3-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Сандар мен шамалар»: 1000 көлемінде сандар;тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орын; сандарды оқу, жазу және салыстыру; сандардың разрядтік және кластық құрамы; разрядтік қосылғыштардың қосындысы; мыңдық; үлестер: оқу, жазу және салыстыру; сандармен амалдар орындау; бөлшектер; бөлшектерді салыстыру; санның квадраты және кубы; 1 мен 0 –дің көбейту және бөлу қасиеттері; көбейтуді ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттері; 6; 7; 8; 9-ға көбейту және бөлу кестесі;қалдықпен бөлу; кестеден тыс көбейту және бөлу;қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу; қосындыны санға көбейту; кестелік көбейту және бөлу; санның үлесі, кері амал; шамалар және өлшем бірліктері; палетка; шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру; купюралар және олармен әрекеттер жасау; сағаттар түрлері; уақытты анықтау; купюралармен әрекеттер;
2) «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер; өрнектерді құрастыру, жазу және оқу; өрнектің мәні; әріптік теңдік түрінде берілген көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері; сандық өрнектерді салыстыру, жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі; теңдіктер мен теңсіздіктер; теңдеулер; теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу;
3) «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; шеңбер мен дөңгелек, центр, радиус, диаметр; симметриялы және симметриялы емес фигуралар; тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш аудандары; құрастырылған фигуралардың периметрі; геометриялық фигураларды кескіндеу және салу; параллель және қиылысатын түзулер; шеңбер сызу; кеңістіктік фигуралардың жазбасы; кеңістіктік фигуралардың орналасуы; нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты; жазық фигурада белгіленген нүктелер;
4) «Жиындар. Логика элементтері»: жиындар және олармен орындалатын амалдар; жиындардың қиылысуы мен бірігуі; ішкі жиынтық; пікірлер; ақиқат және жалған тұжырымдар; логикалық есептер; кестелер мен графтар; тізбектер; заңдылық; тізбектерді құрастыру; заттардың комбинациялары; мүмкіндіктер тармағы;
5) «Математикалық моделдеу»: есептер және математикалық модель;есептерді моделдеу;есептерді талдау және шығару; есептің жауабын алдын ала болжау; математикалық тіл; көптаңбалы сандардың графикалық моделі; разрядтар және кластар кестесі; жиын белгілері;латын алфавитінің әріптері;амалдар компоненттерінің атаулары; деректерді жинақтау, жүйелеу, салыстыру; диаграммалар, пиктограммалар.