1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


билет 1.Жартылай прогрессивті ассимиляцияның кездесетін орны



бет15/21
Дата10.10.2023
өлшемі111,1 Kb.
#184490
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері-emirsaba.org

16 билет
1.Жартылай прогрессивті ассимиляцияның кездесетін орны.
Ассимиляция:
•Жартылай түрде ұшырайды: басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ұқсатады: қыз+ға, тас+қа. Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, басқа тілдерде де тым сирек кездеседі.

Жартылай ассимиляцияның кездесетін орны:
1)Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, айтылуда қосымшаның бұл дыбысы ш дыбысына айналады: жазуда ескерілмейді шаш+са (шашша), қаш+са (қашша).
2)Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң болып, одан кейінгі сөздің алдыңғы дыбысы қ,к болса, айтылуда ұяңдап ғ,г дыбыстарына айналады: жазуда ескерілмейді, атың кім?(атың гім?), ала көйлек (ала гөйлек). Сондай-ақ, с+д, т+д, ш+д келгенде д қатаңданып, т-ға жуықтайды: тас дәуір (тас тәуір), төрт дәптер (төрттәптер).
2.Консананттардың жасалу тәсілі.
Консанантизм-өкпеден шыққан фонациялық ауаның кедергіге ұшырап шығуы.
Жасалу тәсіліне қарай: І.Кеңесбаев 2ге бөлді. Шұғыл(эксплозив):п,б,т,д,к,қ,г Ызың(фрикатив): в,ф, х, һ, ғ, с,з, ш, ж
Ә.Жүнісбеков тоғысыңқы: п,б,т,д,м,н,ң,қ,к,ғ
жайылыңқы: ш, ж, р, й
жинақы: с, з, г, у
діріл: р
жанама: л
жабысыңқы: ж
А.Байтұрсынов жабысыңқы: п, б, т, д, к, қ, г
жуысыңқы: ш, ж, с, з, в, ф, ғ, х, һ
І.Кеңесбаев ауыз жолды: р, л, й, у
мұрын жолды: м, н, ң
А.Байтұрсынов ауыз шығысты: р, л, й, у
мұрын шығысты: м, н, ң


17 билет
1.Қазақ тілі фонетикасының төл зерттелім кезеңіне шолу жасаңыз
ХХ ғасырдың басы қазақ тілі білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші – А.Байтұрсынұлы.
Сол уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу туралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондағы артық әріптерді алфавиттен шығарып, жеңілдетті. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды қызмет атқаратын қазақ тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз арасында кездесетін қысаң дауыстылар жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын құрамы дұрыс ажыратылмай, тек қиындық тудырды (алтын – алты, салқын – салқы). Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты.1928 жылы жарық көрген бір мақаласы «Дыбыстарды жіктеу туралы» деп аталады. Жіктелуде артикуляциялық, акустикалық қасиеттерді басшылыққа алған.
Дауыстыларды толық (а,е,о,ү,ы) және шала (р,ң,л,м,н,у,й) деп 2-ге бөледі. Шала дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты және мұрын шығысты болып 2-ге бөлінеді. Бұлардан басқа қысаң бөгеулі, тұйық бөгеулі, босаң бөгеулі сияқты ажыраулар да кездеседі.
Фонетиканың зерттелуіне үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің бірі – Х.Досмұхаммедұлының есімін ерекше атауға болады. «Қазақ-қығыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегі қазақ тілі бөліміндегі кең ауқымды ғылыми зерттеу болып табылады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, тіл үндестігі жан-жақты айтылған. Х.Д. сингармонизмді «таңдайлық әуенді заң» деп атайды. Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты.
Қазақ тілінің фонетикасы дыбыстық жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. «Фонетика – дыбыс, тіл дыбыстарының тілдік ұқсас қасиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жақты талдап, түсіндірді.
Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан и,у жуан-жіңішкелі түрде қолданылатын үу/ұу,ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбановтың 1935 жылғы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне арқау болып, мақалада и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылғы оқулығында қосынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан құралған деген шешімге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет