Қоңырқұлжа шешімі: Зейнеп пен Шыңғыс арасы жұртқа тарамасын. Ағайын-туған естісе абыройымның айрандай төгілгені. Бұл екеуінің тартар жазасын өзім ғана білуім керек. Ал Жәнәділді қарашының қызы Күмістен алыстатқан ақыл. Сандыбайдың Ерденімен құдандал болу — 12 қанат ақ ордама тағы да бір жаңа тіреу қосылды деген сөз. Нағашысы Тұяқбай (Қайниса әкесі)қарадан шыққан қыңыр еді, көрдің бе жиенінің қалай қарай тартқанын?
Талызиннің хаты б-ша ойы: Ау, туған балаларыңды көрер көзге ажалға айдағаның ба, деген іштей сұраққа: — үш жүз бірдей мадақтаған Абылай өзін Хиуа ханының құлдығынан алып қашып, еліне аман-есен әкелген Ораз құлды ер жеткен кезінде «Басымнан өткен қашқындық, құлдық қаралы күнімнің куәсі болады», — деп өз қолымен бауыздаған жоқ па еді?!Жамандық ісіңнің айғағы болар адам тірі жүруге тиісті емес.Бұл салтты Абылай балалары берік ұстағанда Сәмеке ханның ұрпағы неге қашады? Аға сұлтан Қоңырқұлжа өзінің тоқал шешесінің қойнына барған баласы Шыңғысты ерлік көрсетер сын сапарға жұмсауы күнә ма. Жанәділ мен Шыңғысты шақырып алып, Талызин бұйрығымен Қараөткелге аттандырады. Сол кезде Шыңғыс пен Зейнеп Қоңырқұлжаның өз сырларын білетінін аңғарады. Баланы өзім таптырдым, өзім жазалаймын деді. Зейнепті кешіргендей сыңай танытты.
Осы кезде Қубетұлы Ожар келді. Азнабай баласы, Сейтеннің інісі Тайжанның қызына үйленген екен. Алтыншаш деген қызы қалған екен. Тайжанның үй-ішін Туринге айдағанда Омбының бір бай саудагері сол Алтыншашты сатып алып, генерал Фондерсонға тарту етіпті... Биыл 16ға шықты
Ожар Сейтенмен қалай серік болғанын, оны қалай ұстап бергенін, өзі тұтқын болып неге бірге жүргенін бастан-аяқ баяндап берді. Омбыға барған соң да екі 7дей абақтыда жатуға тура келді. — Бір күні Фондерсонның өзі келді. Сейтен мен Тайжанды ұстап бергеніме рақмет айтып, не тілегің бар, сұра деді... Омбыға былтыр бір жәрмеңкеге келіп, Алтыншашты көргенімде құмар боп кеткем. Тәуекел деп генералға: «Маған қатындыққа есігіңде жүрген қырғыз қызын берсең болады», — дедім.— 25нші жылғы заң б-ша қыздың кімге тием десе де өз еркі. Біздің зорлауға хақымыз жоқ, — деді генерал. — Қыз көнсе... «Байқаймын генералдың Алтыншашты маған берер түрі көрінбейді. Заңды өздері қолдан жасап алып жүрген жоқ па... Темір торлы абақтысы бар қала түгіл, жалпақ жатқан қазақ жерінің өзінде де қыздың еркін кім сұраған. Әйтсе де мен:— Қызды көндірудің міндетін өзім алайын, — дедім.Генералдың көзі шарадай болып — әкесін ұстап берген адамға ол қалай көнеді? — деді.— О жағын өзіме жіберіңіз, — дедім
Алтыншаш Ожардың Сейтенмен бірге абақтыға жабылғанын көріп, оны өз адамдары деп ойлаған екен. Фондерсон басында Алтыншашқа ашуланғанымен, Кенесары жігіттерінің арасына олардың бостандығы үшін күрескен Тайжанның қызын алып барсаң, олардың сеніміне кіресің дейді.Кенесары жұртының арасындағы батырлар: Шұбыртпалы Ағыбай, Алтай Төлебай, Бестаңбалы Бұқарбай, Бағаналы Құдайменді, Қыпшақ Иман бар көрінеді, ал Табын руының батыры Тіленшінің Жоламаны біз де сендермен біргеміз деп жақында Байтабын деген жас батыры мен Серғазы хан тоқалдыққа алайын деп жүрген Ақбөкен атты батыр қызды жіберіпті... —Сырымбет қырқасынан байын, малын тастап 6 баласымен Кенесарының қарындасы Бопай да барып қосылған. Қасымның ұлдары арлан қасқыр болса, қыздары қаншық бөрі емес пе. Бопай қазір қолына найза алып бір топ жігіттерді басқарады деседі. Күйеу жұрты, Уәли ханның ауылын шабамын деп тісін қайрап жүрген көрінеді.— Бопай келіп ағасының тобына қосылса Жанайдар батыр да со жерде. Жанайдар мен Бопай жас кездерінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай болған. Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ деп Бопайды оған бермеген.
— Ожар Қоңырқұлжаға бұрылып, — жаңағы батырларыңыздың бәрі, Жоламан сұлтаннан өзгесі кілең ашық кеуде, жалаң төс кедей сарбаздар екен... Ел билеген бай, манаптан ешкім жоқ па?— Малымды шауып алар деп қорыққан 100-150 шаңырақты Шорманның Мұсасы, Жақыптың Елемесі, Асылғазының Бабатайы секілді мыңды айдаған азғантай байлар болмаса, ел ағалары «түбі қалай болады» деп артын күтіп отырған тәрізді ғой. Әзірге қосылғандар Қарқаралы өкірігінен Қазының Құдаймендісі мен Баянауыл өкірігінен Бектастың Таймасы. Қазының Құдаймендісін патша үкіметі Ана жылы болыстықтан түсірген.
Ожар Бектастың Таймасы дегенде Сейтен екеуін тұтқындап, Омбыға апарарда соның ауылында болып, түн жарымда Сейтенге бар шындығын айтқаны есіне түседі. Сол бір шындығымды сезіп қалды ма деп күдіктенетінін айтады. Алайда, Таймас Жоламан мен Иман ауылдарына кетіп, күзсіз оралмайтынын Қоңырқұлжа айтып, ол келгенше сенімге кіресің дейді.
Сейтенді Омбыда атып тастаған.
20 шақты орыс пен башқұрт жігіттері бір топ деседі. Іштерінде зеңбірек ата білетіндері, оқ-дәрі жасай алатындары да бар көрінеді... Бас ақылшыларының бірі деп Бұқараға сыймаған Сидақ қожа мен өз елінде ереуіл істеп айдалып келген болыскей офицер Жүсіп деген біреуді айтады тыңшылар.
Ожар Қоңырқұлжаға Кенесары ауылынан Сәмен, Жақып, Сақып арқылы хабар жібереді. Олардың белгісі - белбеудің оң жағында тұратын құты, оқшантай, қыны сол жағында тұрады
Шыңғыс пен Жәнәділ Талызинның жарлығын орындаймыз деп бұлар ереуілге көтерілген Тыналы, Қарпық, Темеш болыстарына дейін барыпты, бұнда ат құйрығын шарт түйіп, қолына түкіріп отырған қалың жұртты көріп, әрі қарай жүруге қауіптеніп кейін қайтыпты. Олардың аман қайтқанына Қоңырқұлжа ашулы болды.
Ашылған қақпадан ұзын сары солдат «Беда! Беда!» деп құлай-мұлай жерге түсті. Жақын тұрған казармадан қазақ атаулысы«Қарапұшық Иван» деп атайтын осы Қараөткел бекінісінің коменданты войсковой старшинаИван Карбышев жүгіре шықты.— біз хорунжий Котов басқаруымен 50 солдат, 10 урядник Петропавлдан Ташкентке бара жатқан Строганов купецтің керуенін шекараға дейін апарып салмақ боп едік.Салынып жатқан Ақтау бекінісінен өте бергендесойыл, найза ұстаған Кенесары жігіттеріне кездестік. Солдаттар байланыспайық десе де, хорунжий Котовтың бұйрығы б-ша 2-3 есерсоқ мылтық атып, 1-2 адамын оққа ұшырып еді, ылғи жүйрік мінген жігіттер лап қойып отрядтың быт-шытын шығарып, тегіс сойылға жықты.
Олар 5 жүз адамдай. Інісі Наурызбай басқарған. Қолға түскен солдаттарды және керуенді бар мүлкімен өздерімен бірге алып кетті. Әрі қарай күнбатысқа кетті. Жауынгерлер арасынан наразы сөздер естіледі.
Қысқартыңдар сөзді! — деді Қарбышев, — Кенесары қарақшылары бізге соқпай кетпейді. Ертеңнен бастап, бекіністің бар солдаты, жұмысқа жарайтын еркек-әйелдері ор қазуға шығады! Расында Кенесары ереуілшілері Қараөткел бекінісіне соқпай кетуі мүмкін емес, өйткені қазақ даласына Россия патшасының отаршылық саясатын жүргізуінде Ақмола бекініс қаласы ерекше қызмет атқарған.