3. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне 4. Әкесі неге риза болды?
қатысты мақал A) Баласының білімпаздығына
A) Талайлымен таласпа. B) Айтқан сөзін баласы жерге
B) Тілі тәтті - көңілі қатты. тастамағанына
C) Күш атасын танымас. C) Жақсы мысал табылғанына
Д) Шешінген судан тайынбас. Д) Баласына орынды ақыл айтканына
Е) Жақсы бала - әкеге құт. Е) Баласының аттың сырын білетіндігіне
Баланың әкесіне қатысты сипаттама
A) Адал C) Көңілді Е) Еңбекқор
B) Сымбатты Д) Сабырльі
Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сезінің мағынасы
A) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені. B) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. C) Қатарынан қалмай өссін дегені
Д) Ақылы жасына сай болсын дегені.
Е) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
3- мәтін
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілкайыр ханнан бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандыктың жалыны жанган елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу .мен Талас өзендері аралығындагы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өнірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен еткен кезсңдерден сыр шертеді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты енбегінде көрсетілген Керей мен Әз Жәнібектің алғашкы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынкұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық магынасы қозының басындай гана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар
84
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандыгынын қүрылған жері - Шу бойы мен Қозыбаеыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихн-географиялық тұрғыдан алғашкыда ХІV-ХV ғасырларда билік еткен Моголстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.
Көне тарихка үңілсек. Талас пен Шу өзендерінің анғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге кептеп жолығамыз. Тарихи дерек кездеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу жэне Талас өңірлерің қамтыған. Батыс Түрік кагандыгының саяси орталығы түрді мезгілде Шу өңіріндегі Суябта. Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаган саяси өмірдің куәсі болды.
Осындай гасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумагында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі ярбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшелснеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек.
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортак тіл, дәстүр, терретория. менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, гұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этногенес не болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы»
деп аталды. Жана атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ак ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оган ұданы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дуние жүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бсере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа меи Азияның кез келген елімен тең тұра алатын.
Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкес тігін табыңыз
«Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады.
Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады,
Қасистті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.
Д) Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.
Е) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады
Мәтінде жауабы жоқ сүрақты табыңыз
«Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?
Қазақ хаидығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?
Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді? Д) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? Е) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?
9. Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы
1. Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы
Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты
Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады
A) Екінші мен үшінші Д) Үшеуі де дұрыс
B) Бірінші мен үшінші Е) Тек екінші
C) Бірінші мен екінші
Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
85
Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан.
Еуропа мен Азияның кез келген елімен тендесе алады.
Мойынқұм ауданындагы Жамбыл тауында орналасқан.
Д) Қозыбасы аймағында қоныстанған.
Е) Батыс Түрік қағандығыиың саяси орталығы болған.
Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі
2.Жаңа этнонимнің пайда болуы
Алғаш ту тіккен жер
Қозыбасы атауы
A)1.3.4, 2
|
C)3,4, 2,1
|
Е) 4,2,1,3
|
B)1,2,3,4
|
Д)2,4,3, 1
|
|
Мәтіннің қазақ елінің жана атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі
4- мәтін
Қарт пен тапқыр жігіт
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді.
Ол келе жатып:
Ата, жолды қыскдртайық,- дейді. Қарт:
Жол калай қысқарады?- дейді. Жігіт:
Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді. Шал ішінен:
Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін калай арқаламақшымын?- деп ойлап, жауап қайырмайды.
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп:
Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт:
Иә, - дейді. Жігіт:
Олай болганда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе?- дейді.
Қарт тағы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - ден ойлайды.
Жолда бір елге кездеседі. Бұп елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. Жігіт:
Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай:
Өлмесе жерлемейді ғой! - деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. Олар қабірге бірге барады. Шыққаннан кейін:
Ата, әлгі кісі өлмеген екен, - дейді. «Я, қүдай, жерленген адам калай тірі болады?»,-дейді қарт ішінен.
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын уйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып:
Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі магыналы екен. Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі ма екен?» - деген ой.мен әкесіне келеді де:
Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді.
Әкесі:
Жалғыз, - дейді. Қыз:
Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдініз? - дейді.
Қарт:
Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол кысқартайық», - деді. Мен: «Жол калай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз
86
кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата,
мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім
жеп қояды?» - дедім мен. Бұл
мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жанагы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді. Сонда қыз тұрып:
Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айткан сөзіне түсінбеген екснсіз. Онын бірінші айтқаны. «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,-- дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертен өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбагын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, карт қателігін мойындап. жігіттің қолын алып:
Мен сенін айтқан сездеріңе түсіне алмай. ішімнен саган қатты ренжіп едім. Олай емес. сен ақылды жігіт екенсің, - ден, қызын соған беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |