23. Аналогты күшейткіш құрылғылардың жұмыс жасау қағидасын
түсіндіріңіз
Аналогты электронды құрылғылар
- электронды приборлар негізінде
орындалған аналогты электр сигналдарын өңдеу және күшейту
құрылғылары. Аналогтыға олармен сипатталатын физикалық процесстер
заңдарымен өзгеретін сигналдар жатады.
Электронды күшейткіштер
оның кірісіне келетін электр сигналының тогы
немесе кернеуін, қуатын күшейтетін радиотехникалық құрылғылар болып
табылады. Олар радиобайланыс, радиоболжау, автоматика, өлшеуіш техника,
телекөрініс, тұрмыстық приборлар және т.б. құрылғыларда қолданылады.
Күшейткіштің құрылымдық схемасы:
Кіріс құрылғылары---> Алдын-ала күшейту каскадтары--->Қуатты күшейту
каскадтары--->Шығыс құрылғылары
Кіріс құрылғысы сигналдың тасымалын сигнал көзінен кіріс тізбегіне
орындайды. қосылатын сигнал көзі мүмкін емес жағдайында немесе
күшейткіш кірісіне мақсатты түрде қосу жағдайында қолданылады.
Алдын-ала күшейту каскадтары келесі блоктың дұрыс жұмысын қамтамасыз
ететін қажетті деңгейге дейін кернеу, ток, қуат бойынша сигналды күшейту
үшін арналған.
Қуатты күшейту каскадтары сигналдың шуы және формасынның
бұрмалануының мүмкін деңгейінде жүктемеде талап етілген қуат мәндерін
қамтамасыз етеді.
Шығыс құрылғылары сигналды қуатты күшейткіштерден жүктемеге
тасымалдау үшін талап етіледі. Жүктеменің тікелей қосылуы немесе
мақсатсыз қосылуында қолданылады. Кіріс және шығыс құрылғыларының
міндетіне тәуелді күшейткіш тек бір күшейту каскадынан тұруы мүмкін, бірақ
жоғарғы шығыс қуаттарын алу үшін оның құрамына каскадтар реті енгізіледі.
24. Аналогты күшейткіш құрылғылардың негізгі сипаттамалары және
классификацияларын түсіндіріңіз
Аналогты электронды құрылғылар
- электронды приборлар негізінде
орындалған аналогты электр сигналдарын өңдеу және күшейту
құрылғылары. Аналогтыға олармен сипатталатын физикалық процесстер
заңдарымен өзгеретін сигналдар жатады.
Электронды күшейткіштер
оның кірісіне келетін электр сигналының тогы
немесе кернеуін, қуатын күшейтетін радиотехникалық құрылғылар болып
табылады. Олар радиобайланыс, радиоболжау, автоматика, өлшеуіш техника,
телекөрініс, тұрмыстық приборлар және т.б. құрылғыларда қолданылады.
Күшейткіштер бірнеше белгілер бойынша жіктеледі(
Достарыңызбен бөлісу: |