21 билет 1)Фонема, дыбыс, әріп анықтама Фонетикалық аспектілер Фонема (гр. phonema – дыбыс) – сөздер мен морфемаларды құрастырып‚ оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі немесе сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.
Дыбыс фоннтиканың ең кішкентай бірлігі ,мағынасы жоқ белгілі бір тілдегі фонемалардың тіркесуі арқылы мағына құрай алады.Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер:өкпе ,кеңірдек,дауыс шымылдығы,көмей ,ауыз қуысы,мұрын ,тіл ,кішкентай тіл,иіс,ерін,таңдай,жақ т.б.Бұларды сөйлеу аппараты деп атайды.
Әріп—дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп — шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты.
Артикулация -тіл дыбыстарын айтудағы сөйлеу мүшелерінің қызмет ету жүйесі.Тіл дыбыстарын шығарудағы ,жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді.Адамның сөйлеу мүшелері артикуляциялық мүшелер немесе артикулятты аппарат деп аталынады . Акустика-дыбыстардың жасалуы мен олардың естілуін,дыбыстық белгілерді ,сондай ақ дыбыс құрастыратын және оларды танып-білетін қондырғыларды жасайтын акустиканың бір бөлшегі .Сөйлеу сигналының құрылымын ,сөйлеудің қалыптасуын және адамның сөйлемді қабылдау процесін зерттейтін жалпы фонетиканың бөлімі.Акустика дыбыстардағы мынадай белгілерді ажыратады :дыбыс ырғағы,дыбыс күші,дыбыс әуені,дыбыстың созылыңқылығы Перцепция-ауыз қуысынан ауаға шыққан дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі болып табылады.Сонда әрбір дыбыс төмендегідей тізбек бойынша талданып шығады дыбыс ауыз қуысында жасалады ,келесі ауа кеңістігіне шығады,нәтижесінде құлаққа жетеді.
2. Консонантизмдердің жасалу жолына қарай жіктелуіҚазіргі кезде әлемдік лингвистикада дауыссыз дыбыстар былайша жіктеліп жүр:
1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у) (билабиаль); 2.Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в (лабиаденталь);
3.Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з (денталь); 4.Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л (альвеоляр);
5. Тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ (палаталь); 6. Тіл ортасы дауыссыздары: к, г (препалаталь);
7. Тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ (веляр);
8. Көмей дауыссызы: һ Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл (эксплозив): п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың (фрикатив): ф, в, с, ң, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді. Шұғыл дауыссызсыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп шұғыл шығады. Ал ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады.
Дауыссыздар артикуляциялық орнына қарай мынадай топтарға бөлінеді 1) ерін немесе лабиаль дауыссыздар. Ерін дауыссыздары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе үстіңгі тіскетиюінен жасалады. Лабиаль дауыссыздар өз ішінде екі топқа бөлінеді:
а)астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін-еріндік(губно-губные) немесе билабиаль дауыссыздар жасалады.Мысалы: б, п,м; ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан ерінді-тіс (губно-зубные) немесе лабиоденталь дауыссыздар жасалады. Мысалы: в, ф.
2) Тіл алды дауыссыздары. Тіл алды дауыссыздарының жасалуында тілдің алдыңғы бөлегі активті қызмет атқарады. Ол өз ішінде екіге бөлінеді. а) тіс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар: т, д, с, з, н, л; ә) тіл ұшын немесе альвеоляр дауыссыздар: ч, ш, р, ж.
3) Тіл ортасы дауыссыздары. Тіл ортасы дауыссыздары тілдің орта шенінің үстіңгі жағынығ қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады. Бұған орыс тілі мен қазақ тіліндегі й дыбысы және неміс тіліндегі графикалық жақтан сһ әрпімен таңбаланатын дыбыс (мысалы, ісһ – «мен» деген мағынада қолданылатын сөздегі дыбыс) жатады.
4) Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты шенініңдарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң дыбыстары жатады.
5) Көмей (фрингаль) дауыссызы. Дауыссыздың бұл түрі жұтқыншақ қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады. Бұған һ дыбысы жатады.