Кеңістіктегі жазықтық теңдеулері Қарапайым беттердің бір түрі жазықтық. Oxyz кеңістіктегі жазықтықты әр түрлі түрде беруге болады. Олардың әрқайсысына сәйкес теңдеулері болады.
11.1 Берілген нүкте арқылы өтетін, берілген векторға перпендикуляр жазықтықтың теңдеуі Oxyz кеңістігінде жазықтығы нүктесімен және осы жазықтыққа перпендикуляр векторымен берілген. жазықтығының теңдеуін қорытып шығарайық. Жазықтықтан кез-келген нүктесін алайық және векторын құрайық.
М нүктесі жазықтығында қалай орналассада және векторлары өзара перпендикуляр болады, сондықтан олардың скаляр көбейтіндісі нөлге тең: , яғни
A(x-x0)+B (y-y0)+C (z-z0)=0
(11.2)
жазықтығының кез-келген нүктесі (11.2) теңдеуін қанағаттандырады, ал жазықтығында жатпайтын нүктелер қанағаттандырмайды. (11.3) теңдеу берілген. нүктесі арқылы өтетін, нормаль векторына перпендикуляр жазықтықтың теңдеуі деп аталады. x, y, және z координаталарына байланысты жазықтықтың теңдеуі бірінші дәрежелі болады. векторы жазықтықтың нормаль векторы деп аталады.
(11.2) теңдеудегі A, B, C коэффициенттеріне мәндер беріп, нүктесі арқылы өтетін кез-келген жазықтықтың теңдеуін алуға болады. Берілген нүкте арқылы өтетін жазықтықтар жиынын жазықтықтар байланысы деп, ал (11.2) –жазықтықтар байланысының теңдеуі деп аталады.