1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»


)КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы



бет14/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

85 )КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.Президентті бүкілхалықтық сайлау.Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасынҚазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады

86 )Республиканың мемлекеттік рәміздері

1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар



87) ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың.

1995 жыл дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.


Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты настарды реттеудің тиімді тетік терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып тас тыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқық тық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
Елбасының Қазақстан халқы на Жолдауында айтылған мәсе лелер қатарында ерекше көрсеті ліп кеткен бағыттың бірі — Қазақ стан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру” мәселесі. Бағыттың бұлай ата луының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.
Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық эт ностардың мүддесін ортақ қазақ стандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақ станда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағыт­талған қазіргі мол тәжірибе этнос аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.
Жолдауда атап көрсетілгендей, “қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту еліміздің қалыпты дамуы мен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру тәрізді үстеме міндеттерді шешудің негізі болып табылады”.
Жолдауда “Қазақстан халық тары Ассамблеясының практика лық қызметі мен жауапкершілігі аясын кеңейтіп, оның беделін барынша арттыра беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде арттыру қажет” деп көрсетілген. Осыған орай Ассамблея жұмысы маңыз дылығын арттыру мақсатында оның ғылыми және құқықтық база сын жетілдіру қажеттілігі тәрізді өзекті мәселе күн тәртібіне қойылып отыр.
88Конституция 1993-1995

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.



1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Тарихи маңызы:

- Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.

- Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.

Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.



89)Тідер дамуы проблемасы мен болашағы

Ежелгі қазақ  жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында,  яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттікбағдарламалар жасалды. Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана тілдік кеңістікте қозғалыс басталып, ол қоғамдық өмірде еркін қолдануға бет алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде  шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.
Осындай оң өзгерістермен қатар қазақ тілі қоғамның көптеген салаларында әлі аударма тіл дәрежесінен аса алмай тұр. Оның терең саяси және құқықтық  негіздері бар. 
Соңғы 300 жылдай уақытта қазақ қоғамы өз алдына толыққанды мемлекет болып, өз билігіне өзі ие бола алмады.  Қазақ өркениетті ұлт ретінде қалыптаса алған жоқ. Толып жатқан қиыншылықтар қазақ елінің капитализмді бастан өткермей, феодализмнен социализмге «қарғып» кетуінен, яғни қоғамның табиғи жетілмеуінің де туындады.
Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап, бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық мәселелерде кейбір қайшылықты саясат жүргізе бастады. Бұл ұлттық республикаларға әсер етіп, кейде асыра сілтеушілік те болмай қалмады. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпанындағы «Республика  мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде «республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс қағаздарын және өзара қарым-қатынасты орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды
90 )Қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар (1985–1992 жж.)

80 жыл­дардың аяғына қарай де­мок­ра­ти­ялық про­цестің жан­да­ну­ына бай­ла­ныс­ты Қазақ КСР-де қоғам­дық ұйым­дар құры­ла бас­та­ды.

1989 жы­лы Қазақстан­да алғашқы бо­лып «Не­вада-Се­мей» эко­логи­ялық қозғалы­сы құрыл­ды. Қозғалыс­тың мақса­ты – рес­публи­ка жеріндегі Се­мей және басқа по­лигон­дарды жа­бу, по­лигон зар­да­бын шек­кен ха­лыққа көмек көрсе­ту. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлей­ме­нов. Ақын, қоғам қай­рат­кері М. Ша­ханов­тың бас­та­масы­мен Балқаш және Арал проб­ле­мала­ры бойын­ша ко­ми­етет құрыл­ды. Ко­ми­еттің негізгі мақса­ты Арал төңірегіндегі эко­логи­ялық апатқа өкімет на­зарын ауда­ру бол­ды.

1990 жы­лы «Азат» аза­мат­тық қозғалы­сы құрыл­ды. Бас­ты мақса­ты Қазақстан­ның мем­ле­кеттік еге­мендігін алу бол­ды.

1991 жы­лы «Азат» аза­мат­тық қозғалы­сының пар­ти­ясы құрыл­ды.

Жас­тар өздерінің са­яси қозғалы­сы «Алаш» па­ри­ясын құрды.

1991 жы­лы Қазақстан со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы құрыл­ды.

1990 жы­лы ұлта­ралық «Единс­тво» қозғалы­сы құрыл­ды. Қозғалысқа ғылы­ми-тех­ни­калық ин­телли­ген­ция өкілдері кірді.

Осы кез­де «Жел­тоқсан» пар­ти­ясы құрыл­ды. Бұл пар­ти­яның құра­мына 1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасы­на қатысқан­дар кірді.

1989 жы­лы «Әділет» қоғамы құрыл­ды. Қоғам­ның негізгі мақса­ты ұжым­дасты­ру кезіндегі ашар­шы­лық, ста­линдік реп­рессия шын­дығын ашу бол­ды. Бұдан басқа Қазақстан­да «Аза­мат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсыл­мандар әйел­дер ли­гасы» сияқты қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар құрыл­ды. 1990 жы­лы Қазақстан­да 100-ден аса қоғам­дық-са­яси қозғалыс бол­ды. Ал­ма­тыда ғана 40-қа жуық са­яси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кез­де Қазақстан­дағы көпте­ген қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар әлсіз және қалып­та­су кезінде бол­ды. «Не­вада-Се­мей», «Қазақ тілі» сияқты қоғам­дық қозғалыс­тар бірша­ма мықты, көпте­ген мүше­лері мен белгілі дәре­жедегі қар­жы­лық қор­ла­ры бар ірі қозғалыс­тар бол­ды.

1990 жы­лы Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы құра­мын­да 800000-ға жуық мүше бол­ды. Осы кез­ден бас­тап ком­партияға де­ген ха­лықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай ком­партия бе­делінің түсуіне ай­тар­лықтай әсер етті. 1990 жы­лы ком­партия мүше­лерінің 42%-ы өз еркімен пар­тия қата­рынан шықты. Осы жы­лы пар­тия мүше­лерінің қата­ры 49000-ға кеміді.

90 жыл­дардың ба­сына қарай Қазақстан­да бұрын пат­ша үкіметінің қол­шоқпа­ры жа­зала­ушы күші болған ка­зак­тар ұйымы пай­да бол­ды. 1991 жы­лы 15 қыркүйек­те Орал қала­сын­да ка­зак­тар пат­ша үкіметіне қыз­мет етуінің 400 жыл­дығын ме­реке­ле­уге шешім қабыл­да­ды. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен са­нас­паған­дықтың дәлелі. «Азат», «Жел­тоқсан», «Па­расат» қозғалыс­та­ры бұл әре­кет­ке ашық түрде қар­сы шықты. Жап­пай қақтығысқа ұла­са жаз­даған бұл әре­кет жоғары­да аталған қозғалыс­тар мен құқық қорғау ор­ганда­рының ара­ласу­ымен тоқта­тыл­ды.

«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып танылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек».

Н.Назарбаев.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Бүгінгі қазақ жерінде көп тілді халықтар бейбіт өмір сүріп келеді. Кез келген ұлттың тілі – аса қасиетті де, қадірлі, құрметтерге лайық, бірақ мемлекеттік тілді білмеу, ұмыту, менсінбеу, сөйлемеу, қорлау – аса үлкен қателік. Мемлекеттік тілімізді сақтау, құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз. Тіл – адам баласының баға жетпес құралы. Өмірдің, қоғамның, ғылымның қай саласын тілге тиек етсек те, солардың тұспалды, мағыналы тұстарын санаға айқын, нақты жеткізуде қазақ тілінің алатын орны зор.

Біздің ауданда мемлекеттік тіл­дің мәртебесін көтеру мақсатында ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әр түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады. Атап айтсақ, өзге этнос өкілдері арасында «Шырқа, көп үнді тіліміз!», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мемлекеттік тіл – айбыным», «Мемлекеттік тіл - мем­лекеттік қызметте» аудандық бай­қаулары, орыс сыныбындағы қазақ балалары арасында «Ана тілі аруы» «Ана тілі сұлтаны» байқауы, М.Мақатаев атындағы жыр байқауы, «Өлең – сөздің данасы...» атты Бұқар жырау оқулары, «Тіл білімінің атасы» А. Байтұрсынов атындағы байқау, т.б. өтті. Бұл байқаулардың мәні өте зор.

Менің ұлтым шешен болса да, мемлекеттік тілде сөйлей де, жаза да аламын. Репертуарымда қазақ әндері көп. Ән айтқанда әр сөзді қатесіз айтуға тырысамын және ол сөздің мағынасына ерекше мән беремін. Қазақ халқының ұлттық киімдері де неткен әдемі десейші! Қазақстанда туып - өскенімді мақтан тұтамын.

Мемлекеттік тілімізді игеруге табандылық танытып, баға жетпес байлығымызды қастерлеп, жетік меңгеріп қана қоймай, мақтан тұтып, әрі қарай дамуына үлес қосу – Қазақстанның әр азаматының парызы екенін естен шығармайық, ардақты ағайын!



91 )Қазақстандағы экология

Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйі мен проблемаларыҚазақстандағы тəуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының жəне қалыптасуының, ҚазақстанРеспубликасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған жəне аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жəне дəйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан əзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы əзiр бола қойған жоқ əрi ол

бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк əрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сəуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау жəне сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мəселелерi қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, əлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаттары Мемлекеттiң экологиялық қауiпсiз дамуы мынадай қағидаттарға негiзделедi: табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкiндi шектерiн айқындайтын жəне қоршаған ортаны сапалы теңгермелi басқаруды қамтамасыз ететiн шектеулердiң, нормативтердiң жəне шаруашылық əрi өзге де қызмет жүргiзу ережелерiнiң ғылыми- негiзделген кешенiн енгiзу жолымен мемлекеттiң тұрақты дамуы үшiн барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелiк тəсiл; экологиялық қауiпсiздiктiң өңiрлiк жəне жергiлiктi мiндеттерiнiң экологиялық қатерлердiң алдын алудың жаhандық жəне ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы; қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтiрiлген залалды өтеудiң мiндеттiлiгi (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейдi); өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелiгi (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары); шаруашылық жəне өзге де қызметiнiң қоршаған ортаға əсерiн одан кейiнгi экологиялық жəне санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың мiндеттiлiгi; халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы; халықаралық ынтымақтастықтағы əрiптестiк жəне халықаралық құқық нормаларын сақтау.

92) Қазіргі кездегі этникалық және демографиялық жағдай

Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі

көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.

Олар:

1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;



2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы

(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);

3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).

Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 2/3 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 1/2 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.

Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 9/10 бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.

Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.

Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.

Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады. Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.

Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.

Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.

Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет