1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету



Дата30.01.2017
өлшемі15,53 Kb.
#8346
түріСабақ

1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.

  • 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.
  • 2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.
  • 3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
  • Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
  • Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, тест т.б.
  • Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, плакаттар т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

  • І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу
  • ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
  • II. Үй тапсырмасын тексеру.
  • ІІІ. Жаңа сабақ.
  • ІV. Сабақты бекіту (Деңгейлік тапсырмалар)
  • V. Қорытынды. (Венн диаграммасы.)
  • Үйге тапсырма беру.
  • VІІ. Оқушыларды бағалау.

Баяндауыш

  • Баяндауыш
  • Сөйлем мүшесі
  • Тұрлаулы мүшелер
  • Тұрлаусыз мүшелер
  • Бастауыш
  • Баяндауыш
  • Анықтауыш
  • Толықтауыш
  • Пысықтауыш
  • Сөйлем мүшесі
  • Тұрлаулы мүшелер
  • Тұрлаусыз мүшелер
  • Бастауыш
  • Баяндауыш
  • Анықтауыш
  • Толықтауыш
  • Пысықтауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.

  • Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.
  • Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?
  • Не істемек т.б.

Баяндауыштардың жасалу жолдары

  • Баяндауыштардың жасалу жолдары
  • Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы – етістіктер.
  • Мысалы: Амантайдың жүрегі аттай тулады. (С.Мұқанов.)
  • Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
  • Зат есімдерден болған баяндауыштар:
  • Түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім- шекер, тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)
  • Сын есімдерден болған баяндауыштар:
  • Ауа-райы жақсы. Қар қалың.
  • Сан есімдерден болған баяндауыштар:
  • Мен он бестемін. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. (Мақал.)
  • Есімдіктерден болған баяндауыштар:
  • Басқаға үлгі болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы.(М.Әуезов.)
  • Баяндауыш
  • Дара
  • Күрделі
  • бір сөзден
  • Екі, одан да көп
  • Оқушылар келе
  • жатыр.
  • Дара баяндауыш
  • Күрделі баяндауыш
  • Нұрлан мектепте оқиды.
  • Ол бөлмені тазалады.
  • Біз Қазақстанда тұрамыз.
  • Ертең жаңбыр жауады.
  • Машина баяу жүріп келе жатыр.
  • Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.
  • Келе жатқан үшеу екен.
  • Ол келуге тиіс екен.

Адам баласы табиғатты .

  • Адам баласы табиғатты .
  • Біз бұлақтардың көзін .
  • Су мол болса, астық та .
  • Көк шөпті таптауға .
  • Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен .
  • Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.

Жүре, ай, мен, берсем, анам, мәз, қасыңда, ботам, болып, әйбәт, деген, оянам, анам, дауысыңнан.

  • Жүре, ай, мен, берсем, анам, мәз, қасыңда, ботам, болып, әйбәт, деген, оянам, анам, дауысыңнан.

Жауабы:

  • Жауабы:
  • Жүре берсем қасыңда әйбәт анам,ай анам,
  • Ботам деген дауысыңнан мен мәз болып оянам.
  • Жүре берсем- күрделі баяндауыш.
  • Оянам-дара баяндауыш.

Керден үндей алмады. Ол түстен кейін командасын алаңға алып келді. Күн ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң ортасы құм төселгендіктен тың. Айналасында сары балшық шыланып езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі. Қайсарлар да келген. Олар екінші тордың айналасына шоғырланды.(С.Сар.)

  • Керден үндей алмады. Ол түстен кейін командасын алаңға алып келді. Күн ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң ортасы құм төселгендіктен тың. Айналасында сары балшық шыланып езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі. Қайсарлар да келген. Олар екінші тордың айналасына шоғырланды.(С.Сар.)

Ойын.  «Жалғасын тап» 1-бағанда сөйлемнің басы берілген, 2-бағаннан жалғасын тауып, дұрыс сөйлем құрап жазу керек.

  • Ойын.  «Жалғасын тап» 1-бағанда сөйлемнің басы берілген, 2-бағаннан жалғасын тауып, дұрыс сөйлем құрап жазу керек.
  • Оқысаң     -----------------    сусын ішесің
  • Аяғың ауырса   --------------  күн жылынады
  • Көп  ұйықтасаң   -------------   қолыңмен сүртпе
  • Шөлдесеңіз  -----------------    басың  ауырады
  • Көзің ауырса  -------------  көп  жүрме
  • Жаз  шықса  -----------  түсінесің.

  • 1.Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем не деп аталады?
  • А. құрмалас сөйлем
  • В. жай сөйлем
  • С. сабақтас құрмалас сөйлем
  • D. салалас құрмалас сөйлем
  • Е. аралас құрмалас сөйлем
  • 2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?
  • А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6
  • 3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер не деп аталады?
  • А. Сөз таптары D.сөз тіркесі
  • В. сөйлем мүшелері Е. сөз формасы С. сөз
  • 4. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз?
  • А.бастауыш D. толықтауыш
  • В. анықтауыш Е. сөз тіркесі
  • С. баяндауыш
  • 5. Сөйлемде айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?
  • А. Баяндауыш D. анықтауыш
  • В. бастауыш Е. пысықтауыш
  • С. толықтауыш
  • 6. Бастауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
  • А.Үй іші ұзақ жым-жырт болды.
  • В. Еңбек еткен ер атанар.
  • С. Ертең құрылыс жұмысы басталады.
  • D. Оқушылар мектептен қайтты.
  • Е. Астана қаласы қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.

7. Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?

  • 7. Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
  • А. Жаңбыр құйып кетті.
  • В. Өтеген он төрт жаста.
  • С. Бәйтерек кешені- тәуелсіздіктің символы.
  • D. Әсел үйіне қайтты.
  • Е. Әкесі келгенін байқамай қалды.
  • 8. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • А. 2 В. 3 С. 4 D. 5 Е. 6
  • 9.Баяндауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
  • А. Апам келе жатыр.
  • В. Бақыт жүгіріп бара жатыр.
  • С. Омар мен Ермек өзенге барып, шөп шауып келе жатыр.
  • D. Мен сегізінші сыныпта оқимын.
  • Е . Арманбек өте жақсы кісі еді.
  • 10.Бастауыштың қимыл-әрекетін, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?
  • А. Бастауыш. В. анықтауыш С. толықтауыш D. пысықтауыш
  • Е. баяндауыш

Баяндауыш дегеніміз не?

  • Баяндауыш дегеніміз не?
  • Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
  • Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • Дара және күрделі баяндауыштарға мысал келтіріңдер?

Күз туралы 4-5 сөйлем құрап жазып, жасалу жолдарын анықтаңдар.

  • Күз туралы 4-5 сөйлем құрап жазып, жасалу жолдарын анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет