4-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Сандар мен шамалар»: көптаңбалы сандар; натурал сандар қатарында санның орны; көптаңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және дөңгелектеу; көптаңбалы сандардың разрядтік және кластық құрамы; разрядтік қосылғыштардың қосындысы; миллион; бөлшектер; бөлшектерді салыстыру; дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар;пайыз; бүтіннің бөлігін пайызбен көрсету; сандармен амалдар орындау; бөлшектерді қосу және азайту; көбейту мен бөлудің қасиеттері; натурал сандардың жіктелуі; көптаңбалы сандарды қосу және азайту; калькулятор көмегімен есептеулер; 10, 100, 1000-ға бөлу; сандарды көбейту және бөлу; санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге көбейту және бөлу; көптаңбалы сандарды қалдықпен бөлу; аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға түрлендіру; пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру; шамалар және өлшем бірліктері; шамаларды өлшеу, салыстыру және өрнектеу; шетелдік және ұлттық валюта, олармен әрекеттер;
2) «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер; өрнектерді құрастыру; бірнеше айнымалысы бар өрнектер; бөлшектердің қосу мен азайту алгоритмі; бөлшектің негізгі қасиеті; бөлшектері бар өрнектерді салыстыру; жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі; қуып жету қозғалысы мен бір бағыттағы қалып қою қозғалысына байланысты формулалар; сандарға қалдықпен бөлу формуласы; теңдіктер мен теңсіздіктер; теңдеулер; қос теңсіздіктер; теңдеулерді шешу;
3) «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; тікбұрышты үшбұрыш, куб, тікбұрышты параллелепипед және оның элементтері; үшбұрыштардың жіктелуі; тікбұрышты параллелепипедтің көлемі; фигуралардың аудандары; геометриялық фигураларды кескіндеу және салу;перпендикуляр түзулер; симметрия осі; симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар; бұрыштың градустық өлшемі; пирамида, цилиндр, конустың жазбасы; нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты; нысандардың қозғалыс сызбалары; бастапқы орын және бағыт;
4) «Жиындар. Логика элементтері»: жиындар және оларға амалдар қолдану; жиындар арасындағы қатынас; жиындардың қиылысуы мен бірігу аймақтары; жиындардың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; пікірлер; математикалық мазмұны бар тұжырымдар; ақиқат және жалған тұжырымдар; логикалық есептер; тізбектер; сандар, бөлшектер тізбектеріндегі заңдылықтар; тізбектерді құрастыру; заттардың комбинациялары; комбинаторика есептері;
5) «Математикалық моделдеу»: есептер және математикалық модель;есептерді моделдеу; есептерді талдау және шығару; есептердің алгебралық және арифметикалық тәсілдері; математикалық тіл; бөлшектерді салыстыру; бөлшектермен амалдар; латын алфавитінің әріптерімен белгілеу және оқу; пайызды % символымен белгілеуді қолдану, бұрыштың градустық өлшемін 0 символымен белгілеуді қолдану; қозғалыс графиктері, сызбалары.