1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


ж. Тіл туралы Заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына сараптамалық талдау жасаңыз



бет47/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

46. 1989 ж. Тіл туралы Заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына сараптамалық талдау жасаңыз. Ұлттың әлемдік қауымдастықта сақталуын қамтамасыз ететін факторлар көп. Оған ең алдымен сол ұлттың өзіне тиесілі және басқа халықтар мойындаған жері мен тәуелсіз мемлекетінің болуы, жоғарыда аталған факторлардан бірде-бір кем емес, халықтың дербес тілінің болуы жатады. Жеке тілі мен мәдениеті жоқ ел түптің-түбінде ыдырап, тарихтың тұңғиығына батып кететіндігін әлемдік тәжірибе ұдайы дәлелдеп келеді. Өзінің өмір сүруінің рухани қор¬ғаныс тетіктерін іске қосқан ха¬лық¬тардың мемлекеттері қуатты. Оған дәлел ретінде Қытай, Жапония, Ұлы¬британия елдерін келтіру болады. АҚШ-тың халқын ағылшын тілі мен англо-саксондық мәдениет топтастырып отыр. Демек, әрбір ұлттың ғасырлар қойнауынан келе жатқан қорғаныс қабілеті, қорғаныс амалы болады. Экономикалық және әскери қуатқа этностың рухани, дүниетанымдық тілдік және дәстүрлік бірлесуі қосылса, халықтың бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Бұл құбылысты ғылымда ұлттық, этникалық бірегейлену деп атап жүрміз. Ұлттық бірегейлену этностың қорғаныс қабілетін нығайтуда шешуші факторлардың бірі болып есептеледі. Ал ұлттық бірегейленуді сол халықтың ана тілінде жасалған рухани және шығармашылық мұрасы қалыптастырады. Өзінің рухани ұстаздарының мұрасын ана тілінде бойына сіңірген ұлт ешқандай сыртқы жауларға алдырмайды, ішкі бөліністерге, таластарға төтеп береді. Бұл ретте Елбасымыз осы рухани фактордың даму заңдылығын терең түсініп отырған мемлекеттік қайраткер екендігі сөзсіз. Президенттің елдегі тіл мәселесіне қатысты ұстанымын зерделегенде, оның нағыз демократиялық тұрғыда іске асарлық тіл саясатының жақтаушысы екеніне көз жеткіземіз. Қазақ тілі эволюциялық жолмен дамытылып келеді. Сол себепті де еліміздегі тіл саясатында қысым немесе шектеу қою тәсілдері атымен жоқ. Елбасы барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білгенін қалап, бұл істің әр азаматтың еркімен болғандығын дұрыс санайды. Елбасының Қазақстандағы тілдік үдерістерге көзқарасы 1989 жылы Кеңес Одағының күйреуі жағдайында қабылдан¬ған «Қазақ Советтік Социалистік Респуб¬ли¬касының Тіл туралы» Заңында көрініс тапты. Бұл Заң Қазақстан тарихында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындап берді. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді. Аталған Заңда тәуелсіздік алар жылдардағы этнодемократиялық ахуал ескерілді. Бұл кезде ел халқының 38 пайызы орыстар және 12 пайызы орыстілді өзге этнос өкілдері болатын. Қазақтардың үлес салмағы 40 пайыз ғана еді. Қазақтар саны 6 млн. 497 мың болса, орыстар 6 млн. 93 мың болатын. Қазақтардың 30 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейтін. Тілдік ахуалдағы осы қайшылықты Елбасы Заң арқылы шешуді мақсат етті. Бұл қадам елдегі әлеуметтік-этникалық келісімді сақтау үшін ауадай қажет болды. 1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабыл-дан¬¬ған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқ¬талатын болсақ, бұл Заң Ресеймен страте¬гия¬лық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қос¬қандығы даусыз. Қазақстан билігі ел хал¬қының тең жартысынан астамы болып та¬бы¬латын орыстілді азаматтардың тілдік және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті. Осылайша қазақ тілін дамыту мәселелерін шешу ел азаматтарының ниеттері мен талап-тілектеріне байланысты екенін байқаймыз. Заңда барлық мекемелерде қай халықтың үлес салмағы көбірек болса, сол тілде сөйлеу және іс қағаздарын жүргізу міндеттелген еді. Бұл Заң елдегі тілдік ахуалды сауықтыруда табысты нәтижелер берді деп айтуға болады. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы барысында, сондай-ақ елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң 1995 жылы қабылданған ҚР Конституцияның 7-бабының талаптарының шеңберінде жасалынды. 1989 жылғы Заңға қарағанда, жаңа Заң қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейте түсті. Мемлекеттік тіл елдегі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында міндетті түрде қолдануға тиіс болды. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспораларының мемлекеттік тілді білуіне қамқорлық жасауы қажет екені айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет