32. Сабақ жоспарын жасаңыз-оқушыларды "Ақпарат" және "ақпаратпен әрекет ету"ұғымдарын көрсетініз
"Ақпарат” термині латынның «INFORMATION» - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.
Ақпаратпен әрекет ету.Бізді қоршап тұрғанның бәрі ақпарат. Сабақта мұғалімді тыңдау, қызықты журнал оқу, пойыздардың жүру кестесін зерттеу, көркем галереяларға, театрларға бару, біз ақпарат аламыз.
Біз адамға пайдалы және маңызды ақпаратты ұзақ уақыт бойы есте сақтауға тырысамыз, сондықтан оны қандай да бір жолмен жазу керек, мысалы, дәптерге жазу керек.
Алынған ақпарат сақталмас бұрын оның қажеттілігі мен пайдалылығы туралы қорытынды жасау үшін өңделуі керек.
Адам ақпаратты үнемі дерлік өңдейді. Математикалық мәселені шешіп жатқаныңыз немесе итпен серуендеуге не киетініңізді таңдағаныңыз маңызды емес, сіз әлі де қандай да бір кіріс түрімен ақпаратты өңдейсіз.
Адам өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтай отырып, оны басқа ұрпаққа жеткізуді ойлады. Сөйлеу, жазу, бейнелеу және музыка өнері осылай пайда болды.
Адам үнемі ақпаратпен бірізді әрекеттерді орындайды: қабылдау, өңдеу, сақтау және беру. Информатикада ақпаратпен мұндай әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
33. "Компьютер құрылғылары"атауына сабақ жоспарын жасап көрсетініз
Сабақтың тақырыбы:Компьютер құрылғылары
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары туралы білу.
Оқушылардың басым бөлігі: Процессор және қатты дискінің қызметін анықтап, атап көрсету.
Кейбір оқушылар:Процессор және қатты дискінің қызметіне қарай ажыратып талдай білу.
Сабақтың басы 2мин :қушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа психологиялық ахуал орнату мақсатында «Жан жүрек сыры» жаттығуын ұйымдастырамын. Плакатқа жүректің суретін салып тақтаға ілемін. Оқушыларға стикер таратып жылы, мейірімді сөздерді жазады, іледі.
«Сиқырлы сандық» әдісі арқылы топқа біріктіру. Түрлі түсті фигураларды таңдау арқылы топқа бірігеді.
Алдыңғы сабақты қайталау
Үй тапсрмасы 5 мин:«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау. Қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді.
Сабақтың ортасы 10 мин:
Тапсырма №1. Қатты дискімен мен процессорды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазыңдар
Дескриптор:
1.Қатты дискі мен процес қызметін біледі
2.Қатты дискімен мен процессордың ұқсастығы мен айырмашылыгын ажырата алады
Үй тапсырмасы:3-4 тапсырмаларды орындап келу
Сабақтың соңы 3 мин:Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі.
Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.
Жасыл түсті алма- мен бүгін бәрін жақсы орындадым: меңгердім.
Қызыл түсті алма- мен тапсырманы орындай алмадым, түсінбедім.
Достарыңызбен бөлісу: |