1. Дайындалды: 01. 09. 2011ж. Т. Н



Дата22.08.2017
өлшемі97,02 Kb.
#24238

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бекітемін

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ректоры

_________А.С.Иманғалиев



03.09.2011 ж.



колледж әдіскеріне арналған

Қызметтік нұсқау

Орал, 2011



Ақпараттық мәліметтер:
1. Дайындалды: 01.09.2011ж. Т.Н.Төлеуішов

2. 06.09.2010 ж. құжаттың орнына енгізілді

3. Енгізілген уақыты: 09.09.2011 ж.

4. Қайта қаралады: 09.09.2014. ж.

5. Өзгертулер:





Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5











Мазмұны:

1. Мақсаты

2. Қолданылу саласы

3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері


5. Сипаттаулар

6. Жазбалар

7. Дәйектемелер

1. Мақсаты
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына және Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет (бұдан әрі мәтін бойыша-БҚМУ) колледж әдіскерінің бағыныштылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.
2. Қолданылу саласы
2.1. Осы нұсқаулық колледж әдіскері үшін жарамды.
3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы ережеде қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандарттарына сәйкес келеді.

3.2 Қолданылған қысқартулар БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.


4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері
4.1. Колледж әдіскері мыналар үшін жауап береді:

4.1.1. колледждің және оның құрылымдық бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмысының жоспарлау, басқару және ұйымдастыру, олардың әдістемелік жұмыс сапасын қамтамасыз етуге;

4.1.2 педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыруға, жас оқытушыларға сабақ өткізу және сабақтан тыс іс шараларды өткізуде көмек көрсетуге;

4.1.3. жаңа оқу үрдісіне және оқу тәрбиелік жұмыстарында озық тәжірибе, ғылым және техникада жұмыс тәжірибесін іріктеу және енгізіуді үйренуге;

4.1.4. педагогикалық қызметкерлерді тәжірибе алмасу үшін біліктілікті арттыру курстарына дайындауға, «Бастауыш педагог мектебі» жұмысын үйымдастыруға;

4.1.5. ғылыми, педагогикалық шолу дәрістерін ұйымдастыруға, техникалық оқыту әдістемелерімен, әдістемелік нұсқаулармен және құралдармен қамтамасыз ету;

4.1.6. педагогикалық оқу, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыруға;

4.1.7. өзара сабаққа қатынас, ашық сабақ өткізу және оны талқылауды ұйымдастыруға;

4.1.8. оқулықтарды және оқу-әдістемелік әдебиеттердің, оқытушылардың жеке авторлық бағдарлама шығаруына көмек көрсетуге;

4.1.9. әдістемелік кабинетті көрнекілік құралдармен, басқа да жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;

4.1.10.колледжде өткізілген аралық, қорытынды бақылау жұмыстары бойынша ұсыныс беру және сұрақтар шығару, аттестациялау комиссия жұмысын ұйымдастыруға;

4.1.11. жеке және топтық кеңестер беру, оқытушыларға баяндамалар дайындауда, конференцияда сөз сөйлеуді, педагогикалық оқуға көмек көрсетуді ұйымдастыруға;

4.1.12. пәндік-циклдік комиссия жұмысын ұйымдастыруға және қадағалауға;

4.1.13. оқытушылардың үнемі біліктілікті арттыруын ұйымдастыруға;

4.1.14.озат тәжірибелі оқытушылардың тәжірибесін тарату, жинақтау, оқыту және айқындау жұмысын жүргізуге;

4.1.15. колледж оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға;

4.1.16. білім берудің инновациялық әдістерін қолдану, мәліметтер қорын жинақтау және талдау жұмыстарын жүргізуге;

4.1.17. СМЖ қызмет етуіне;

4.1.18. өндірістік қажеттіліктерге байланысты барлық тапсырмаларды орындауға;

4.1.19. педагогикалық этика нормаларын, БҚМУ Жарғысын және БҚМУ қызметкерінің ішкі тәртіп Ережелерін сақтауға;

4.1.20. БҚМУ-дың сапа саласындағы саясаты мен экологиялық саясатты жүзеге асыруға;
4.2. Колледж әдіскері құқылы:

4.2.1. кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін сәйкесті жағдайларға;

4.2.2. директорға сапа менеджмент жүйесін жақсарту, әдістемелік жұмыстар тиімділігін арттыру, кадр таңдау, оқытушыларға оқу жүктемелерін бөлу, педагогикалық кадрларды көтермелеу және қажетті жағдайда тәртіптік шара қолдану бойынша ұсыныстар енгізуге;

4.2.3. құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен оның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыруға, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;

4.2.4. еңбек және оқу тәртібінің бұзылған жағдайларын анықтауға және талқылауға;

4.2.5. педагогикалық кеңес отырысында оқу, әдістемелік, ғылыми, шығармашылық және өндірістік қызметінің маңызды мәселелерін талқылауға қатысуға;

4.2.6. СМЖ түзетуші және сақтандырушы шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға;

4.2.7. белгіленген тәртіп бойынша өз біліктілігін арттыруға;

4.2.8. белгіленген тәртіп бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми, әдістемелік конференцияларға, семинарларға қатысуға;

4.2.9. педагогикалық, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие қызметтегі табысы үшін марапатталуға (ынталандырылуға);

4.2.10. өзінің кәсіптік ары мен намысын қорғауға;

4.2.11. белгіленген заңнамалық тәртіпте әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;


5. Сипаттаулар
5.1. Бағыныштылығы:

5.1.1. Колледж әдіскері БҚМУ ректорының бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.

5.1.2. Колледж әдіскері тікелей колледж директорына бағынады және өз жұмысында соның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
5.2. Колледж әдіскері болмаған кезінде оның орнын орынбасарлардың біреуі немесе пәндік-циклдік комиссия жетекшісі алмастырады.
5.3. Колледж әдіскері білуге міндетті:

5.3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және басқа да техникалық және кәсіптік білім берудің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және құқықтық актілерін;

5.3.2. техникалық және кәсіптік білім беру мәселелеріне қатысы бар басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

5.3.3. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары және оларды жүзеге асырудың негізгі іс-шараларын;

5.3.4. оқу-әдістемелік жұмысқа қатысы бар басқа да мемлекеттік органдардың ұйымдастыру-басқаратын құжаттары мен нормативтік материалдарын;

5.3.5. колледж қызметінің бағыттары, бейіні мен мамандандыру түрлері;

5.3.6. колледж мамандықтары бойынша ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;

5.3.7. әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыс негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен тәртібін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие үрдістерін жоспарлау, басқару және ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін;

5.3.8 еліміздің жоғары білім беру перспективаларын, БҚМУ-дағы білім берудің басым бағыттарының орташа мерзімдегі перспективасын және оларды жүзеге асырудың негізгі шараларын;

5.3.9. БҚМУ Жарғысын, БҚМУ-дың ішкі тәртібінің Ережесін, Колледж ережесін және орындалатын жұмыстардың мәселесі бойынша БҚМУ-дағы ішкі нормативтік құжаттарды;

5.3.10. сапа саласындағы саясатты және өз өкілеттігі шегіндегі сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын;

5.3.11. осы нұсқаулықты.


5.4. Біліктілік талаптары:

5.4.1. Колледж әдіскерінің жоғары педагогикалық білімі және білім беру ұйымдарында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.



6. Жазбалар
-
7. Дәйектемелер
7.1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

7.2. БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3. Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4. Қызметшілер қызметтерінің Біліктілік анықтамалығы;

7.5. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;

7.6. М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі;


Келісілді

Басшылықтың сапа және

экология жөніндегі өкілі



____________ Тасмағамбетов А.С.

02.09. 2011 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет