Теріні түтінен тазалаудың тәсілі
A) Кептіру B) Жел қаптыру D) Түгін қыру E) Сапсып жуу
C) Далаға жаю
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Біткен іске сыншы көп.
B) Шапқан - озар, жатқан - қалар.
C) Жердің сәні егін,Ердің сәні - білім.
D) Отынды шапқанға жақтыр,Малды тапканға бақтыр. E) Мал жисаң, қонысын тап,Ac жисаң, ыдысын тап.
1220 нұсқа
1-мәтін
Адамдар қандай болмасын әр түрлі істің айқындығын, дәлдігін, нақтылығын қалайды ғой.
Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс.
«Осы ойдың мәнісі не?» деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірт өзара пікірлері тоғыспай,
ұзақ таласады. Бірақ қанша айтысса да, тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды. Ақырында
ғұлама ұстаздарына барып, пікірталастарының түйінін шешіп беруі үшін өтініштерін айтады;
О, құрметті ұстаз, біз ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келіп, әрекетсе қалай ықпал
ететіні, атқаратын қызметінің мәртебесі жайында пікір таластырып, бір түйінге тоқтала
алмай дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!...
Әбунасыр біраз ойланып отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне былай деді:
Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады. Сол пікір мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір адамның пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, сонда пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Пікір мен сенімнің бір арнаға түспеуі дау- жанжалды қоздырады. Ал ақиқат адамға айқындықты үйретеді. Онсыз дәлдік жоқ.
Әбунасыр қорытқан ой шәкірттердің санасыңдағы ақиқаттың әлі бұлыңғыр жолын нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты.
1.Шәкірттердің ортақ пікірге келе алмау себебі
A) Мақтанқұмарлықтары
C) Өздеріне тым сенімді болуы
E) Ақиқат пен пікірдің айырмашылығын білмеуі
B) Атаққұмарлықтары
D) Өздерін артық санаулары
2. Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі қандай?
Әр адамның қарама-қайшы пікірінен туады
Көзқарастардың әртүрлілігінен туады
Адамның сенімінен туады
Біреудің сөзі ақиқат бола алады
Көзқарастардың бір жерден шығуынан туады
Израильде әрбір бала дарындылық бойынша тест тапсыру мүмкіндігіне ие көрінеді. Әрине, оның бәрі ата-анасының қалауы бойынша жүзеге асырылатыны анық. Жалпы, дамыған елдердің бірқатарында тек қана ақылдыларды ғана емес, сонымен қатар, керісінше, ақыл-ойы артта қалған балаларды да анықтаумен айналысатын арнайы бағдарлама бойынша тест өткізу баяғыдан дәстүрге енгенін айта кетелік. Израиль мемлекетінде бүгінде он бес мыңдай вундеркинд баланың жабық мектепте арнайы бағдарлама бойынша оқытылып жатуы мемлекеттің өз азаматтарының интеллектісін пайдаланудағы керемет жетістігі демеске болмайды.
Мемлекеттік құпияға жататындықтан, ондағы білім беру бағдарламасы туралы ешқандай мағлұмат алу мүмкін емес. Жапоныңда да, ағылшынында да бұл жағынан арнайы жүйе қалыптасқан. «Алтын басты балалардың» мемлекеттің дамуына зор үлес қосатынын жақсы білетін бұл елдер вундеркинд балаларға орасан қаражат бөліп отырады.
133
3. Мәтін мазмұны бойынша Израиль мемлекетінде вундеркинд балаларға деген көзқарас дәлелі
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады
Арнайы мектептерде көпшілікке арналған бағдарламамен оқытады
Арнайы қаражат тек ата-ана тарапынан бөлінеді
Жабық мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады ,
Баланың өз бетімен дамуына тыйым салады
Төменгі пікірлердің дұрысын таңдаңыз.
Вундеркиндтер әзірше ел үмітін ақтай алмай отыр.
тест тапсырарда бала ата-анасының қалауына сүйенбейді
Арнайы жобаны іске асыру - Жапон елінің өркендеуіне ықпал етті.
Дарынды балалармен жұмыс жасау көп қаражатты керек етпейді.
Израиль дамуы жетілмей қалған балаларға ғана көп қаражат жұмсайды.
5. Мәтін мазмұны бойынша «Алтын басты балалар» дегендер кімдер?
A) Ақыл-ойы баяу дамитын балалар B) Қарапайым балалар
C) Ерекше дарынды балалар D) Үлгерімі төмен оқушылар
E) Үлгерімі орташа балалар
Тұжырымдардың дұрысы:1.Израиль мемлекетінде жабық мектептер жоқ-
2.Израильде 15000-дай бала арнайы бағдарламамен оқиды.3.Жапондықтар мен
ағылшындар «Алтын басты» балалар мемлекетке тек шығын әкеледі деп есептейді.
A) Тек үшіншісі B) Тек екіншісі C) Бірінші мен екіншісі D) Тек біріншісі E) Екінші менүшіншісі
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс жинау кезеңі - әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбіндс асығыс-үсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді, Маған әкем өзінің өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни адамдардын өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап жүргендей боп көрінетін.
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки таңдыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап келгендерге «жоқ» демейтін.
Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдсм сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін. Ең бастысы - әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. «Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп коймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден қайтпаса, құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз сөздің өзіне қатты риза болып қалатын.
Бір жолы әкем үйге ете кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі:
Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап- жасқап жүргеніңіз калай? - деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді:
Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ?
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» дегендей маған күлімсірей қарады.
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып қалғап көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Әке мен бала арасындағы қарым-катықасты орнату
Әке еңбегінің өтеусіз қалғаны туралы
Әкенің ауылдастарына деген шексіз қамқорлығын паш ету
Әкесіне деген екпесін жеткізу
Автордың ауылдастар ықыласына бөленгені турлы айту
134
8. Мәтінде суреттелетін кезең 9. Жеңгесінің әрекетінен оның
A) Соғысқа дейінгі жылдар қандай ойын аңғарамыз
B) Жеңіс қарсаңындағы жағдай A) Жағдайды түсінбегендігін
C) Соғыстың алғашқы жылдары B) Інісінің сөзін қолдамайтынын
D) Соғыс кезіндегі жағдай C) Күйеуінің сөзімен келісетіндігін
E) Соғыстан кейінгі жылдар D) Мән-жайға немқұрайлылығын
E) Күйеуінің сөзін қолдамайтынын
Ағасының зілді сөзіне қайтарған жауабы кейіпкер әкесінің қандай қасиетін көрсетеді?
A) Сабырсыздығын B) Өзімшілдігін C) Кеңпейілдігін
D) Бірсөзділігін E) Қырсықтығын
Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі
A) Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған B) Әкесі тек өз үйінің қамын ойлаған
C) Әкесі өзінен гөрі басқалардың камын көбірек ойлаған D) Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған
E) Әкесінің мінезі ауыр болған
Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын?
A) Жеңгесі B) Көршілері C) Шешесі
D) Ауыл адамдары E) Ағасы
Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі - Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасаң, мөлдір судың түбіндегі тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері
— он төрт метр. Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына жеке әңгіме.
Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған. Негізінен, Ер Жасыбай - қан жұтқан калмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай Толыбайұлын басшы етіп әскер үйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болған. Мүның өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген. Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай баспи-ан жасақ жоңғарларға қарсы тұрып, жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған калмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен демалып жатқанда, қалмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды жаралап өлтірген.
Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып тастаған керінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады.
13. Баянауылдағы «Қалмаққырылған» 14. Мәтін қандай стильде жазылған?
жерінің атауы қай батырға байланысты. A) Іс қағаздар стилі
A) Жасыбай B) Ресми стиль
B) Абылай C) Ауызекі сөйлеу стилі
C) Бәсентиін D) Публицистикалық стиль
D) Бесен E) Ғылыми стиль
E) E)Олжабай
135
15. Екінші азатжол қандай
үлгіде жазылған?
A) Тарихи аныз .
B) Аңыз әңгіме.
C) Ой толғау.
D) Шыншыл ертегі.
E) Сын мақала.
17. Екінші азатжолдағы негізгі
ойға қай мақал сәйкес келеді?
A) Ел үмітін ер ақтар.
B) Ер аруағы - қаруы.
C) Ердің екі сөйлегені өлгені.
D) Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар.
E) Ер тарықпай, молықпайды.
16.Алғашқы азатжолда
ой қалай берілген?
A) Салыстыру арқылы
B) Суреттеу арқылы
C) Пайымдау арқылы
D) Дәлелдеу арқылы
E) Тұжырымдау арқылы
18. Мәтінді қай мақал
қорытындылап тұр?
A) Ер азығы мен бөрі азығы жолда.
B) Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі.
C) Ер - ырыстық кілті.
D) Ер есімі ел есінде.
E) Батыр жарасыз болмас.
|