. Е. Бек­ма­ханов бұл еңбек­терінде 1837–1847 жыл­дардағы Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған көтеріліс ту­ралы кең көлем­де жазған бо­латын. Осыған бай­ла­ныс­ты Е. Бек­ма­хановқа Ре­сей­ге қар­сы көтерілісті жақтаған, Ке­неса­ры қозғалы­сын ақтауға ты­рысқан бур­жу­азияшыл, ұлтшыл де­ген айып тағыл­ды. 1950 жыл­дан бас­тап ком­му­нистік пар­тия бас­пасөз арқылы Е. Бек­ма­ханов­ты ашық айып­тай бас­та­ды.

1951 жы­лы ҚазКСР-нің Жоғарғы со­ты Е. Бек­ма­ханов­ты айып­ты деп та­уып, 25 жылға бас бос­тандығынан айыр­ды. Ол Гу­лаг ла­геріне жа­засын өте­уге жіберілді. Е. Бек­ма­ханов 1954 жы­лы ақта­лып түрме­ден бо­сады. Оның бос­тандыққа шығуына А. М. Панк­ра­това, А. П. Куч­кин сияқты ғалым­дар көп көмек көрсетті. Е. Бек­ма­ханов ақта­лып шыққан­нан кейін, өзінің ғылы­ми пе­даго­гика­лық жұмы­сын жалғас­тырды. Е. Бек­ма­ханов 1966 жы­лы қай­тыс бол­ды.



79)1970-1980жылдар

70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.

1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.

1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.

1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.

1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.



70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.

Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.



Өнеркәсіптің дамуы.

1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.

КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.

60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.

1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.

Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.

Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.



Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.

Өндіріс саласындағы кемшіліктер:
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.

Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.

Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:


1. Лисаков кен-байыту комбинаты,
2. Шерубай – Нұра шахтасы,
3. Талдықорған аккумулятор заводы,
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.

Ауыл шаруашылық жағдай.

1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.

70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.

Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.

1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.

70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.

Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.

1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.

Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.

80 )Қазақстан «ке­мел­денген со­ци­алистік қоғам» ке­зеңінде (1965–1985 жж.)

КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пле­нумын­да пар­тия мен ел бас­шы­лығы ауыс­ты­рыл­ды. КОКП ОК пле­нумы Н. С. Хру­щевті ОК-тің бірінші хат­шы­сы, КСРО Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қыз­меттерінен бо­сат­ты. КОКП ОК-нің бірінші хат­шы­лығына Л. И. Бреж­нев сай­лан­ды. Осы­дан көп ұза­май Жоғарғы Кеңес А. Н. Ко­сыгинді Кеңес үкіметінің бас­шы­сы етіп тағайын­да­ды.

60-жыл­дардың ор­та шеніндегі бетбұрыс­тың бас­ты мазмұны мен негізгі бағытын ша­ру­ашы­лық ре­фор­ма­сы айқын­да­ды.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пле­нумы өнеркәсіпті са­лалық прин­цип бойын­ша басқару және өнеркәсіп са­лала­ры бойын­ша одақтық-рес­публи­калық ми­нистрліктер құру дұрыс деп тап­ты.

70-жыл­дардың ба­сын­да кейінгі ке­зеңдер­дегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен ас­там өнеркәсіп кәсіпор­ны мен цех, оның ішінде Ли­саков кен-байыту ком­би­наты, Ше­рубай-Нұра шах­та­сы, Тал­дықорған ак­ку­муля­тор за­уыты, бірқатар жеңіл және та­мақ өнеркәсібі кәсіпо­рын­да­ры бой көтерді. Пав­ло­дар об­лы­сын­да Екібастұз отын-энер­ге­тика ке­шенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құры­лысы бас­талды. 1975 жылға қарай рес­публи­каның бар­лық кәсіпо­рын­да­ры дерлік энер­ги­ямен қам­та­масыз етілді. Ми­нерал тыңайтқыш­тар өндіру 1,8 есе, са­ры фос­фор — 2,5 есе өсті, рес­публи­каның фос­фор өнеркәсібі КСРО бойын­ша ал­дыңғы қатарға шыға бас­та­ды.

Қазақстан­ның ха­лық ша­ру­ашы­лығын­дағы өндірістік және ғылы­ми-өндірістік бірлестіктер са­ны 1971–1985 жыл­дар ішінде 28 ден 162 ге, осы прин­циптер­мен жұмыс істейтін кәсіпо­рын­дар 97 ден 610 ға дейін жетті. Бар­лық шығарылған өнім көлемінің 46,7%-ы және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істе­ушілердің 46,8 %-ы ғылы­ми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді.

Пав­ло­дар-Екібастұз, Маңғыс­тау, Қара­тау-Жам­был, Шым­кент-Кен­тау тәрізді ірі ай­мақтық-өндірістік ке­шен­дер дәл осы ке­зеңде, яғни 70-жыл­дардың ба­сын­да тұрғызыл­ды. 1981–1985 жыл­дар ішінде әр түрлі ми­нистрліктер мен ве­домс­тво­лар­дың жос­парла­ры 300 рет­тен ас­там түзетілді.

Би­ле­уші пар­ти­ялық-мем­ле­кеттік ап­па­рат­тың біліксіздігі мен им­пе­ри­ялық пайым­ның безбүй­ректігі сал­да­рынан есе­лене түскен ди­рек­ти­валық жос­парлау рес­публи­ка эко­номи­касы­на ора­сан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі аты­рабы­на өндіргіш күштерді ор­на­лас­ты­руда жіберілген стра­теги­ялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пай­да­лану, мақта мен күріш дақыл­да­рын өсіру­ге да­ра үстемдік бе­ру сал­да­рынан теңіз түбі 27 мың шар­шы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жа­лаңаш қал­ды. Арал өзінің ба­лық өнеркәсібінен ай­рыл­ды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал ай­мағының кли­маты күрт на­шар­лап кетті.

70-жыл­дардың соңы мен 80-жыл­дардың ба­сын­да сыртқы са­ясат­та кеңес халқына қым­батқа түскен жаңсақ әре­кет­терге жол берілді. Әске­ри күш-қуат­ты арт­ты­руға жұмса­латын қара­жат көлемі ұлғая түсті.

Ауғанс­тан­ның сол кез­дегі бас­шы­лары үсті-үстіне өтініш жол­дап тұрғаны­мен, кеңес әскерінің 1979 жыл­дың жел­тоқса­нын­да Ауғанс­тан жеріне енгізілуі қисын­сыз әрі кеңес халқының мүдде­леріне ке­реғар шешім бол­ды. Бұл маңыз­ды шешім Л. И. Бреж­нев бас­таған кеңес бас­шы­лығының тар аясын­да ғана қабыл­данды.

1971–1980 жыл­дар ішінде рес­публи­каның ауыл ша­ру­ашы­лығына 18 мил­ли­ард сом­нан ас­там күрделі қар­жы жұмсал­ды. Ауыл­ша­ру­ашы­лық өнімдерін өндіру ұдайы төмен­де­умен бол­ды:

ол IX бес­жылдықта 13%-ға;

XI бес­жылдықта – 0,4%-ға дейін құлды­рады.

Ауыл ша­ру­ашы­лығы тиімділігі төмендігінің бас­ты се­бебі ша­ру­алар­дың өз еңбегінің жемісін өздері көре ал­май­тын­дығынан еді.

Азық-түлік бағдар­ла­масын қабыл­даған КОКП ОК-нің 1982 жылғы ма­мыр пле­нумы ауыл ша­ру­ашы­лығының, бүкіл аг­роөнеркәсіптік ке­шеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәре­жеде екендігін мойын­дауға мәжбүр бол­ды. Ха­лықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат­пен қам­та­масыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей оты­рып, Азық-түлік бағдар­ла­масы ауыл ша­ру­ашы­лығының да, оған қыз­мет ететін са­лалар­дың, көлік пен са­уда­ның да жұмы­сын біріктіру­ге тиіс бол­ды. Алай­да Азық-түлік бағдар­ла­масы мен ауыл­ша­ру­ашы­лық өндірістің құлды­ра­уын тоқта­туға бағыт­талған өзге де әре­кет­тер нәти­же бер­меді, өй­ткені бағдар­ла­ма басқару­дың ескірген жүйесі аясын­да жа­сал­ды. 80-жыл­дардың ор­та шенінде іс жүзінде бар­лық жер­де та­мақ өнімдерімен шек­те­улі қам­та­масыз ету жүйесі енгізілді.

1975 жы­лы Ал­ма­тыда Ол­жас Сүлей­ме­нов­тың «АзиЯ» («Ізгі ни­етті оқыр­манның кіта­бы») ат­ты еңбегі жа­рық көрді. Оның көпте­ген өзге зерт­те­улер­ден айыр­ма­шылығы сол – ақын бұл кіта­бын­да көне орыс әде­би­етінің ұлы ес­керткіші бо­лып та­была­тын «Игорь жа­сағы ту­ралы жыр» (XII ғасыр) «сла­вян­дық және түркілік эт­ни­калық әлем ше­кара­сын­да дүни­еге кел­ген және шығар­ма­да екі көрші мәде­ни­еттің шын­дықта­ры айқын көрініс тапқан» де­ген түйін жа­сай­ды. Шо­винизм айқын­да­мала­рын айырыл­мастай нық ұстаған иде­олог­тар үшін О. Сүлей­ме­нов­тың тұжы­рым­да­ры ас­тамшы­лық бо­лып көрінді. «АЗиЯ» кіта­бы та­уар ай­на­лымы­нан, кітап­ха­налар­дан алы­нып тас­талды, оның жаңа ба­сылым­да­рына тыйым са­лын­ды.

Ха­лықтың әл-ауқатын жақсар­ту эко­номи­калық са­ясат­тың бас­ты міндеті деп есеп­телді. КОКП-ның әрбір съезі бұл мәсе­лені са­налық тұрғыдан жаңа са­тыға көтеріп отыр­ды. Ха­лықтың жан ба­сына шаққан­дағы нақты та­бысы­ның 2,6 есе өсуі, ме­дици­на, ғылым, мәде­ни­ет қыз­метінің, көпте­ген от­ба­сының тұрғын үй жағдайының жақса­руы осыған айғақ. 1970–1985 жыл­дар ара­лығын­да 887,7 мың пәтер тұрғызы­лып, оларға 3 ми­ли­он­нан ас­там адам қоныс­танды­рыл­ды. Алай­да ха­лық тұрмы­сы 30 – 40-жыл­дармен са­лыс­тырған­да ғана едәуір жақсар­ды.

Адам­дардың ақша­лай та­быс­та­ры мен төлеу қабілетіне негіздел­ген сұра­нымы та­уар­лар мен қыз­мет түрлері көлемінің ұлғаюымен са­лыс­тырған­да озыңқы өсіп отыр­ды.

Сөйтіп, эко­номи­калық қай­шы­лықтар әле­уметтік қай­шы­лықтар­ды ту­ын­датса, олар өз ке­зегінде күрделі адам­гершілік проб­ле­малар­ды дүни­еге әкелді.

81)1965-1991 ғылым мен мәдениет дамуының проблемалары мен жетістіктері.

Развитие науки и культуры КЗ в 1965-91г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет