7. Фиксация /жазу/ - мәліметтер бақылау барысында немесе одан кейін сол мезгілде жазылу керек.
21. Сұрақ-жауап әдісі –педагогикалық зерттеу тәсілі ретінде
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте “түсінік” терминінің мағынасы ”білім” терминіне қарағанда кеңірек. “Түсінік” ғылымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі белгіленеді.
Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелеген белгілердің жоғалып кетпеуін қадағалайды, өйткені олар жоқ болса, жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.
Анкета мен сұхбат жүргізу әдістері
Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады. Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр. Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
22. Жаңартылған білім беру Бағдарламасының ерекшелігі
Жаңартылғанф білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі.Оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
2 ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Білу Нақты іс-әрекетті іске асыру
Түсіну Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Қолдану Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
Анализ Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Синтез Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу
3 ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |