1. Қазіргі қоғамдағы музей рөлі


Қазір электрондық құжаттар бойынша жұмыс жүргізу ісінде мынадай проблемалар бар



бет9/10
Дата21.09.2023
өлшемі37,76 Kb.
#181844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нұртаза Қанат 17-20 билет
ôèçèî1, СРСП-1, Биология 7-СЫНЫП 2-тоқсан ӨЗІМНІҢ, Мінездеме үлгісі, Презентация (2), қымбат презентация
Қазір электрондық құжаттар бойынша жұмыс жүргізу ісінде мынадай проблемалар бар: электрондық құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстарды нормативтік-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету деңгейі ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету деңгейінен артта қалып келеді. Атқарушы билік органдарындағы электрондық құжаттар бойынша жүргізілетін жұмыстарға қолданылатын техникалық жабдықтардың әр тектілігі. Басқару органдарындағы құжаттаманы басқару ісін автоматтандыру жөнінде қолданылатын бағдарламалық құралдардың әр түрлілігі. Құжаттарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен құжаттарды мұрағаттық сақтау ісінің ұштаспауы.

Билет №20
1. І.Есенберлиннің тарихи музейі:
1999 жылдың 24 желтоқсанында Атбасар қаласы әкімшілігінің, жазушы отбасының белсенді қолдауымен І.Есенберлиннің әдеби музейінің салтанатты ашылуы болды. Музей экспозициясында жазушының жеке заттары, фотоқұжаттары, отбасылық фотосуреттері, кітаптары қойылған, кабинет интерьері жаңғыртылған. Музей қорында бірегей жазба – жазушының шынайы дауысы, «Мұхитты өткен қайық» кітабының қолжазбасы, сонымен қатар белгілі қазақстандық жазушылардың қолтаңбалары бар кітаптар топтамасы сақталған.

  • 2015 жылы жазушының 100 жылдығына орай меретойлық іс-шаралар өтті. Атбасар қаласының орталық алаңында Ілияс Есенберлинге ескерткіш (авт. И.Л.Седлецкий) қойылып, І.Есенберлиннің әдеби музейінің жаңа экспозициясы ашылды, «Ұлтжанды қаһарман қаламгер» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

  • Сонымен қатар, жазушының 100 жылдығына орай Әдеби музей Франфурт-на-Майнеде (Германия) өткен «BOOKMESSE» Халықаралық кітап көрмесіне қатысты.

  • 2018 жылы ҚР Ұлттық музейінде мәдениет қызметкерлері күніне орай қызметкерлердің бірінші фестивалі аясында І.Есенберлиннің әдеби музейі «Аудандық маңызы бар үздік мемлекеттік музей» атағына ие болып, 500 000 тг. сомасында сертификат алған болатын.

2. 1918-1920 нормативті құжаттар мен заң актілері:


1918 жылы 1 - маусымда В.И.Ленин қол қойған РСФСР ХКК-ң Oреорганизации и централизации архивного дела декреті мұрағат ісінің қалыптаса түсуіне шын мәнінде зор септігін тигізгенді. Қабылданған декрет бойынша революцияға дейінгі мұрағат мекемелері патшалық кездегі мекемелер ретінде жойылуы тиіс еді. Сонымен қатар, ондағы ғана құжат материалдарын сақтап қалу да қажет болды. Бұл сияқты маңызды істер республикадағы кеңестік мұрағат органдарының құрылғанынан кейін шешілді. Мұрағат ісіндегі негізгі атқарылатын шаралар мемлекет тарапынан жүргізілді. Үкімет мекемелерінің құжаттары біртұтас мұрағат қорын кұрады, оған кеңес дәуіріне дейінгі мемлекеттік билік органдарының құжаттары да келіп түседі, сонымен қатар бұған 1917 жылы 25 қазанға шейін атқарылған істердің қағаздары, кеңестік үкіметтік мекемелердің материалдары да түсіп отырды. Екіншіден, барлық мұрағат мекемелерін орталықтандыру мәселесі де көтерілді. Аталмыш шара төмендегідей мәселелердің бүге шігесін шешетін еді: біртұтас мұрағат саясатын жүргізу, мұрағатты мұрағат басқармасының орталық органына өткізу. Осындай жұмыстарды атқару арқылы мұрағаттың сақталуын қамтамасыз етуге болатын еді, яғни жоғалудан сақтау, есеп жүргізу, реттеу, сонымен қатар мұрағат құжаттарын іс жүзінде пайдалану істері шешілер еді. 1919 жылы 31 наурызда РСФСР ХКК басшылығымен Губерниялық мұрағат қорлары туралы атты ереженің бекітілуі, 1923-25 жж . мұрағаттарды жүйелендірудегі маңызды орын алған іс болды. Губерниялық калалар және уездердегі барлық мұрағаттар мен іс жүргізу. 1918 жылы қабылданған декрет бойынша жүргізіліп келді де, республикадағы біртұтас мұрағат қорын құрады. 1920 жылдың ортасында мұрағаттарды ұлттандыру кезінде ғасырдағы, яғни ХІХ ғасырдағы көрнекті жазушы, суретші, композиторлардың мұрағатына деген жеке меншіктерді жойған акт маңызды рөл атқарды, онда кітапханаларға, музей мұрағаттарына өткізген жария құжаттарға (қайтыс болып кеткен жазушылардың бір-біріне жазған хаттары, қолжазбалар) мемлекет үшін ешқандай шектеушілік қойылмайтындығы, оларды қайта басу құқығы мемлекетке жүктелегендігі анық көрсетіледі. Қазақстанда РСФСР-ң құрамындагы автономиялы республика болғандықтан сол кабылдаған декреттерге бағынды да, осы заңнамалық құжаттар негізінде ез мұрағат мекемелерін құрды. Мұрағаттар қажетіне азды-кемді қаражаттар да бөлінді. Бас мұрағат басқарушының жұмыстары кейіннен Халық ағарту комиссариатына өткізілген еді. Бұған байланысты алғашқы қадамдардың бірі Орталық өлкелік мұрағаттағы Орынбор - Торғай мұрағатын қайта құру болды. РСФСР - дағы орталық мұрағат мекемелерінің үлгісі бойынша секциялар ұйымдастырылды . Халық ағарту комиссариаты Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми бөлімді қайта ұйымдастыру мәселесі қаралады. Ғылыми белімді кайта кұру негізінде мұрағатты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, бас мұрағат басқармасы, музей басқармасы және мұрағат жұмысына жетекшілік жасайтын ғылыми бөлім құрылады. Мұрағат деректерінің негізінде Қазақстан тарихы бойынша материалдар жинастырылуы, өңделуі керек болды. Сонымен қатар Орынбор қаласында өлкелік мұрағат кұру жөнінде жұмыс жүргізілді оған ғимарат табу өте қиын болды.
3. Архивтерді басқару функциялары:
Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысынан қарастырып көре аламыз: Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңдарына сәйкес әзірленді. Істерді, құжаттарды сақтауға қабылдау тәртібіне келетін болсақ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет