27) Шет мемлекеттер тәжірибесінде 12 жылдық оқытуды ұйымдастырудың тенденциялары
Алыс және жақын шетелдік мемлекеттердегі білім беру жүйесін зерттеу барысында соңғы он жылдың ішінде жалпы орта білім беру жүйесінің құрылымында, оқыту мазмұнында айтарлықтай өзгерістер болғанын байқадық. Дамыған елдердің басым көпшілігінде жүзеге асырылып жатқан 12 жылдық білім беру жүйесі заман талаптарына сай оқушы жастарға сапалы білім берудегі өз оңтайлылығын көрсетіп отыр. Әлем елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері бар. Кейбір шет елдерде, атап айтқанда, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда, Қытайда – 12 жыл екен. Жалпы мемлекеттердің 80%-ында 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілген. Енді осылардың бірқатарының тәжірибелеріне тоқталып өтейік.
Америка Құрама Штатының білім беру жүйесін зерттеушілер «демократиялық», «барлығы үшін ашық», «білім беру мүмкіндіктері тепе-тең» деп атайды. Ал оның құрамындағы әрбір штат білім мазмұны және құрылымымен, оқу бағдарламаларымен айрықшаланады. Соңғы уақытта АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды дайындыққа көп назар аударылған. Әсіресе, ауылдық мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Барлық штаттар үшін білім алу ұзақтығы 12 жыл, оқу мерзімі 6 жас пен 18 жас аралығын қамтиды. Жалпы орта білімнің құрылымы – 6+3+3 немесе 8+4 (мектептің қай штатта орналасуына байланысты). Білім беру мемлекеттік оқу орындарында тегін, жекеменшік мектептерде ақылы түрде жүзеге асырылады
28) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш білім
29)12 жылдық білім беру жүйесіндегі негізгі білім
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |