4 ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
5 ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
6 ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады.
7 ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы
8 ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы).
23. Педагогикалық эксперимент, эксперименттің әдіс ретіндегі ерекшелігі Педагогикалық эксперимент – танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстардың нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады.
Педагогикалық эксперименттің әдіс ретіндегі ерекшелігі.Педагогикалық тәжірибе басқа ғылыми әдістердің ерекшеленетін біраз ерекше қасиеттерге ие.
1. Тәжірибенің қалай болмасын заңды байланысын табуға бағытталуы.
2. Зерттелінген педагогикалық құбылыстың тәуелді болған шарттардың бақылауы.
Педагогикалық ғылыми тәжірибенің арнайы қойылған тәжірибе ретінде болғандықтан оның ерекшелігн құрайтын бақыланатын шарттарды жасау болып табылады. Онда зерттелетін объект педагогикалық ықпал етудің мөлшерінің әсері мен ұтымды мүмкіншілік ала отырып өзін-өзі көрсетеді, тәжірибе мақсатына сәйкес.
3. Зерттелетін педагогикалық құбылыстың заңды қатысын ала отырып, Арнайы тәжірибе жағдайының жолын құра отырып ойлаған сапаны жасау үшін зерттеушіні белсенді қатысуы.
4. Педагогикалық құбылыстың басқарылуы. Зерттеуге жататын процеске қатыса отырып, зерттеуші оны басқара алады. Қызықтырған құбылысты өз еркімен ауыстыру, кейбір құбылысты өмірге әкелу, педагогикалық процессті педагогикалық практика ретінде модельдеу.
5. Әртүрлі жағдайда тәжірибені қайталау, бірнеше рет өндіру, кейбір құбылыстарды сыртқы әсерден қорғай отырып, заңдылық пен жалпы тұжырымдамалар шығаруға негіз беру.
6. Тәжірибелердің дәлелдігі. Педагогикалық тәжірибе дәлелдік қасиеттерге ие. Қайталау мүмкіншіліктер арқылы табылған деректерге объективті нақтылық береді. Ол заңдылық педагогикалық жалпы тенденцияларды құруға негіз болады.
7. Берілген нәтижелердің тексерілуі. Педагогикалық тәжірибенің әдіс ретіндегі ерекшелігі педагогикалық практикада ұзақ тексерістен өтіп, көпшілік процесінде теориялық қортындылардың дәлдігін растау және оны практикалық пайдалылығын көрсету.
8. Техникалық, математикалық түр т.б. (бақылаушы, есептеуіш) зерттеу тәсілдерінің қолдану мүмкіндігі.