45. Қазіргі білім беру моделін Кеңестік білім беру жүйесімен салыстыра талдаңыз Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі Кеңестік білім беру жүйесі.Мектеп білімінің жаңа жүйесін жасау мемлекеттік басқарудың бұрынғы құрылымын қайта құру арқылы жүзеге асырылады. БОАК-тың 1918жылғы 16 қазандағы «Біріңғай еңбек мектебі туралы» Ережесіне сәйкес бұрынғы бастауыш училищелердің,гимназиялылардың,реалдық училищелердің және басқа да оқу орындарының орнына 2 сатыдан тұратын біріңғай еңбек мектебі бекітілді,оның біріншісі 8-ден 13 жасқа дейінгі, екіншісі 13-тен 17 жасқа дейінгі балаларға арналды.1917 жылдың соңы -1918 жылдың басында мектеп білімінің мәселелері барлық деңгейлердегі Кеңестер съездерінде талқыланды.Осы жұмыс Азамат соғысы және шетелдік интервенция кезінде де жалғасты. Қабылданған шаралар балаларды оқумен қамтуды біршама жақсартты.1914-1915 оқу жылында 2011 мектеп болса, 1920-1921 оқу жылында республикадағы мектептер саны 2410-ға жетті.Мектепте білім беру мәселесін жетілдіру көпшілік мектептерде қажетті материалдық-техникалық базаның болмауының, сондай-ақ мұғалім кадрларының жетіспеуінен де тежеліп отырды. 20-жылдардың соңына қарай мектепте білім беру проблемасының шешілмеуі айқын фактіге айналды. Ол Халық шаруашылығын индустрияландыру үрдісінен шығы алмады,сауатсыздықты жою жөніндегі барлық іс-шара кемшін соғып жатты.