1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым екенін дәлелдеңіз



бет35/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
33. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым екенін дәлелдеңіз. Тəуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда мемлекеттік жүйе, президенттік институт ядросы қалыптасуда. Бүгін жиырма жылға жуық уақытта Қазақстан мемлекеті үлкен асулардан өтті, міне, бұл президенттік институтының мемлекет механизміндегі жетістіктер деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.Əрине, 1995 жылғы Конституциямызды арқау етеміз.Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына сəйкес оның саяси жəне құқықтық рəсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси жəне құқықтық негізін жəне мемлекет пен қоғамның өзара іс- қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажеттілік берілген мəселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлгісінің саяси жəне құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы жəне демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тəжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тəуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың əдістерінің өзгеруі болды. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы жəне мемлекеттік «құрылыстың» қиын процесінің стратегиялық концепциясын, басқарудың берілген үлгісін таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын, саяси жəне конституциялық табиғатының ерекшеліктерін, барлық заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар əлі аяғына дейін əзірлеген жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің жəне халық бірлігінің кепілі жəне рəмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы. Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-əрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы- шетел мемлекетінің конституциясының тəжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дəстүрі актуалды болып отыр. Қазақстан Республикасында президент институттарының дамуы жəне қалыптасуына бағытталған, мемлекеттік саясатты теориялық жəне методологиялық талдау, мəселені анықтау, Қазақстанда президент институтының қалыптасуы мен дамуы, елде президент институтының қалыптасу процесінде туындаған мəселені шешуді көрсету жəне шығару болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері оның мемлекеттік механизм мен мемлекеттік билікті бөлісу жүйесінде алатын орны мен рөлі оның конституциялық құқықтық қатынастағы мəртебесін айқындайды. Ол біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жəне өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Аталған конституциялық норманың мазмұнына жүгінсек, бүгінігі таңда мемлекеттің даму стратегиясын, оның ұзақ мерзімді біріншілігін, эволюцияның жалпы бағдарламаларын анықтау ҚР Президентінің мойнына жүктеледі.Өзіне жүктелген қызметтерді атқару мақсатында ҚР Президентіне нақтылы өкілеттіктер берілген.Осылардың қатарында ең маңыздысы оның заң шығару, атқару жəне сот биліктері салаларындағы өкілеттіктері.Бұл ретте Президент билік тармақтарының өзара келісімді іс- əрекетін қамтамасыз ету өкілеттігіне ие. Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесі тəуелсіздікпен тұтас қалыптасып дамып келе жатқанына баріміз куəміз. Еліміздің тəуелсіздігін нығайту жолында күшті президенттік билік жүйесі қажет, əрине бұл мемлекеттік тұтастануға үлкен ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының Конститутциясына сəйкес Президентке үлкен өкілеттіктер берілген. Осы өкілеттіктердің арқасында заман талабына сəйкес дамудамыз. Қазақстан Республикасында Президенттің негізгі тарихи атқаратын рөлі еліміздегі саяси- тұрақтылық пен биліктің тұтастығын сақтау, Конституция Президентті осындай өкілеттіктермен толық қамтамасыз еткен.
34. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қайраткерлері еңбектерінің тарихи құндылығы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н. Бөкейхановтың 150 жылдық және елімізде Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу мерейтойының атап өтілуінің барысы мен маңызы. - 2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетін болды. Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді жауапкершілік - Қазақстан Үкіметі мен Алаш көсемінің өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдар мойнында. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (05.03.1866 - 27.09.1937) - соңғы хан-сұлтандардың бірі - Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Сонау Омбыда оқыған 1886-1890 жылдары-ақ Әлихан Бөкейханов Ресей империясының отарлық езгісінде отырған алты алашының тарихын, мәдениетін, көшпелі шаруашылығы мен кәсібін зерттей келе, отаршыл империяның жүргізіп отырған жыртқыштық, озбырлық саясатына қоса туған халқының тұрмыс-тіршілігіне деген сыни көзқарасын білдіре бастайды. «Қыр халқы, - деп жазады Қыр ұғлы (алғашқы лақап аты - С.А.) - Әлихан 1889 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген бір мақаласында, - бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін (өле өлгенше.С.А.) бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады». «Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым-шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті. «Алаш» қозғалысының басы-қасын­да жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын, бір кезде қуатты мемлекет болған Қазақ хандығының бірліктен, күш-қуатынан айырылып, отарлыққа түсуінің объективті де субъективті себептерін анықтады. Ол, сондай-ақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының отарлау саясатына ең ауқымды қарулы қарсылық көрсеткен Кенесары хан көтерілісінің өз мақсатына жете алмауының тарихи себептерін де зер сала зерттеді. 1903 жылы Санкт-Петербургте Әлихан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясын жариялады. Бұл шығармасында ол Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуын, хандықтың кейінірек үш жүзге бөлініп Ресей империясымен одақ құрамын деп оның отарына айналуы, ақыр аяғында Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жылдардағы екі ереженің күшімен хандық институты жойылып, қазақтың ұлттық мемлекеттігінен айырылған тарихын мейлінше жан-жақты сипаттап берді. 1910 жылы өзінің ең танымал «Қазақтар» атты тарихи-анықтамалық очеркін жариялады. 1917 жылдың 5-13 желтоқсаны аралығында Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтті. Қазақстанның бірқатар тарихшылары съезде қабылданған құжаттарға сүйеніп, 1917 жылдың 13 желтоқсанын "Алашорда үкіметінің құрылған күні" деп есептейді. "Алашордашылардың" жетекшілері көбіне патшалық Ресейдің либералдық бағыт ұстанған Конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер – ред) мүшелері, я ниеттестері еді. Биыл 100 жыл толған осы датаға байланысты қандай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар жасалды? 2017 жылдың басында Қазақстан үкіметінде "Алашорда" үкіметінің 100 жылдығына арнап түрлі іс-шаралар өткізу жөнінде арнайы жиын өткен еді. Сол кезде "Алашорданың" 100 жылдығына арнап кинолар түсіріп, кітаптар шығару, Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйін мемлекет меншігіне алып, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіп, ғылыми орталық ретінде қайта құру жұмыстары жасалған..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет