19. Бірінші азатжолда не туралы
айтылған?
A) Жасыбай туралы аңыз-ертегілер
B) Жасыбай көлінің географиялық
сипаттамасы
C) Жасыбай көлінің тарихы
D) Жасыбай көлінің байлығы
E) Жасыбай көлінің шипасы
20. Көлге неліктен Жасыбай атауы
берілген?
A) Ру атына сәйкес
B) Батыр ерлігіне орай
C) Жоңғар шапқыншылығына сәйкес
D) Көлдің байырғы атауы болғандықтан
E) Ханның ел басқаруына орай
1146 нұсқа
1-МӘТІН
...Қайран, Тарбағатай! Сен тау болып жаралғалы, құтты қоныс қойнауың мал мен жанға талай толып, талай солды ғой. Не ықылым оқиғалар өтпеді сенің сонау адыр-қырқа, белдерІңде?! Сен екеуміз білетін сыр қанша, жыр қанша?! Қазақ даласының кара шаңырағы Қаратаудан кейін тарих көшін басынан көп асырған шежіре тау — сен-ақ шығарсың, Тарбағатай! Бір халықтың екі түрлі тағдырын кос бүйіріңе теңдеп алып, сол орныңда тапжылмай жатыр екенсің-ау, жарықтығым. Бақыт пен сордың арасын осылайша қақ бөліп, туған елдің шығыстағы бір камалындай, осы қалпында мәңгі мызғымай тұра бер, қайран алтын босағам!
1. Қаңдай сипаттама Қаратауға 2. Автор Тарбағатай тауын
қатысты айтылған? қалай қабылдайды?
A) Бір халықтың екі түрлі тағдыры бар A) Табиғаттың ерекше сыйы ретінде.
B) Туған елдің шығыстағы қамалы B) Жастық шағының куәсі ретінде,
C) Казақтың қара шаңырағы C) Тарихи кезеңдер куәсі ретінде.
D) Кұтты қоныс қойнауы D) Балалық шағының куәсі ретінде.
E) Қайран алтын босаға E) Маңғаздылықтың, асқақтықтың символы
ретінде.
Жапония - Шығыс Азиядағы аралды мемлекет. Оның құрамында Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю сынды ең негізгі төрт арал жәнее 4000 ұсақ арал бар. Жапония аймағы 47 префектураға (ауданға) бөлінеді, оның әрбірінің жеке астанасы бар. Жапонияның төрттен үш бөлігін таулы аймақтар құрайтындықтан, адамдар жердің 10%-на ғана шоғырланған. Қалған өңделуге мүмкін болатын жерді ауыл шаруашылығы алып жатыр. Астанасы - Токио. Сонымен қатар, Токио қаласы «шығыс астана» деген ұғымды беріп, бүгінде әлемдегі ең үлкен агломирациялы қала болып табылады.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, ертеде жапондар өз елін «Ва» немесе «Вагоку» деп атаған. Ал бүгінде Жапония ресми түрде «Ниппон коку» немесе «Нихон коку» (бұл атау тек жапондар үшін) деген атауға ие болып, тікелей аудармасы «Күннің Отаны» деген ұғымды берері. Бір қызығы, осылай жапондарды алғаш рет Қытай императоры атаған екен. Жапония Қытайдың, тіпті кез келген Азия елдерінің шығысында орын тепкен. Демек, жапондар Күннің шығуын бәрінен бұрын тамашалай алады. Жапония үкіметі осы тарихи және географиялық негізге сүйене отырып, 1870 жылы мемлекеттік жалауына қызыл түсгі Күннің бейнесін енгізеді.
Жапонияның Күншығыс елі деп аталуында тағы бір себеп бар. Жапондар Күннің шығуын даму мен жарқын болашаққа тенейді. Сонымен қатар, Күннің нұрына бірінші болып бөленетіндіктерін ескеріп, өздерін Күннің тандауы деп біледі. Мінекей, елдің бейресми атауы осылай қалыптаскан.
136
Мәтін мазмұны бойынша жапондықтар неліктен өз жалауларында күнді бейнелеген?
A) Күнге табынатындықтан
B) Тек күннен куат алатындықтан
C) Күннің көкжиектен шығуын алғаш болын тамашалайтындықтан D) Ақ пен қызыл түстің үйлесімділігінен
E) Өздерін күннің ұрпағымыз деп есептегендіктен
Жапония астанасы атауының беретін ұғымы
A) «Шығыс астана» B) «Күннің Отаны» C) «Күн тәңірі»
D) «Күн хандауы» E) «Арал астанасы»
Жапонияның «Күншығыс елі» деп аталуының себебі қандай? A) Халқы елдің шығыс аудандарына шоғырланғандықтан
B) Ресми деректердегі ақпараттарға байланысты C) Аралда орналасуына байланысты
D) Басқа елдерге қарағанда күн ұзақ болуына байланысты E) Географиялық негізіне байланысты
Жапонияға қатысты дұрыс мәлімет.1.Төрттен екі бөлігін тау құрайды 2.Ең негізгі төрт аралы бар 3.«Күннің Отаны» атауын Қытай императоры берген
A) Тек үшінші дұрыс B) Біріншісі дұрыс
C) Бірінші мен үшінші дұрыс D) Бірінші мен екінші дұрыс
E) Екінші мен үшінші дұрыс
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс жинау кезеңі - әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбіндс асығыс-үсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді, Маған әкем өзінің өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін.
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки таңдыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін.
Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдсм сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы - әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. «Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп коймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден қайтпаса, құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын.
Бір жолы әкем үйге ете кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі:
Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? - деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді:
Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ?
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей қарады.
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.
7.Мәтінде суреттелетін кезең
A) Соғысқа дейінгі жылдар B) Жеңіс қарсаңындағы жағдай
C) Соғыстың алғашқы жылдары D) Соғыстан кейінгі жылдар
E) Соғыс кезіндегі жағдай
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету
Әке мен бала арасындағы қарым-катынасты орнату
Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы
Әкесіне деген екпесін жеткізу
137
Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені турлы айту
Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді?
A) Сабырсыздығын B) Кеңпейілдігін C) Өзімшілдігін D) Бірсөзділігін E) Қырсықтығын
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі
A) Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған B) Әкесі тек өз үйінің қамын ойлаған
C) Әкесі өзінен гөрі баскалардың камын көбірек ойлаған D) Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған
E) Әкесінің мінезі ауыр болған
11. Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін 12. Жеңгесінің әрекетінен оның
кім қолдамайтын? қандай ойын аңғарамыз
A) Ағасы A) Жағдайды түсінбегендігін
B) Жеңгесі B) Інісінің сөзін қолдамайтынын
C) Көршілері C) Күйеуінің сөзімен келісетіндігін
D) Шешесі D) Күйеуінің сөзін қолдамайтынын
E) Ауыл адамдары E) Мән-жайға немқұрайлылығын
Тау іші. Иен жайлау, ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі
тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып,
өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді.
Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басып тік
ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар
жаздағыдай шу салып, асып-таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды,
Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде,
бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді.
Кеш батысымен йен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін-еркін тіміскелейді. Көш жолдарына, айдалған мал ізіне түсіп, тұмсықтарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек қажалап, тері-терсек, жүн-жұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында қалып қойған тоқты-торымды іздеп сандалады. Жердегі жемтіктес досына қарайлап, көкте құзғын айналады...
Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға оранған. Бұл - Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, қүрт көтерілген тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады.
Арғы бетке өтетін жолаушы қиын да болса, көбінше, осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені, өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен тентек өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Биік жалдың басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі табаныңның астында жатады.
Жолға шыққанына тертінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір оқшау биігіне көтерілді . Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсін-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап жатып алған қырсық асудың төбесіне бір шықсам-ау деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады.
Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдын басында бірталай тұрып қалды.
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, тұла бойын суық қармап сірестіре бастады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүріп кетті.
Бір тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап, тез төмендеді. Көк жалап, жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып жатып қалған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады.
Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмей, тәлтіректеп барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық жатты. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, - деді талмаусырап жатып, - жолдың көбі кетіп, азы қалды».
138
A) Бозбала
B) Қарт адам
C) Жігіт ағасы
D) Жігіт
E) Oртa жастағы адам
15.Кейіпкердің мақсат еткен асуын
бағындырған кезі суреттелетін азатжол
A) Тоғызыншы
B) Алтыншы
C) Бесінші
D) Жетінші
A) Оныншы
B) Екінші
C) Алтыншы
D) Сегізінші
E) Үшінші
16.Табиғат көрінісі суреттелген азатжол
A) Екінші
B) Сегізінші
C) Үшінші
D) Алтыншы
E) Бірінші
E) Оныншы
Достарыңызбен бөлісу: |