44. Әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және күшейту жолындағы атқарылған істерге талдау жасаңыз. Әлемдік саясатта біздің еліміз - талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз. Біз өз қауіпсіздігіміз үшін халықаралық үнқатысу алаңы - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашылық жасадық. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд-тан асатын 24 елді біріктіреді. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті. Астана экономикалық форумында біз үнқатысудың жаңа пішінін – G-global-ды ұсындық. Бұл бастаманың мәні – әділетті де қауіпсіз әлемсипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру. Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды.