36. АКТ бойынша сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін талданыз
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады..Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта;
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.Сыныптан тыс жұмыс түрін таңдауда мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері шешуші мәнге ие. Сонымен, бастауыш сынып оқушылары үшін ақпаратты көрнекі түрде көрсету және сыныптан тыс жұмыстардың мобильді формалары маңыздырақ. Кіші мектеп оқушыларын дене белсенділігі элементтері бар сабақтарға, жарыстарға, ойындарға, экскурсияларға тарту оңайырақ. Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмыстарды өткізу кезінде оқушылардың аз практикалық тәжірибесін ескеру қажет. Сабақ балалардың базалық білімдерін, дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуі керек.
37. "Компьютерлік желілер бойынша ақпарат алмасу" бойынша сабақ жоспарын құрыныз
38. Ақпаратық модельдеу туралы сипатамасын көрсетініз
Модельдің түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық.
Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Ақпараттық модель - модельдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды.
Слайдтан «дәптер» нысанның қасиеттерін көрсету.
Ақпараттық модельдерді сипаттау әдістерімен таныстыру.
Сұлбаға анықтама беру. Сұлба – сызықтармен қосылған ішінде жазулары бар фигуралардан тұрады. Граф – сызықтармен қосылған ұштардан тұратын графикалық нысан. Графтарды нысандар арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.
Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу - шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін. Модельдің кезеңдері: 1. Модельдеу мақсаты нысанды талдау; 2. Модельді құру; 3. Компьютерлік модель / модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы /; 4. Модельдеу нәтижесін талдау нәтиже мақсатқа сәйкес келеді, нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді /. Қоғамдық мәселелерді зерттеу кезінде модельдеу өте маңызды рөл атқарады.
Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады. Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне, анимация, мәтін, сызба, кесте, т. б. ақпараттармен жұмыс істей алады. Осы ақпараттарды өңдеу, тарату, қабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жабдықтауы болуы тиіс.
Егер математикалық модельді зерттесек, онда программалау ортасын немесе электрондық кестені қолданған ыңғайлы. Сөздік модельге мәтіндік редактор ыңғайлы. Ал графикалық модельге графикалық редакторда құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |