1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен


Бегдербек құшбегі былтыр Есенгелді мен Саржанды өлтірсе, биыл Ләшкәр паруаншы алдап шақырып Қасым төренің өзінің басын алды



бет18/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект
Хамза Арайлым ПМНО СӨЖ қазіргі педагогикалық технология, ашық сабақ наз, 1613757734, 1, 259668
Бегдербек құшбегі былтыр Есенгелді мен Саржанды өлтірсе, биыл Ләшкәр паруаншы алдап шақырып Қасым төренің өзінің басын алды. Ал бұдан тоқтаған қайсы бар? Жараланған қасқырдай Қасымның Кенесары, Наурызбайы тіпті долданып алған жоқ па? Былтыр 500 үй болып ел шетіне келгеннен бері кең даланы күңірентіп жатыр. осы уақытқа дейін кейбір қоқан-лоқысы болмаса, негізінде тыныш жатқан қалың Арғынның арасына да іріткі мықтап түскен секілді. Өзі де шығуға таяу тұрған көз еді дегендей, Кенесарының қайтқаны кесір болды. Қазірдің өзінде Ақмола өкірігінің Байдалы, Қойлыбай — Шағыр, Жанай — Қалқаман, Темеш, Тыналы болыстары бас көтеріп отырған жоқ па? Оған сонау Азнабай балалары шоқ салып кеткен Қаржас руын, Бектастың Таймасы жел беріп отырған Төртқара ауылдарын, Қарқаралы өкірігінің атқа қона бастаған Жеңбай — Шаңшақ, Қара — Ақтымбет, Қорсын — Керней, Қояншы — Тағай болыстарын, 635 үй қырғызды, былтырдан бері ереуілдеп атқа мінген Кіші жүздің Табын, Тама, Жағалбайлы, Алшын, Жаппас, Шекті, Төртқара руларын, Дулаттың Иманы желіктіріп отырған Торғай бойының қалың Қыпшағын қоссаң не болды? Бұған Ақмола өкірігінің Қыпшағы мен Керейі де қосылады деген сыбыс бар. Сонда бұ жұрт бүкіл Арқаны қалың өртке айналдырмақ па? Сол өрттің көрігі биыл Ұлытау маңына, Қарақойын, Қашырлыға көшіп келген Кенесары. Жер дауын, салық дауын пайдаланып қалың қазақты патшаға қарсы өшіктіре түспек. Жұрттың өшігуі әсіресе мына Ақтау бекінісі салына бастағаннан бері тым өрши түскен тәрізді. Ақтау бекінісінің салынуын да Кенесары өз пайдасына жаратпақ: Ақтау, Қарқаралы, Ақмола, Аягөз өкіріктерінің тоғысқан жерінде тұр. Және оның болашақта атқарар борышы да зор...»
осы жылы 15ші Маусым күні І Николай патша қол қойған Ақтау бекінісін салу жөніндегі жарлық: «Омбы облысына жататын сырт округтердің Ақтау деген жерінде бекініс салынсын. Бұл бекіністің бастығы-коменданты етіліп полковник не подполковник шеніндегі адам тағайындалсын. Комендант мынандай міндеттер атқарсын: 1) Ақмола, Қарқаралы, Аягөз округтерінің ішкі тыныштығын бақыласын. 2) Осы 3 округ ауылдары оңтүстіктегі Бетпақдалаға дейін көшкенінде, солардың қорғаншысы болсын. 3) Шекараны үнемі бақылап тұрсын. Қазақтарды шекарадан әрі қарай бөтен жаққа өткізбесін. Басқа жұртты да шекарадан бері қарай кіргізбесін. 4)Осы үш округтің жерімен көшкен керуенді ұры-қарыдан, шапқыншылардан қорғасын.
Осы төрт міндетті орындау үшін жоғарғы аты аталған үш округтің әскерлері Ақтау комендантына бағынатын болсын. Және комендантқа біздің бекіністерімізге, не қоластымыздағы қазақ ауылдарына шабуыл жасайтын қастар табылса, оны Шу өзенінің бойына дейін қуып, қару қолданып тыйым салуға рұқсат етілсін».
Енді осы Указбен бірге Омбы генерал-губернаторына жазған патшаның 2ші жарлығын оқуға кірісті. «Ақтау бекінісіне шіркеу салынсын. Шіркеуде 1 поп, 2 дьякон, 1 күзетші ұстауға рұқсат етілсін. Поптың жылдық жалақысы мың сом болсын, мүриттерге, дьякондарға 60 сомнан, күзетшіге — 9 сом 50 тиын жылына жалақы берілсін. Ал попқа, Ақмола, Қарқаралы Аягөз приказдары б-ша жолға шыққанында, заңға сәйкес жол құны төленсін және одан бөтен арақ-шарап секілді керектеріне жылына тағы 250 сом ақша қосылсын».
«Бұл қалай, деді ол тағы да ішінен, Абылайхан Қалдан Сереннің Шарша деген баласын өлтіріп, енді орыс патшалығына бағынам деп Тұғым деген баласын жібергенінде, қатын патша оған хандық құрмет қағазымен, жылына 300 сом ақша, 200 пұт ұн төленіп тұрсын деген жарлық берген еді ғой, ал мына попқа 1000 сом Патша ағзамның қазір байығаны ма, әлде үш жүздің ханы саналған Абылайға жылына үш жүз сом төлеп көңілін өзіне аудармақ болғанда, бар қазақтың бостандығын бір поптың жалақысы құрлы көрмегені ме?»...
Қоңырқұлжа кілем боқшантайға тағы да қолын созды. Бір қағазды тесіле оқыды. Бұл полковник Талызинның ең соңғы жарлығы еді. «Осы жарлықты алысымен көтерілген ауылдардың мақсатын білу қажет, райларынан қайтпаса, қан жұтқызып басу үшін 24 сағат ішінде сол ауылдарға өз балаларыңды жіберуіңізді ақырғы рет бұйырамын. Бұл жарлықты сіз бұлжытпай орындауға тиістісіз»
Қараөткел бекінісіндегі Қоңырқұлжа бәйбішесі; Қайниса
Аға сұлтанның(Қоңырқұлжаның) Омбыдағы кадет корпусында оқып жүрген Жәнәділ, Шыңғыс деген 2 баласы бар. Қоңырқұлжа бұларды қауіп-қатерлі Кенесары ауылдары түгіл, аждаһаның апанына да жұмсауға шімірікпейді, тек... балалары айтқанын орындай ма? Жәнәділ үлкен бәйбішесі Қайнисадан, Шыңғыс екінші әйелі, Уәлиханның немересі Аққағаздан туған. Жәнәділ ынжық, қорқақ, бірдеңеге берілсе ат құйрығын кесе алмайтын босаң. Ал Шыңғыс шаш ал десе бас алатын қатал, өжет, әрі батыл. Былтыр есаул Лебедев Балқаш көлінің тұсында көшіп бара жатқан Сейтенді қолға түсіргенде тілмаш болып барған да осы Шыңғыс. Ал Жәнәділде бұл жігердің бірі де жоқ. Аға сұлтан екі баласын да жек көреді. Өз қолымен ажалға айдап салуға бар, бірақ төркіндері мықты, адуынды әйелдерінен ғана именіп жүр...
Кіші тоқалы Зейнеп пен ұлы Шыңғыс көңілдес деп үлкен бәйбішесі Қайниса айтатын, Оны Қоңырқұлжа күндес әйел әңгімесі деп санайтын.Алайда, бұл рас екенін өзі қойған тыңшыдан білген, Тағы бір сұмдықты біледі: үлкен ұлы Жанәділ кіші тоқалы Зейнеп ауылындағы Әбдіуақит төлеңгіттің Күміс атты қызына ғашық, қыз да бұны сүйеді.Әкесі атастырып алып бермесе, қызды нағашысы аулына Омбыға алып қашпақшы. Ал Қоңырқұлжа Жанәділге бүкіл Ұлытау, Қара Кеңгір, Сары Кеңгірдің қожасы Ерденнің кіші қызын айттырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет