1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


: Вокализмдегі жақтың қатысына анықтама



бет11/21
Дата10.10.2023
өлшемі111,1 Kb.
#184490
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері-emirsaba.org

2: Вокализмдегі жақтың қатысына анықтама.
Жактың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә;
ә) жартылай ашык дауыстылар: о, ө, е;
б) қысаң дауыстылар: ұ,ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда астынғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен қашыктай туседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай туседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралырында айтылады.
11 билет
1:Қазақ тілінде кездесетін протеза,элизия құбылысы.
Протеза (грек‚ prothesіs – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыс қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Қазақтың төл сөздері й‚ у‚ р‚ л үнділерінен басталмайтыны белгілі. Тілімізге енген кірме сөздер осы дыбыстардан басталуы әбден мүмкін. Оларды бастықтырып өзіндік ету (игеру) үшін алдарынан дауыстылардың бірін қойып айту керек болады.
Элизия (лат. elіsіo – ығыстыру) – көрші буындар арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысы түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала)‚ алалмады (ала алмады)‚ айталмады (айта алмады)‚ жоғаріл (жоғары іл)‚ жақсөнер (жақсы өнер)‚ жақсөлең (жақсы өлең)‚ жыйырмалты (жиырма алты)‚ екайғыр (екі айғыр)‚ мынадам (мына адам)‚ алешкі (ала ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция түрінде танып келген орны (орын-ы)‚ ерні (еріні)‚ мұрны (мұрыны)‚ қарны (қарыны) сияқты құбылысты контактісіз элизия дейміз. Өйткені дауыстылар арасында дауыссыз бар.
2. Консонантизмдердің жасалу жолына қарай жіктелуі

Қазіргі кезде әлемдік лингвистикада дауыссыз дыбыстар былайша жіктеліп жүр:


1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у) (билабиаль);
2.Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в (лабиаденталь);
3.Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з (денталь);
4.Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л (альвеоляр);
5. Тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ (палаталь);
6. Тіл ортасы дауыссыздары: к, г (препалаталь);
7. Тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ (веляр);
8. Көмей дауыссызы: һ
Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл (эксплозив): п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың (фрикатив): ф, в, с, ң, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді. Шұғыл дауыссызсыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп шұғыл шығады. Ал ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады.
Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді
1) ерін немесе лабиаль дауыссыздар. Ерін дауыссыздары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе үстіңгі тіскетиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді:
а)астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік(губно-губные) немесе билабиаль дауыссыздар жасалады.Мысалы: б, п,м; ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан ерінді-тіс (губно-зубные) немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы: в, ф.
2) Тіл алды дауыссыздары. Тіл алды дауыссыздарының жасалуында тілдің алдыңғы бөлегі активті қызмет атқарады. Ол өз ішінде екіге бөлінеді. а) тіс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, л; ә) тіл ұшын немесе альвеоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж.
3) Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта шенінің үстіңгі жағынығ қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі й дыбысы және неміс тіліндегі графикалық жақтан сһ әрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ – «мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.
4) Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты шенініңдарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң дыбыстары жатады.
5) Көмей (фрингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Бұған һ дыбысы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет