1 басылым 18. 09. 2013ж беттің -сі


-дәріс. Көліктік түйіннің ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы



бет2/5
Дата05.06.2017
өлшемі0,83 Mb.
#17914
1   2   3   4   5

8-дәріс. Көліктік түйіннің ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы
Дәріс жоспары:

1. Көліктік үрдістің технологиялық тізбегі

2. Иерархияның төменгі баспалдағы

3. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі


Қазіргі заманғы көліктік түйіннің жұмыс режимдерін оқып – біле келе, оның өзара байланысқан ішкі жүйелерінің бағыныштылықтарын орнатуға болады. (2-сурет).

Типтік технологиялық бөлімдерден тұратын, көліктік үрдістің технологиялық тізбегінің анықталған бірлігі түйінді ішкі жүйелерге бөлуде негіз болып қызмет ете алады.



Иерархияның төменгі деңгейін белгілі бір техникалық жабдықталған типтік үрдістер мен басқарудың жергілікті жүйелері құрайды. Жергілікті ағындарды қызмет ету бойынша ішкі жүйенің төменгі деңгейі келесі түрде көрінуі мүмкін: қалыптастыру станциясы – жүк станциясы – жүретін жол – кәсіпорынның түсіру орны; қалыптастыру станциясы – вагоннан түсіру орны – конвейер – бункерлік сиымдылық - кәсіпорынның түсіру орны (3-сурет.) Жергілікті ағындар келген қызмет ету ішкі жүйесінің технологиялық тізбектерінің варианттары 4- суретте көрсетілген. Алыстан келетін жолаушылар ағынына қызмет ететін жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі: жолаушылар станциясы – вокзалдағы алаң – қалалық жолаушылар көлігі. Қалған барлық төменгі деңгейдегі ішкі жүйелер және жолаушылар ағынына қызмет ету бойынша қалған категориялар көліктік түйінде осыған ұқсас қалыптасады.



2-сурет. Көліктік түйіннің негізгі ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы:

Гр—жүк; Тр—транзитке қызмет көрсету бойынша; П—жолаушылар; М—жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша; ДМ—алыс және жергілікті жолаушылар ағынына қызмет көрсету бойынша ішкі жүйе; Прсол сияқты, қала сыртындағы; Трс — аралас көлік ішкі жүйесі (бірнеше түрдегі көліктердің қатысуымен): Tpбn— қайта өңдеусіз көлік; Трсп — сол сияқты, қайта өңдеумен; ТР—бір түрлі көлік шеңберінде транзитті жолаушыларға қызмет көрсету бойынша; ПР, О—Келу және жөнелту ішкі жүйелері.



3-сурет. Келген жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша өзара байланыстың құрылымдық сызбасы.

ППқабылдау паркі; ПС—сұрыптау паркі; ПОжөнелту паркі; ГСжүк станциясы; n/п жүретін жол; ФВ темір жол көлігінен түсіретін орын; ФВП— кәсіпорынның түсіру орны; ГД—жүк ауласы; ОБбагажды жөнелту.



4-сурет. Келген жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша өзара байланыстың құрылымдық сызбасы.

РСС—ауданнық сұрыптау станциясы; РПаудандық парк; РБ—бөліп тұрушы база.

Ранглік корреляцияның статистикалық әдістері көмегімен ТМД-ң экономикалық аудандары бойынша халық саны және көліктік түйіндер арасында жоғары дәрежедегі корреляциялық тәуелділікті айқындалды. Спирмэн корреляциясы коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

(1)

Мұнда, п —объектілер саны (экономикалық аудандардың); d — қарастырылатын рангтар айырмасы

Экономикалық аудандағы халықтың жалпы санының үлесі мен оның көліктік түйіндері үлестерінің арасындағы көптеген рангтық сәйкессіздігі (айырма) Балтика жағалауындағы (d=—10) және Орта азиялық (d=+10) аудандарда байқалады. Сондықтан да, егер осы аудандарды қарастырмаса, халықтың жалпы санының үлесі мен оның көліктік түйіндері үлестерінің арасындағы рангтық корреляция коэффициенті әлдеқайда жоғары болып табылады: p1=0,84.

Көліктік түйіндерді орналастыру мен халықты орналастыру арасындағы рангтық корреляцияның жоғары коэффициенті олардың өзара байланысын көрсетеді, ол халық пен көліктік түйіндердің тең шамада орналасуын әлдеқайда жоғары шамада басқарады. Қазіргі уақытта түйіндерді орналастыр мен экономикалық аудандар ауқымы арасында рангтық корреляция байқалмайды 2 = 0,09), бұл 100 мың. км2 территорияда түйіндер санының ауытқуын (0,4—27,4) дәлелдейді.

Көліктік түйіндерді екі топқа бөлуге болады: 1) шектеулі капиталда және шектеулі құрылыс бағдарламаларында халық шаруашылығы талабын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар, қалыптасқан түйіндер; 2) қалыптасу кезеңінде болатын, түйіндер.

Бірінші топтағы түйіндердің дамуы қаланың көлемді және көлемді емес территориялық дамуымен іске асуы мүмкін.



Қаланың көлемді емес территорияда дамуындағы көліктік түйіннің жаңартылуы (реконструкция) іргелі құрылыстың болуымен күрделенеді, себебі тарихи қалыптасқан түйіннің жоспарлау сызбасын бекітеді. Мұндай жағдайда пайда болған «каркасты» максималы түрде қолдану қажет.

Қала территориясының көлемің үлкен болған жағдайда көліктік түйінді жаңарту әлдеқайда күрделі болып табылады. Қайтадан өңделіп жатқан аудандарда көлік құралдарын орналастыру брондалған территория жүйесін құруға әкеліп соғады.

Қаланың көліктік түйіндер бар бөліктерінде түйіндердің негізгі элементтерінің пропорциясының дұрыс болуын қадағалау қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Иерархияның төменгі баспалдағы қалай қалыптасады?

2. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі қалай қалыптасады?

3. КТ қалай орналасады?
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта

9-дәріс. Өзара әрекеттесу үрдістерінің негізгі сипаттамалары

Дәріс жоспары:

1. Детерминделген және стохастикалық үрдістер

2. Ағын жылдамдығына байланысты көліктік үрдістерді бөлу

3. Орта жылдамдық үрдістері

4. Баяу жүретін жылдамдықтар


Әртүрлі көліктердің барлық өзара қарым-қатынастары детерминделген, стохастикалық және олардың үйлесуі деп бөлінеді. Анықталған шамалар анықталған заңдылықтарға байланысты өзгеретін үрдіс, ал көліктік үрдістің шығуы алдын-ала белгілі болатын, детерминделген деп аталады. Мысалы, станцияға поездардың келуі, поездардың график бойынша қозғалысы.

Анықталған шамалардың өзгеруі кездейсоқ болатын үрдіс, ал ол өтетін шарт анықталмаған элементтерді қамтуы мүмкін, яғни алдын-ала белгілі емес, стохастикалық деп аталады. Мысалы, жүк поездарының сұрыптау станцияларына келуінің аралығы, олардың ұзындығы, массасы, жүру уақыты және т.б.

Күрделі жағдайда орналастыру заңдарын алу мүмкін емес, себебі қатарды тұрғызу үшін статистикалық тұрақтылықпен болатын сәйкес мәліметтердің жоқтығынан; технологияның перспективалы өзгеруінің сипатының және түйіндер мен олардың элементтерінің жұмыстарының режимдерінің азықсыздығынан; көліктік түйіндердің жабдықтарының перспективалы конструкциялары бойынша қажетті мәліметтердің жоқтығынан (мысалы, ақырындатқышқа енудің максималды жылдамдығы) және ұйымдастырушылық сипаттағы параметрлерді анықтайтын қатарлардың болмауынан (поездарды перспективаға жоспарлаудағы кызметтер саны);





5-сурет. Көліктік түйінде болатын үрдістердің жалпы сызбасы, және олардың түйін параметрлерімен, ішкі жүйелермен, элементтермен байланысы.
Көліктік үрдістер жүру жылдамдығына байланысты ақырын жүретін, орташа жылдамдықтағы және жылдам жүретін деп бөлінеді. (Сур 5.).

Жылдам жүретінге оптимизациясы оперативті жоспарлау және басқару жүйелері көмегімен іске асатын үрдістер жатады

Орташа жылдамдықтағы үрдістер екі уақытша деңгейді қамтиды:



  1. Жылдық немесе мезгілдік, көліктік түйіннің жұмысын бір жылда немесе мезгілде сипаттайды.

  2. Айлық немесе апталық

Ақырын жүретін үрдістер уақытша деңгейді қамтиды:

  1. Перспективалы, көліктік түйіннің болашақта дамуын болжайды (20-30 жыл). Бұл деңгей ең маңызды және ең анықталмаған болып есептеледі. Осы аралыққа көліктік түйіндерді болжау әлеуметтік факторларды талап етеді, себебі көліктік түйіндердің перспективалы дамуын қалалардың, өндірістердің дамуын және адамдардың санын есептемей мүмкін емес;

  2. 5-15 жылға жоспарлау;

  3. Қарастыратын көліктік түйіннің дамуын 2-5 жылға жоспарлау және болжау.

Ақырын жүретін үрдістерді оптимизациялау ұзақ мерзімді болжау және жоспарлау жүйесі бойынша іске асады, олар келесілерді қамтиды:

Ғылыми-техникалық үрдістердің әсерінен техникалық үрдістердің қазіргі заманғы заңдылықтардан перспективалы заңдылықтарға өту әдістерін дайындау;



Көліктік түйіндер құрылымының ары қарай даму жолдарын (әртүрлі жылдам жүретін жолаушылар көлігін қолдану, жұмыстың перспективалы технологиясын жайында, жаңа шешімдер қабылдау және т.б.)

Көліктік түйіндерді басқарудың орталықтандырылған жүйесін құрастыру (автоматтандырылған).

Максималды тиімділікті және жоғары санмен болатын нәтижені қамтамасыз ететін түйін қызметтері режимдеріне әркет ету тәсілдерін алу үшін, жалпылама параметрлерді тағайындау керек. Өзара әрекет үрдістерін сипаттауда параметрлердің үш тобын тағайындауға болады:

Көліктік түйін параметрлері (Lт), оған жататындар:

  • Түйіндегі өзара қатынаста болатын көліктер саны;

  • Жеке ішкі жүйелермен орындалатын, типтік технологиялық тізбектер саны (звенолар): транзитті жүк лектеріне және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша технологиялық тізбек; көліктің бір түрі шеңберінде орын ауыстыратын жолаушыларға қызмет көрсету; өндіруші қоймаларынан тұтынушы қоймаларына жүктерді жеткізу; қозғалмалы составтың техникалық жағдайын бақылау, тұрып қалуы және жөндеу бойынша технологиялық тізбек;

  • Көліктік ішкі жүйелермен орындалатын типтік технологиялық тізбек саны: жолаушылардың көліктің бір түрінен екіншісіне орын ауыстыруларына қызмет көрсету бойынша технологиялық тізбек; түйіндегі өзара қарым-қатынаста болатын әртүрлі көлік түрлері арасында жүктерді жеткізу бойынша технологиялық тізбек;

  • Фазалар саны (егер элементтердің немесе ішкі жүйелердің жекелеме топтары бірінен кейін бірі жұмысқа кіріссе, жүйені көп фазалы дейді, мысал 6 суретте көрсетілген);

  • Фазалар және ішкі жүйелердегі элементтер арасындағы байланыстар саны,



6-сурет. Көліктік түйіндегі қызмет көрсетудің көп фазалы жүйелерінің мысалдары.
Элементтер параметрлері (Lэ): егер сұрыптау станциясы элемент болып табылса, онда оның негізгі параметрлері қайта жаңарту мүмкіндігі, жол тораптарының қуаттылығы және т.б. Егер келу паркі элемент болып табылса, онда оның параметрлері – жолдар саны, олардың қосылу сызбалары, жолдың толық және пайдалы ұзындығы, т.б.

Енетін және шығатын көлік лектерінің параметрлері (), оларды түйіндерді есептеуде негізгі топта көрсету керек. Жалпы жағдайда көліктік түйін көп параметрлі, көп номенклатуралы, біртекті емес лектерге қызмет көрсетеді. Көліктік лектің негізгі параметрлеріне жататындар: уақытша біркелкіліксіздік (тәулік ішілік, апта ішілік, мезгілдік және өндіріс көлемінің басқа да ауытқуларынан болады); өндірістік біркелкіліксіздік; лектердің интенсивтілігі және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет