2:Орфографиядағы регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз.
Орфографиядағы регрессивті ассимиляция - толық регрессивті ассимиляция деп аталады.
Егерде сөз қатаң қ,к,п дыбыстарына аяқталса қосымша дауысты дыбыстан басталаса қ- ғ,к-г,п-б немесе у дыбысына алмасады.Мысалы:жүрек-гі
10 билет
1:Қазақ фонетикасы зерттелімінің алғашқы кезеңі жайлы анықтама.
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. ХIX ғасырдың 2 жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін , салт-дәстүрін жетік біліп, тілін, дінін, жан-жақты зерттеуді қолға алды.
Қазақ тілінің фонетикасы жайлы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский еңбегінде айтылды. »Материалы к изучению киргизского языка» деген еңбегінің (162-бет) 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады,. Н.И.Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамы 8 дауысты және 19 дауыссыздан тұратынын жазады.Сөздікте келтірілген мысалдардан (бүлдірген, мұрындық) ерін үндестігінің ықпалы зор болғандығын көруге болады.
А.В.Старчевскийдің «Спутник русского человека в средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген.
Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық, қысаң, жуан, жіңішке, еріндік, езулік деп жіктейді. Ал дауыссыздарды іштей қатаң,ұяң, үнді және аралық немесе у, и жарты дауысты дыбыстар деп бөлген.Түркітанушы Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Дауыстылардың сингармонизмін, дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған.
Зерттеуші П.Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымы біраз баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы, оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтылады. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар, қазақ тілінде сингармонизм заңы жақсы сақталғанын, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |