1. Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және оны оқытуды ұйымдастыру


-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерден тұрады



бет3/6
Дата08.09.2022
өлшемі28,4 Kb.
#148986
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тапсырма 1

2-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерден тұрады:


1) «Сандар мен шамалар»: 100 көлемінде сандар; тура, кері және реттік санау; екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру; сандар құрамы; сандарды римше нөмірлеу; 1000 көлемінде сандарды оқу, жазу және салыстыру; тура және кері санау; сандармен амалдар орындау; көбейту және бөлу; қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері; көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті; біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі; 2; 3; 4; 5-ке көбейту және бөлу кестесі; біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту; екітаңбалы сандарды қосу және азайту; шамалар және өлшем бірліктері; өлшеу аспаптар шәкілдері; шамалар:ұзындық, масса, көлем мәндерін салыстыру; ұзындық, масса, көлем уақыт өлшемдерінтүрлендіру; монеталармен әрекеттер;
2) «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер; қосу және көбейту қасиеттері, санды 1-ге көбейту және бөлу; жақшалы және жақшасыз әріптік, сандық өрнектер; теңдіктер мен теңсіздіктер; теңдеулерді шешу; күрделі теңдеулер;
3) «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; бұрыштар түрлері; көпбұрыштардың жіктелуі;тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың белгілері; геометриялық фигуралардың қабырғаларын табу; периметрді табу формуласы; геометриялық фигураларды кескіндеу және салу;кесінділер мен түзулер; тік бұрыш; жазық фигуралардың моделдері; жазық фигураларды салу;геометриялық фигуралардың орнын, қозғалысын және бағытынанықтау; нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты; нүктелердіңсызықта орналасуы;
4) «Жиындар. Логика элементтері»: жиындар және оларға амалдар қолдану; жиындарды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу; сандық жиындардың жіктелуі; жиындар элементтері; жиындардың қиылысуы мен бірігуі; пікірлер; ақиқат және жалған тұжырымдар; басқатырғыштар; логикалық есептер; тізбектер; сандар тізбектеріндегі заңдылықтар; заттар комбинациялары; «үш -үштен» заттар комбинациялары;
5) «Математикалық моделдеу»: Есептер және математикалық модель; есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу;есептерді талдау және шығару;шамалар арасындағы байланысқа есептер шығару;тура және жанама сұрақтары болатын есептер;екі амалды есептер; сандық өрнек түрінде берілген есептер; математикалық тіл; екітаңбалы сандардың графикалық моделі; латын алфавитінің бас әріптері; және таңбалары; деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммаларды кескіндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет