1 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың теориялық негіздері


Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың әдістемесі



бет4/5
Дата19.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#63046
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру

2 Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың әдістемесі




2.1 Бастауыш сыныпта оқу пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудағы білім беру мазмұнының қазіргі жай-күйі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі: 1) білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз етуші мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттары мен білім берудің оқу бағдарламалары; 2) меншік түріне, типтері мен түрлеріне байланыссыз білімдік бағдарламаларды жүзеге асырушы білім беру ұйымдары; 3) білім берудің басқару ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдары, соның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын, ғылыми және оқу-әдістемелік қамсыздандыратын өзара іс-әрекет етуші ұйымдардың жиынтығын білдіреді [4].

Білім беру жүйесінің өзгеруі негізінде білім мазмұны жаңарады. Жеке тұлғаны дамытудың және оның жалпы адами құндылықтары жинақталған мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі білім мазмұны болып табылады және білім мазмұнының жаңаруы білім берудің нормативтік құжаттары – пәндер бойынша білім стандарттары, базистік, типтік жоспарлар, пәндер бойынша дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнында көрініс табады.

Р.С.Омарова білім мазмұнының төмендегіше жетекші әдіснамалық принциптерін көрсетеді:

- интеграция принципі – ұқсас пәндерді ықпалдастыру, балалардың шаршамауына мүмкіндік беру;

- пәнаралық байланыстар принципі – оқу пәнінің мазмұнын баяндауда әртүрлі пәндерді өзара байланыстыру;

- ғылымилық және жас ерекшеліктерін есепке алу принципі – әдістемелік жүйені таңдау, оқушылардың психологиялық, физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты дамуын, жас ерекшеліктерін ескеру;

- бала тұлғасын дербес дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің деңгейлік принципі – дара жаттығулар жүйесін жүзеге асыру негізінде түрлі деңгейлік және қарапайым тапсырмаларды шығармашылықпен шешу;

- оқуда ана тіліне сүйену принципі – оқушылардың танымдық белсенділігін күшейту, ана тіліне қабілеттілігін арттыру;

- нәтижелі шығармашылық принципі – білімді қалыптастыру үдерісінде баланың шығармашылық қабілетін дамыту [61].

Республикамыз қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр. Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру сапасына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Қазіргі білім беру жүйесіне еніп отырған жеке тұлғалық, іс-әрекетті, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда.

Бастауыш мектеп тәжірибесіне интеграция курстарының нашар енгізілуінің бір себебі: бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері толық ескерілмеген және бастауыш мектептегі негізгі пәндерден біршама алшақтауы байқалады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бастауыш сынып оқушыларын артық жүктемеден құтқару үшін бұрыннан бар пәндер негізінде сол пәндерді жаңа сапада интеграциялап оқыту қажет.

2013-2014 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта бастауыш білім беру деңгейінің мазмұны «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану. Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру» сияқты 7 білім салалары арқылы беріледі. Әрбір білім беру салаларының базалық мазмұны нақты оқу үдерісін жобалауға негіз болады және күтілетін нәтижелерге жету үшін мазмұнды интеграциялауды жүзеге асыруға төмендегі кесте бойынша қарастыру қосымша мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектеседі.

Қазіргі дамыған елдердегі бастауыш білім мазмұнының ерекшелігі қоршаған дүние мен қоғамның дамуы туралы білімдердің интеграцияланған түрде болып келуінде. Бұл тәсіл көптеген елдерде мектепке дейінгі тәрбиеге, бастауыш мектеп және кіші орта мектепке, сол сияқты орта мектепте интеграцияланған курс (жаратылыстану, қоғамтану, Отантану және т.б.) түрінде енгізілген. Бұл елдердің бастауыш мектептерінде интеграциялау өлі және тірі табиғат, техника, адам, т.б. білімдерді біріктіреді.

Пәндер арасындағы кедергілерді жою үшін білімді басты объектілердің немесе тақырыптардың айналасына біріктіру қажет. Бұл үдеріс кез келген пәнді әр қырынан қарастыруға, оның барлық өзара байланысын ашуға мүмкіндіктер береді. Талдау, синтез, салыстыру, біріктіру сияқты күрделі ойлау іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын пәндер интеграциясы білім мазмұнын кең қамтуға, уақытты үнемдеуге, міндетті пәндер санын азайтуға да мүмкіндік береді.

Кесте 4 – Жалпы орта және бастауыш білім беру мазмұнын құраушы пәндер сәйкестілігі



Білім беру салалары

Білім саласының мазмұнын жүзеге асыратын оқу курстары

Оқу пәндері

1

2

3

Тіл және

әдебиет


Ана тілі

Әдебиет


Мемлекеттік тіл

Екінші тіл және әдебиет

Шетел тілі


Сауат ашу

Қазақ тілі

Әдебиеттік оқу

Орыс тілі



Математика

Математика Сызу

Математика

Жаратылыстану

Дүниетану

Жаратылыстану

География

Физика


Биология

Химия


Дүниетану

Адам және

қоғам


Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

Қоғамдық білім негіздері

Құқық негіздері

Өзін өзі тану


Өзін-өзі тану

Өнер

Музыка

Бейнелеу өнері Өнер



Музыка

Бейнелеу өнері



Технология

Еңбекке үйрету Технология

Еңбекке баулу

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Алғашқы әскери дайындық



Дене шынықтыру

Осы кестеге сәйкес пәндерді интеграциялау негізінде білім сапасын арттырудың мүмкіншіліктерін айқындауда білім беру мазмұнын құраушылары бойынша бастауыштағы оқу пәндерінің пәнаралық интеграциясы анықталды.

«Сауат ашу» пәні дүниетану пәнімен: «адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану; Музыка пәнімен: ертегі, аңыздар оқу барысында мазмұнына сәйкес музыкалық шығармалар тыңдау, оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдату; Бейнелеу өнері пәнімен: суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту; сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдіруге үйрету, сурет салғызу, бояту жұмыстары арқылы қаламды, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру; Еңбекке баулу пәнімен: еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, ермексазбен, табиғи материалдармен жұмыс жасау, қағаздарды қию, өрнектер салу, безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту; Дене шынықтыру пәнімен: партада дұрыс отыру; дене бітімінің дұрыс дамуы үшін жаттығулар жасау; сабақта сергіту сәтін өткізуде пәнаралық интеграциясы жүзеге асырылады.

«Қазақ тілі» пәні әдебиеттік оқу пәнімен: қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты пайдалануда, ақын-жазушылардың суреттерін көрсету, олар туралы мәлімет беруде, мәтінді мәнерлеп оқу мен өлең жаттауда, мәтіннің авторы туралы мәліметтер, не оның мазмұнын жалғастыруды қажет ететін тапсырмалар арқылы оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде, тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және балалардың жас ерекшілігіне лайық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалануда; математика пәнімен: сан атауларын пайдалануда, жұмбақ-есептерді пайдалануда, сөз мағыналарын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда, заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда; дүниетану пәнімен: қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыру, олар жайында түсінік беруде, жаттығу мәтіндері арқылы жануарлар, өсімдіктер, т.б. туралы түсініктерін кеңейтуде, табиғат құбылыстарымен таныстыруда, туған ел, Отан туралы жаттығуларды орындатуда, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың кеңейтілуінде, оларға сипаттама беруде, еліміздің мәдениеті, ғылымы, шаруашылығы туралы түсінік беруде; Музыка пәнімен: өлең мәтіндері арқылы музыкалық қабілетін дамытуда, музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда; Бейнелеу өнері пәнімен: жаттығу мазмұнына байланысты сурет салғызуда, әр алуан суреттерді, портреттерді пайдалануда, белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде, сюжетті сурет бойынша мазмұндама (ауызша, жазбаша түрде) жазуда; Дене шынықтыру пәнімен: сергіту жаттығуларын орындаған кезде дене қимылдарын пайдалануда, оқыту барысында «дене шынықтыру минутын», қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыруда; еңбекке баулу пәнімен: қол саусақтарының нәзік бұлшық еттерін дамытуда, шығармашылық ой-қиялы арқылы сөйлей білу қабілетін дамытуда пәнаралық интеграциясы жүзеге асырылады.

«Әдебиеттік оқу» пәні қазақ тілі пәнімен: жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау, сөздік қорын байыту, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойынан, үлгі бойынша, көргені немесе оқығаны бойынша мәтін (сипаттау, пайымдау, баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, жоспар құру, мәтінге атау беру, жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау, жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу), жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау; Математика пәнімен: сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану, тілді математикалық терминдермен байыту; Дүниетану пәнімен: қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қолдану, топсеруен кезінде, табиғат туралы алған білімдерін жазба жұмыстарда қолдану; Музыка пәнімен: қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың музыка саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау, музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау, ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу, өлеңдерге сай әуендер ойлап табу, мәтіндердегі автордың көңілкүйін байқау, ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау, көркем шығармалардағы сипаттау, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін ұғыну; Бейнелеу өнері пәнімен: суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту, сурет бойынша өз сезімдерін, ойпікірлерін білдіру, суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет салғызуға жаттықтыру, сипаттау, салыстыра сипаттау мәтіндерін құрастыруда, мазмұндама және шығарма жазуда халық шеберлерінің туындыларын пайдалану, эстетикалық тәрбие беру. Еңбекке баулу пәнімен: еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, еңбекке баулу сабағында берілетін қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т.б. туралы мәліметтерді шығармалар оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату, қазақтың сәндікқолданбалы өнерін оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы пәнаралық интеграциясы жүзеге асады.

«Бейнелеу өнері» пәні сауат ашу, қазақ тілі пәндерімен: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, Бейнелеу өнері нысандарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту; Әдебиеттік оқу пәнімен: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын Бейнелеу өнері; Музыка пәнімен: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану; Дүниетану, Өзін-өзі тану пәндерімен: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану; Математика пәнімен: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыру; Еңбекке баулу пәнімен: қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану; Дене шынықтыру пәнімен: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнауда пәнаралық интеграциясы жүзеге асырылады.

«Дүниетану» пәні қазақ тілі пәнімен: байланыстыра сөйлеу, сипаттау, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту; Әдебиеттік оқу пәнімен: табиғат, жер байлығы туралы әңгімелерді оқу, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жаттау; Математика пәнімен: тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейту; Музыка пәнімен: адамның, табиғаттың көңіл-күйін бейнелейтін музыка, күйлер мен әндер тыңдау; Бейнелеу өнері пәнімен: суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалану; Еңбекке баулу пәнімен: түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалану; Дене шынықтыру пәнімен: денсаулық сақтау, күн тәртібі, адам өміріне зиянды әрекеттер, адам ағзасын шынықтыру туралы білімдерін толықтыруда.

«Дене шынықтыру» пәні қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінен: өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдану; Дүниетану пәнімен: оқушы жаттығуларды орындау кезінде өзінің ағзасындағы мүшелер, дене бөліктері, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер. Тән гигиенасы, киімді таза ұстау ережелері. Жүгіру және түрлі ойын кездерінде уақыт; Математика пәнімен: оқушы сантиметр, метр, шақырым, секунд және т.б. өлшем бірліктерімен танысу; Музыка пәнімен: оқушы қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындау; Бейнелеу өнері пәнімен: оқушы көрсетілген жаттығуларды орындау үшін бейнелі суреттерді қолдану; Еңбекке баулу пәнімен: өзіндік ісәрекеттерді ұйымдастыруда пәнаралық интеграциясы жүзеге асырылады.

Пәндер арасындағы пәнаралық интеграция көрінісі бұлармен ғана шектелмейді және әрбір сабақтың пәнаралық байланыс міндеттеріне қарай көбейіп, кеңейіп отырады. Пәндерді интеграциялап оқыту негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру бастауыш сынып оқу бағдарламаларындағы пәндердің өзара интеграциялануы барысында жүзеге асырылады.

Бейнелеу өнері пәнінен «Шуақты күн» тақырыбын оқушыларға жарық көзі күшті түскен сюжет мазмұнын жасауды үйрету мақсатында Еңбекке баулу пәні бойынша «Панно жасау», «Анаға сыйлық»» тақырыбымен қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалануда, Дүниетану пәні бойынша «Заттар» тақырыбымен табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу үдерісінде өмірлік тәжірибені, топсеруен материалын пайдалануда, математика пәні бойынша «Фигураларды өлшеміне қарай салыстыру» тақырыбымен кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыруда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Бейнелеу өнері пәнінен «Шуақты күн» тақырыбын еңбекке баулу, дүниетану, математика пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар бейнелеу өнері туындыларын бояу көмегімен жасауды үйреніп, түстерді еркін қолдануға машықтанады.

Қазақ тілі пәнінен «Зат есімді қайталаймыз» тақырыбын оқушыларға зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру мақсатында музыка пәні бойынша «Ән жүйрігі – Біржан сал» тақырыбымен ертегі, аңыздар оқу барысында мазмұнына сәйкес музыкалық шығармалар тыңдау, оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдатуда, дене шынықтыру пәні бойынша «Қозғалмалы ойындар» тақырыбымен партада дұрыс отыру; дене бітімінің дұрыс дамуы үшін жаттығулар жасау; сабақта сергіту сәтін өткізуде, өзін-өзі тану пәні бойынша «Менің сүйікті ісім» тақырыбымен «Адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Қазақ тілі пәнінен «Сан есімді қайталаймыз» тақырыбын музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар сөйлемнің айтылу мақсатын ажыратуды үйреніп, сөздерді сөз құрамына қарай талдауға дағдыланады.

Өзін-өзі тану пәнінен «Менің сүйікті ісім» тақырыбын еңбек құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және сүйікті іс туралы түсінік қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру пәні бойынша «Қозғалмалы ойындар» тақырыбымен адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыруда, музыка пәні бойынша «Ән жүйрігі – Біржан сал» тақырыбымен музыка арқылы өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты таныпбілу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамытуда, қазақ тілі пәні бойынша «Сан есімді қайталаймыз» тақырыбымен «Адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Өзін-өзі тану пәнінен «Менің сүйікті ісім» тақырыбын дене шынықтыру, музыка, қазақ тілі пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алуға үйренеді.

Дене шынықтыру пәнінен «Қозғалмалы ойындар» тақырыбын дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мақсатында өзін-өзі тану пәні бойынша «Менің сүйікті ісім» тақырыбымен оқушы жаттығуларды орындау кезінде өзінің ағзасындағы мүшелер, дене бөліктері, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер туралы мәліметтермен танысуда, қазақ тілі пәні бойынша «Сан есімді қайталаймыз» тақырыбымен өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдануда, музыка пәні бойынша «Ән жүйрігі – Біржан сал» тақырыбымен оқушыларға қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындауды үйретуде интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Дене шынықтыру пәнінен «Қозғалмалы ойындар» тақырыбын өзін-өзі тану, қазақ тілі, музыка пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар қимылқозғалыс тәртібімен оның денсаулық үшін маңызын түсініп, қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдайды.

Төртінші сыныпқа арналған бағдарламада математика пәнінен «Бұрыш, үшбұрыштар түрлері» тақырыбын оқушыларға бұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіру мақсатында дүниетану пәні бойынша отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы «Менің үйім – менің отбасым» тақырыбымен математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдануда, бейнелеу өнері пәні бойынша «Ұлттық киім» тақырыбымен қағаз бетінде бейнелеу өнері біліктігін қолдану, қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай білу біліктігін қолдануда, еңбекке баулу пәні бойынша «Жұмыртқа қабығынан шырша ойыншығын жасау» тақырыбымен математикадан жазбаша жұмыстарды орындау кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеруде интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Математика пәнінен «Бұрыш, үшбұрыштар түрлері» тақырыбын дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқиды және транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеумен салып үйренеді.

Дүниетану пәнінен отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы «Менің үйім – менің отбасым» тақырыбын оқушыларға Қазақстан қалалары және туған өлкенің тарихи жерлерін таныстыру туған қала/облыс орталығының таңбасымен таныстыру мақсатында математика пәні бойынша «Бұрыш, үшбұрыштар түрлері» тақырыбымен тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейтуде, бейнелеу өнері пәні бойынша «Ұлттық киім» тақырыбымен суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалануда, еңбекке баулу пәні бойынша «Жұмыртқа қабығынан шырша ойыншығын жасау» тақырыбымен түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалануда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Дүниетану пәнінен отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы «Менің үйім-менің отбасым» тақырыбын математика, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар Қазақстан қалалары және туған өлкенің тарихи жерлерін танып біледі.

Бейнелеу өнері пәнінен «Ұлттық киім» тақырыбын оқушыларға дәстүрлі халық өнері негіздерімен таныстыру мақсатында еңбекке баулу пәні бойынша «Жұмыртқа қабығынан шырша ойыншығын жасау» тақырыбымен қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалануда, математика пәні бойынша «Бұрыш, үшбұрыштар түрлері» тақырыбымен кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыруда, дүниетану пәні бойынша отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы «Менің үйім – менің отбасым» тақырыбымен табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу үдерісінде өмірлік тәжірибені, топсеруен материалын пайдалануда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Бейнелеу өнері пәнінен «Ұлттық киім» тақырыбын еңбекке баулу, математика, дүниетану пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар ұлттық рухта кемелденуі үшін дәстүрлі халық өнері негізімен, оның бай мұраларымен, құндылығымен танысып, көркем бiлiмдердiң қарапайым бейнелi мүмкiндiктерiн қолданады.

Еңбекке баулу пәнінен «Жұмыртқа қабығынан шырша ойыншығын жасау» тақырыбын оқушыларға табиғи материалдардың түрлері және одан жасалатын бұйымдар туралы мағлұмат беру мақсатында бейнелеу өнері пәні бойынша «Ұлттық киім» тақырыбымен бұйымдар мен заттардың пішінін, түсін салыстыру, сызу, бояу, сурет салу, мүсіндеу жұмыстарын орындау, үйлесім туралы түсінігін тереңдету, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, бұйымдардың шығу тарихымен танысуда, дүниетану пәні бойынша Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы «Менің үйім-менің отбасым» тақырыбымен табиғатқа саяхат барысында табиғи материалдармен танысу, оларды жинау, табиғи құбылыстар туралы мағлұматтар алуда, математика пәні бойынша «Бұрыш, үшбұрыштар түрлері» тақырыбымен бұйымдарды жасауда өлшем бірліктерін қолдануда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Еңбекке баулу пәнінен «Жұмыртқа қабығынан шырша ойыншығын жасау» тақырыбын бейнелеу өнері, дүниетану, математика пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындауды және жұмыста қолданылатын әдістер: өлшеу, бүктеу, қаттау, белгілеу, сызу, қию, желімдеу, біріктіру әдістерін үйренеді.

Қазақ тілі пәнінен «Буын үндестігі» тақырыбын оқушыларға буын үңдестігі туралы ұғым қалыптастыру және дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жазылуын үйрету мақсатында әдебиеттік оқу пәні бойынша «Б.Дүйсенбаев. Сөз мәйегі» тақырыбымен мәтіннің авторы туралы мәліметтер, не оның мазмұнын жалғастыруды қажет ететін тапсырмалар арқылы оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде, музыка пәні бойынша «Аспаптық музыка» тақырыбымен музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда, өзін-өзі тану пәні бойынша «Менің сыныбым – менің ұжымым» тақырыбымен оқушылар тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктерін алуда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Қазақ тілі пәнінен «Буын үндестігі» тақырыбын әдебиеттік оқу, музыка, өзін-өзі тану пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар дыбыс түрлері, алфавит, буын, тасымал, буын үндестігі туралы ұғым қалыптастырады. дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жазылуын меңгереді.

Өзін-өзі тану пәнінен «Менің сыныбым – менің ұжымым» тақырыбын оқушыларға ұжым, достық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруда және ұжымның адам өміріндегі маңыздылығы мен өзара татулық, сыйластық қарым-қатынас ұғымдарын дамыту мақсатында әдебиеттік оқу пәні бойынша «Б.Дүйсенбаев. Сөз мәйегі» тақырыбымен оқушылардың тыңдай білу, өзімшілдік пен көпшілдік, батылдық пен өжеттік, еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық, сабырлылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алуда, қазақ тілі пәні бойынша «Буын үндестігі» тақырыбымен оқушылардың тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім мен келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алуда, музыка пәні бойынша «Аспаптық музыка» тақырыбымен музыка арқылы оқушылар өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алуда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Өзін-өзі тану пәнінен «Менің сыныбым – менің ұжымым» тақырыбын әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы алғашқы түсініктері қалыптасып, қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын меңгереді.

Дене шынықтыру пәнінен «Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары» тақырыбын оқушыларға салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану мақсатында қазақ тілі пәні бойынша «Зат есім» тақырыбымен өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдануда, музыка пәні бойынша «Динамикалық белгілер» тақырыбымен оқушының қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындауды үйренуінде, өзін-өзі тану пәні бойынша «Талаптыға нұр жауар» тақырыбымен оқушыда жаттығуларды орындау кезінде талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыруда интеграциялық элементтер жүзеге асырылады. Дене шынықтыру пәнінен «Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары» тақырыбын қазақ тілі, музыка, өзін-өзі тану пәндері тақырыптарымен интеграциялап өтуде оқушылар салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесі мен спорттың рөлін қимыл-қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс сапаларын дамытудың негіздерін үйренеді.

Бастауыш оқу пәндері мазмұнын анықтаушы құжаттарды талдау, кейбір оқу пәндері бойынша пәнаралық байланыс құраушы элементтердің нақты көрсетілмегендігін көрсетеді. Дегенмен де, бастауыш білім беру мазмұнын талдау білім сапасын интеграциялап оқыту негізін қалайды деп білеміз.

Білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын білімнің сапа қасиеттері басқа құраушылармен қатар басты назарда болады және білім сапасын бағалау әдістері білім жүйесін жетілдірудің ең пәрменді құралы есебінде анағұрлым жетілдірілуі тиіс. Жаңа бағалау жүйесі біріншіден, оқушылардың ынта-ықыласын, сапалы білімге ұмтылысын арттыруға, екіншіден, оқушы білімінің жүйелілігін, орнықтылығын, іс-әрекеттік мәнділігін, өмірлік қажеттіліктерге жарамдылығын; үшіншіден, оқушылардың шығармашылық-конструктивтік ойлау қабілеттерін, кәсіптік және ой еңбегін атқаруға, таныс емес жағдайларда проблемаларды шешуге бейімділігін; төртіншіден, танымдық, жалпы білімділік, талдау, салыстыру, жүйелеп қорыту, синтез жасау қабілеттерін бағалауға бағытталуы тиіс.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау сыртқы және ішкі бағалау түрлеріне бөлінеді. Бастауыш білім берудегі оқу жетістіктерін бағалау екі деңгейде – 2, 4-сыныптардан кейін іске асырылады.

Бастауыш білім берудің оқу жетістіктерін бағалау 1 сыныпта бағасыз белгілеу жүйесі бойынша жүргізіледі, ал 2 сыныптан бастап оқыту нәтижелері балдық жүйемен және білім алушылардың жеке жетістіктерін (портфолио ретінде) бағалау енгізіледі.

Оқыту нәтижелерін ішкі бағалау:

1) 1-2, 3-4-сыныптарда оқыту кезеңіндегі бағалауды (ағымдық бағалау);

2) 2, 4-сыныптардағы оқыту циклы аяқталғаннан кейінгі бағалауды (межелік, аралық бағалау);

3) бастауыш білім беру деңгейінің соңында: 4-сыныптан кейін бағалау (межелік бағалау).



Сыртқы бағалау бастауыш білім беру сапасын мемлекеттік аралық бақылау түрінде 4 сыныптың соңында жүргізіледі.

Білім берудің күтілетін нәтижелері – бастауыш білім берудің оқу жетістіктерінің деңгейлері ретінде ұзақтығы 2 жыл әрбір оқыту циклдері үшін белгіленген бастауыш білім берудің қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі.

Бастауыш білім беруде білім алушылардың оқу жетістіктерінің екі деңгейі берілген:

- оқу жетістіктерінің 1-ші деңгейі 1-2-сыныптарды қамтиды;

- оқу жетістіктерінің 2-ші деңгейі 3-4-сыныптарды қамтиды.

Күтілетін нәтижелерді нақтылау оқу пәндерінің бағдарламаларында циклдар бойынша білім беру салалары аясында көрсетіледі. Қазіргі білім беру үдерісінде бастауыш сынып оқушысының табысты оқуы мен сапалы тәрбие алуына ықпал жасайтын жоғары деңгейдегі шығармашылық, интеллектуалдық, коммуникативті мүмкіншіліктерді қамтамасыз ететін пәндер интеграциясының маңызы өте зор.

Бастауыш сынып оқушысында қоршаған дүниені тұтастықта қабылдау мәселесі бастауыш білім берудің өзіндік ерекшелігіне қайшы келмейді. Әрине, бастауыш сыныптарда оқушылардың танымдық іс-әрекетті талдау қабілеттері бастапқы деңгейде болады, олар әзірше күрделі құбылыстарға тереңдеп ене қоймайды. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар туралы түсініктердің оқушыларда интегралды болып келуі дәл осы бастапқы буынға сәйкес келеді.

Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Бұл әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді. Қазіргі еліміздегі білім беруді жетілдіру кезеңінде педагогика ғылымындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі жақсарту – ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады. Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үдеріс кезіндегі сабақтарда пәнаралық, интеграциялық байланысты жүзеге асыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі және пәнаралық интеграцияны білім мазмұнында айқындау оқу үдерісін интеграциялау негізінде ұйымдастырудың басты міндеттерінің қатарына жатады. Әдістеме – әдістер жиынтығы, оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім, педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [62].

Білім сапасына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі – оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Бастауыш мектептегі оқу пәндерінің мазмұнын талдай келе оқу пәндердің бір-бірімен байланысын, интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін, осының негізінде оқушылар білімінің сапасын арттыруға болатындығын байқадық. Әр пәннің бағдарламасы сол пәннің мазмұны мен мақсатына қарай білім, білік, дағды, шеберлік қалыптастыра отырып, оқушылардың логикалық ойлауына, білім сапасын арттыруға әсер етуді қарастыратыны белгілі. Оқу пәндері мазмұн жағынан, іс-әрекет жағынан да бір-бірімен байланысып, интеграцияланады.

Қазіргі таңда егеменді еліміздің саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпақтың жан-жақты дамуы, оның дүниетанымын қалыптастыру жаңа стратегиялық бағдарламасының күрделі бағыттарының бірі болып саналады. Адамның негізгі тұлғалық қасиеттерінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланатындықтан, бейнелеу өнері арқылы пәнаралық интеграцияда оқушылардың танымдық аумағын, эстетикалық сезімдері мен қиялдарын, көркемдік шығармашылық қабілеттерін арттыру қажеттілігі өте басым. Әсіресе бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие барысында бейнелеу өнерінің оқу материалдарын пәнаралық интеграция негізінде игерудің тұлға қалыптастырудағы сұранысының ауқымы кең екендігі айқын. Білімдер жүйесінің мәні және білімнің игерілуінің пәнаралық интеграция деңгейінде жүзеге асырылуы – бастауыш сынып оқушыларында ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Пәнаралық интеграция бастауыш сынып оқушыларының толыққанды білім ала отырып, бүкіл танымдық қызметін дамытуға, сөйтіп дүниетанымын қалыптастыруға тікелей ықпалдар мен жағдайлар жасайтын үдеріс ретінде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие барысында әрдайым әрі ұтымды пайдалануға қажет ететін ауқымды шаралар жиынтығын құрайды.

Қазіргі таңда шет ел мектептерінде білім беру мен оқытуды ұйымдастыру үдерісінде интеграция мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Интеграция негізінде педагогикалық ұжым мен жеке мұғалімдердің шығармашылығын дамыту мәселесі мен жаңа педагогикалық ізденістерді белсендендіру жүзеге асырылуда.

Бастауыш сынып пәндерін интеграциялауда бастауыш сынып мұғалімі мынадай әдістемелік принциптерді білуі және ұстануы қажет:

1. Пәндер интеграциясын алдын-ала жоспарлау;

2. Пәндер интеграциясын оқушылар үшін қызықты танымдық материалдар арқылы ұйымдастыру;

3. Пәндер интеграциясын сабақтың қажетті бөлігінде тақырыптың мазмұнын ашуда тиімді қолдану;

4. Пән мазмұнын жаңа ғылыми деректермен толықтыру;

5. Тақырыптың мазмұнын, ерекшелігін және оқушылар мүмкіндігін ескеру;

6. Жаңа берілетін пәнаралық интеграция мағлұматтарын оқушылардың білетіндерімен ұштастыру.

Оқыту үдерісін ұйымдастыру педагогикалық жүйе құраушыларымен және оларға қатысушыларға байланысты. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ екендігі белгілі. Сабақты ұйымдастырудың барлық буын сыныптары үшін ортақ құраушылары бар.

Сабақтардың құрылымдық схемасы кезінде олардың дидактикалық, логикалық-психологиялық, әдістемелік құрылымдары қатар беріледі, мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің түрлері, дидактикалық материалдар мен оқытудың техникалық құралдары көрсетіледі немесе оларды төмендегіше тізбектеуге болады:

1. Сабақты ұйымдастырудағы дидактикалық құрылымы.

2. Оқытудың техникалық құралдары.

3. Оқу материалының әдістемелік құрылымы.

4. Оқыту іс-әрекетінің түрлері (оқыту тәсілдері).

5. Оқушы іс-әрекетінің түрлері (оқу тәсілдері).

6. Көрнекі материалдар.

7. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудағы логикалық-психологиялық құрылымы.

8. Уақыт мөлшерін айқындау.

Сабақты ұйымдастырудың дидактикалық құрылымын, сабақтың немесе оның құраушыларының мақсатына сәйкес төмендегідей көрсетуге болады:

1. Белсендіру/белсенді ету;

2. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін меңгерту/меңгеру;

3. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Міне осыны негізге ала отырып, 5-кестеде берілгендей сабақтың жалпы құрылымын жасауға болады.


Кесте 5 – Сабақ құрылымы бойынша технологиялық карта



1

2

3

Сабақты ұйымдастырудағы дидактикалық құрылымы

Белсендіру/ белсенді ету

Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгерту/ меңгеру

Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Оқу материалының әдістемелік құрылымы

Жалпы/ерекше,

нақты оқу

материалдары


Оқу элементтері (ұғымдар), оқу материалдары

Нақты оқу

материалдары



Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудағы логикалық-психологиялық құрылымы

Сұрақ-жауап, міндеттерді/ тапсырмаларды шешу.

Дәлелдеу, өз сөзімен айту, жаңа

жағдайда меңгерілгенді қолдану



Тапсырманы орындау, Үй тапсырманы

орындау


ОТҚ / көрнекі

материалдар



Интерактивті тақта, Магнитті тақта

Интерактивті тақта,

Магнитті тақта



Интерактивті тақта,

Магнитті тақта



Оқытушының іс-әрекетінің түрлері (оқыту тәсілдері)

Хабарлау, сұрақтар қою

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Тәжірибені демонстрациялау

Оқушы іс-әрекетінің түрлері (оқу тәсілдері)

Өзіндік іс-әрекетті ұйымдастыру,

Сұраққа жауап

беру


Оқу материалын талдау, сұрақтар қою

Тыңдауы және бақылауы; Сұрақ-жауап және

түсіндіру;

сұраққа жауап беру және

тыңдауы


5 кестенің жалғасы

Уақыт мөлшері







Білімді меңгеру/ іс-әрекетті қалыптастыру деңгейі



Білу/

Түсіну/


Қолдану/

Талдау/ жинақтау/ бағалау



Үлгілеу (еліктеу)/ басқару/ дәлмедәлдік/ әрекеттерді тұтас-тыру/ еркін орындау

Кестеге сәйкес оқу материалының әдістемелік құрылымында пәннің мазмұнын түзетін құрылымдық элементтер алынады. Олар: анықтамалар, бірліктер, өрнектер, қасиеттердің сипаттамалары, практикалық қолданылым нұсқаулары, т.б. болуы мүмкін.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарудағы логикалық-психологиялық құрылымында педагогикалық тапсырмалардың, оның ішінде сұрақтардың рөлі жоғары. Сұрақтардың ішінде төмендегідей түрлері оқу материалдарының мазмұнына байланысты басымдық алуы мүмкін: күмәнді сұрақ, еске түсіру сұрағы, ынталандыру сұрағы, т.б.

Сабақтың сапалы болуы мұғалімнің оқу материалдарын баяндау тәсіліне де байланысты. Мұғалім тарапынан жүзеге асырылатын әдістерді «оқыту әдістері» деп атау кеңінен қолданылуда. Ал, оқушы тарапынан сабақ барысында жүзеге асырылатын әдістерді «оқу әдістері» деп те атайды.

Оқытуды ұйымдастыруда, оның ішінде оқыту сапасын арттырудағы әзірленген технологиялық карта мұғалімнің әдістемелік іс-әрекет негізін құрайды. Оқыту мақсаты/нәтижесі белгілі (деңгейлер) болған жағдайда оған қол жетізуді кесте құраушыларына сәйкес мұғалім оқыту, оқу әдістерін, ұйымдастыру формаларын, оқытудың техникалық құралдарын таңдауды және оларды жүйелі қолдануды дұрыс жобалай алады.

Интеграцияны білім беру жүйесін енгізу түрлі мәселелердің шешімін таба білетін, білімін өздігінен жүйелей алатын, тұтас дүниетанымы бар эрудициялы тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.Интеграция арқылы бастауыш сынып оқушылары бар білімді жүйелі толықтырады және кеңейтеді. Бұл үшін түрлі білім мен іскерлікті синтездеу қажет. Нәтижесінде интеграция әлем және адам, ғарыш және жер, табиғат және адам дүнетанымының бір тұтастығын біріктіреді.

Интеграцияланған сабақтар оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуының мүмкіншіліктерін ұлғайтады. Интеграция оқушыларға білімді өздері ізденіп алуын үйретіп, интелектуалдық деңгейін көтереді және оқуға деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді. Интеграцияланған сабақтар мазмұны мол эмоциялық қуатқа толы болғандықтан оқушыларға ұнайды, олардың танып білуге деген қызығушылығын оятады. Бұл сабақтар оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлеуін дамытады, және эстетикалық талғамын дамытып, өнер туындыларын, сұлулық пен байлықты, табиғатты, шығармашылықты түсініп, бағалауды үйретеді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығы оқу пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттырудағы дидактикалық шарттың бірі болып саналады. Пәндер интеграциясы бастауыш мектеп мұғалімдерінен үлкен тәжірибені, педагогикалық шеберлікті, терең әрі тиянақты білім қорын, оқуоқыту үдерісін дұрыс әрі күрделі ұйымдастыруды, жан-жақты іздену жұмыстарын жүргізуді талап етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет