1. Қазіргі қоғамдағы музей рөлі



бет4/10
Дата21.09.2023
өлшемі37,76 Kb.
#181844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нұртаза Қанат 17-20 билет

Билет №18
1. Мұрағат қызметкерлерінің бірінші бүкіл ресейлік конференция мен оның Қазақстандағы мұрағат саласындағы атқарған рөлі.
Қазақстанның алғашқы астанасы Орынор қаласы әр уақытта орыс-қазақ тарихының маңызды құжаттары сақталды. Мұрағат жүйесінің әлсіздігі (1921 жылы екі-ақ мұрағат жұмыс істеді, Семей мен Орынборда), кадрлардың аздығы, мұрағат істерін жаппай құрту, Қазақ АССР-нің Халық Комиссарлар Кеңесі барлық мекемелерге мұрағаттарды құрту мен сатуға тиым салу туралы циркулярлы хаты маңызды болды. Хатқа Қазақ АССР-нің Халық Комиссарлар Кеңесінің мүшесі С.Сеейфуллин қол қойды, онда "тарих, археология, этнография және тағы басқа ғылыми маңызы бар құжаттардың сақталуына, жойылуына көптеген тиым салуына қарамастан осы күнге дейін мұрағат құндылықтары дұрыс сақталмай отыр, оларды Қазақ АССР-нің Орталық Өлкелік мұрағаттарымен келісілместен сатылды"-делінген. Мұрағат құрылымның қалыптасуына партия органдары тікелей белсенділік танытты. Осыған орай XIII-XV съездерінде партияның өз ішіндегі тартыс В.И.Лениннің өлімне қатысты күшейе түсті. К.Маркстің-Ф.Энгельстің институттарының идеологиялық орталығы болып саналатын партия орталығы, тарихи зерттеулер үшін документальді база құру көзделді. XIII съезде коммунист партияның және Қазан революциясының тарихына қатысты ғылыми жұмыстарды жариялау туралы қаулы қабылданды. Қазақстандағы мұрағат құрлысын РСФСР мұрағат мекемелері өз бақылауына алады. Осы мекемелер мұрағат ісінің ұйымдастырылуы мен оның дамуы үшін көптеген жұмыстар атқарады. Қазан төңкерісіне дейінгі қорлардың шоғырлануына, есептелуіне, одақтас және автономиялық республикаларда ғылыми ұйымдастырылған мемлекеттік мұрағат жүйесін құру мәселелері көтеріледі. РСФСР мен Қазақ АССР-дегі мұрағат құрлысының мәселелерін шешу үшін бірінші Ресейлік мұрағат қызметкерлерінің конференциясы шақырылды. Конференция 1921 жылдың 29 қыркүйек және 3 қазан аралығында өтті. Бұл конференцияға Мәскеу университетінің өкілдері қатысты. Бағдарламада: мұрағат ісінің басқармасының жақын арадағы шешулерін табу мәселелері, жергілікті жердердегі мұрағат ісін ұйымдастыру, РСФСР мемлекеттік мұрағаттарда тарихи-мәдени секциялар ашу, басмұрағат пен оның органдарын құжаттармен толықтыру мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар мұрағат ісін шектемеу туралы мұрағат терминологиясын, кітапханалар мен мұражайлардың ғылыми зерттеу жазбалары, мұрағат көрмелері мұрағат ісін насихаттау, мұрағат жанында мұражай ашу, ғылыми мұрағаттық экспедициялар, мұрағат және археологиялық институттар құру жөнінде баяндамалар тыңдалынды. Бұл конференция қызмет істеп тұрған мұрағат мекемелерінде мұрағат ісін ұйымдастыруға байланысты мәселелерге назар аударды.
2. Алматы қаласының кітап музейі:
Республикалық кітап мұражайы – мәдени мекеме. Онда Қазақстанның ғылымы мен мәдени жетістіктерін насихаттайтын, кітап және полиграфия мәдениетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштерінің қоры сақталады. Музей 1978 жылы Алматы қаласында ашылған. Мұражайдың 6 залында республикадағы кітап шығару ісі мен осы заманғы баспа жұмысының қалыптасу және даму тарихы қамтылған. Мұражай экспонаттарының ішінде ғұлама ғалымдар Әбу Наср әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Х.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, М.Қашқаридың сирек кездесетін еңбектерінің фото-көшірмелері ретімен орналастырылған. Сондай-ақ 17–19 ғ-ларда жарық көрген кітаптар арасында Ш.Ш.Уәлихановтың, Абайдың қайтыс болғаннан кейінгі жарық көрген басылымдары, тұңғыш жарық көрген әліппеден бастап, осы заманғы ғалымдар мен ақын-жазушылардың көп томдық шығармаларына дейін қойылған. Мұражайдың екі залы Қазақстандағы полиграфия және кітап басып шығару ісінің тарихына арналған. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі ғыл.-көмекші тех. құрал арқылы карта, схема, панорамаларды, диаграммаларды түрлі түсті жарықпен бейнелеп көрсетеді. Мұражай қорында 35 мың, оның ішінде сирек кездесетін 5 мың экспонат бар, олардың негізгі бөлігі кітаптардан, фотосуреттерден, көркем және ғыл. мәні бар материалдардан тұрады. «Дүние жүзінің мұражайлары» атты анықтама көрсеткіштің каталогына енгізілген.
3. Қазақстан аспан асты музейлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет