1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар: қызметі мен қоғамда атқаратын рөлін айшықтаңыз



бет48/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

47. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар: қызметі мен қоғамда атқаратын рөлін айшықтаңыз. 1990-1995 жылдардағы саяси-экономикалық жағдайларда әр түрлі саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың туындап, саяси жүйенің қалып¬тасуы орын алды. 1989 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы негізін¬де құрылған Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХКП) 1991 жылғы 5 қа¬зан¬да өткізілген партияның І съезінде бекітілді; 1991 жылғы 4 қыркүйекте Қа¬зақ¬станның Республикалық партиясы құрылып, 1999 жылғы 29 мамырда Аста¬на¬да өткізілген съезде оның атауы «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы («Алаш» ҚҰП) болып өзгертіліп, жаңа Жарғысы мен бағдарламасы қабылдан¬ды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Әділет партиясы болып кейіннен құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. алынды. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы қазанда «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет