4-анықтама.Вектордың бас нүктесі мен соңғы нүктесі үйлескен болса, ол вектор нөльдік вектор деп аталады. Нөльдік вектордың бағыты анықталмаған, яғни кезкелген бағытты қабылдайды. Нөльдік векторды түрінде белгілейміз.
Ескерту: Қарастырылатын векторының бас нүктесі үшін кеңістіктегі немесе жазықтықтығы кезкелген нүктені (қажеттілігіне қарай) алуға болады. Сондықтан, олар да бос немесе ерікті векторлар деп атайды. Алдағы уақытта қарастырылатын векторларды ерікті векторлар деп түсіну қажет.
5-анықтама.Бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатқан векторлар өзара коллинеарлы деп аталады (1.1б-сурет).
6-анықтама.Өзара коллинеарлы, ұзындықтары мен бағыттары бірдей және векторлары тең векторлар деп аталып, түрінде жазылады (1.1в-сурет).
7-анықтама. Өзара коллинеарлы, ұзындықтары бірдей, ал бағыттары әр түрлі, және векторлары қарама-қарсы векторлар деп аталады және түрінде жазылады.