1.Жеделдетілген экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы
2.Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат
3.2020 Стратегиялық жоспары -көшбасшылыққа қазақстандық жол
3.1 Экономиканы әртараптандыру - табыс кілті
3.2 Сауатты сауда саясаты - экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау
3.3 Инвестициялар тарту
3.4 Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші
3.5 Отандық тауарлар - 2020 Жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы
3.6 Өңірлердің дамуы - елдің дамуы
3.7 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары
4. Адам - елдің басты байлығы
4.1 Білім беру
4.2 Денсаулық сақтау
4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау
4.4 Ардагерлерге қамқорлық
4.5 Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат
5. Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы
6. Сыртқы саясат
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында аналар мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету жайында республикалық штабтың жұмысы жалғасуда.
1. 2010 жылдың 1 тоқсаны ішінде 3 отырыс:
№ 1 отырысы 2010 жылы 1 ақпанда 2009 жылдың қорытындысы бойынша өңірлер мен Астана және Алматы қалаларының барлық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттері төрағаларының қатысуымен;
№ 2 отырысы 2010 жылы 19 ақпанда 2010 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша барлық өңірлермен селекторлық мәжіліс;
№ 3 көшпелі отырысы 2010 жылы 17 наурызда Атырау облысы өңірлік штабтың барлық мүшелерінің, облыс және аудан әкімі орынбасарларының, бас дәрігерлердің қатысуымен 2010 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша барлық өңірлермен селекторлық мәжіліс өткізілді.
2010 жылға арналған аналар мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету туралы қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарының барлық тармағының орындалуы және бақылау туралы денсаулық сақтау басқармаларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
Алдын ала көрсеткіштер бойынша ана өлім-жітімі көрсеткіші 2009 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындылары бойынша 100 мың тірі туған балаға 35,9, 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,2-ні құрады. Ақтөбе (110,9), Жамбыл (98,9), Шығыс Қазақстан (54,2) және Оңтүстік Қазақстан (53,6) облыстарында 2 ай ішінде ана өлім-жітімінің көрсеткіші аса жоғары деңгейде байқалады.
Ана өлім-жітімінің себебі құрылымында бірінші орында жүктілік пен босанудың асқынуларымен байланыссыз экстрагениталдық дерт, ол 55,6%-ды құрап отыр.
Жүктілікпен, босанумен және босанудан кейінгі кезеңмен тікелей байланысты себептер (3) 33,3% құрайды, соның ішінде акушерлік қан кету (1) 11,1%, акушерлік эмболия (1) 11,1% және акушерлік сепсис (1) 11,1%.
Аборттар (1) 11,1%-ды құрайды.
Республикада алдын ала көрсеткіштер бойынша 2010 жыл қаңтар-ақпан айларында нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші тірі туылған 1000 нәрестеге шаққанда 18,9-ды құраған, 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,0-ды құрады.
Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден жоғары екендігі Қызылорда (24,7), Жамбыл (22,5), Қостанай (21,5), Оңтүстік Қазақстан (21,5), Шығыс Қазақстан (19,5), Қарағанды (19,3) және Ақтөбе (19,2) облыстарында байқалды.
Нәрестелер өлім-жітімінің себебі құрылымында негізгі орынды перинаталдық кезеңнің кейбір жағдайларынан шетінеу – 53,5%, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға төмендеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев еңбектері
«Қазақстанның Егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж.)
Бұл еңбектің маңызы: тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды. Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды. Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
«Ұлт өзінің мемлекетінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…. Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың – қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап осылай етіледі де».
«Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» (1993 ж.)
Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру тәсілі. Идеология – әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. Идеология мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады. Маңызы: Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.
«Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.)
Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.
«Тарих толқынында» (1999 ж.)
«Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі. Маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады.
«Сындарлы он жыл» (2003 ж.)
Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы
1997 жылғы қазан – Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
Реформаларды аяқтау.
Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
«Қазақстан барысын» қалыптастыру
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды.
Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
Ұлттық қауіпсіздікті сақтау
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс.
XXI ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа» ұшырайды.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудың міндеттері:
Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.
Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу.
Әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру.
Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.
Қазақстан – өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.
Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
Үкіметтің сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жою.
Жекешелендіру процесін аяқтау.
Орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты орындастыру.
Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет. Алдағы міндет:
Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.
Инвестицияларды тарту.
2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салаларға көңіл бөлу қажеттігі баса көрсетілді:
Ауыл шаруашылығы;
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;
Туризм;
Тұрғын үй құрылысы;
Инфрақұрылым жасау.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:
Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.
Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.
Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.
Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:
Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.
Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.
Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау.
Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.
Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.
Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.
Инфрақұрылым, көлік пен байланыс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.
Теміржол
Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – теміржол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:
Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, Транспорт магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.
Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай участкесін нығайтуды аяқтау.
Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру.
Автомобиль жолдары
Жеке меншік магистаральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.
Әуе көлігі
Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру.
Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.
Су көлігі
«Ақтау» айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту.
Байланыс және телекоммуникациялар желілері
- Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру (балаларға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын тарату).
- Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.
Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:
Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.
Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.
Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.
Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:
Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
Ведомствоаралық үйлестіру.
Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
Орталыққа тәуелділікті жою.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетілді.
Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.
Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.
Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.
Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.
Жетекші фактор – адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш қуаты, табандылығы, білім-білігі.
Ауыл шаруашылық жерлері.
Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.
Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.
Қазақстанның сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктері:
Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайы.
Шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуі.
Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс прцесі.
Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:
Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.
Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.
Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.
Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорлануының баяулауы.
Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.
Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.
Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.
Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың. Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.
2030 жыл – Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
Достарыңызбен бөлісу: |