32. 1920-1930 жж. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстарға салыстырмалы талдау жасаңыз. 1925 жылы желтоқсанда БК (б) XIV сьезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті,олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік экономикалық,мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп,асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады,ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді.Баяу болса да,республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттары,жеңіл өнеркәсіптің тері илеу,жүн жуу,т.б кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты.Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды.Мұндай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды.Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді. Транспортқа ерекше көңіл бөлінді,себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай,жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін қала мен ауыл,өнеркәсіп орындары ен ауыл шаруашылық арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді.Республиканың негізгі теміржол арқауы Орынбор Ташкент күре жолына көп мөлшерде проволдар мен вагондар,отын көмір,ТЖХК салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп,кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары,көлік тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды.Сөйтіп Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды.Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспортты мемлекеттік сектор едәуір нығайтып,дами бастады.Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлестері дами бастады. Қазақстанның индустриялық дамуындағы қиындықтардың шиеленісуіне тағы бір себеп болған жағдай – жаңа өнеркісіптік және транспорттық құрылыс көп жағдайларда тиісті техникалық құжатнамасыз басталды,жаңа құрылыстарды құрылыс материалдарымен,ақшалай қаржымен,техникалық механизмдермен,көлікпен,жұмыс күшімен,ал құрылысшыларды тұрғын үймен, азық түлікпен ауыз сумен,санитарлық емдеу қызметтерімен т.с.с қамтамасыз ету мүмкіндіктері жете қарастырылмады. Қазақстанда индустрияландырудың сонымен қатар бірге өзіндік ерекшеліктері болды,олар жоғарыда аталған және басқа да қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен,сондай ақ табиғи,еңбек және экномикалық техникалық қорлар деңгейімен де ссипатталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті. Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан жедел зерттеуге зор күш жұмсалды. 1928-1929 жылдары Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам барлау партиясы Қазақстанның жер қойнауларын зерттеумен айналысты. «Қару голь» «Алтайполиметалл», «Балхашстрой», «Казполиметалл» сияқты аса ірі жаңа құрылыстардың жанынан геологиялық-барлау бөлімдері құрылды, арнаулы Қазақстан геологиялық-барлау тресі ұйымдастырылды, «Эмбанефть» құрамында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Актюбникель» жанында геологиялық барлау қызметі жэәне т.б. ашылды.