30. Бейнаркотикалық анальгетиктердің химиялық құрылысына қарай жіктелуі, (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер). анальгетиктер дегеніміз - резорбтивті әсер етіп таңдамалы ауырып тұрған сезімді алып тастайды. Орталық жүйке жүйесіне кері әсері жоқ. ауыру синдромымен көптеген аурулар жүреді. Ол табиғи химиялық, механикалық, биологиялық күшті тітікендіргіштердің әсерінен пайда болады. Сондықтан ауырсынудың этиологиясы мен патогенезіне байланысты анальгетиктер тобына жататын дәрілердің көмегімен ауырсынуды төмендетуге немесе толық басуға мүмкіндік береді. Анальгетиктердің әсерінен ОЖЖ-нің координацияланған қозғалғыш қызметі мен естің, сезмтал мүшелерінің қызметінің сақталуымен реакциялар таңдамалы тежеледі. әсер ету механизміне байланысты 2 топқа бөлінеді: - Наркотикалық - Бейнаркотикалық (наркотикалық емес
Классификациясы: a) анальгетиктер - антипиретиктер (анальгетикалық және дене температурасын төмендететін дәрілік заттар). 1) Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы (асперин), натрий салицилаты, салициламид. 2) Ацетилсалицил қышқылы - Acidum acetylsalicylicum: таб 0,25; 0,5 тамақтан кейін 1-4 мезгіл, ұсатып сүтпен бірге қабылдаймыз. Қабынуға қарсы, ауырып тұрған сезімді жояды, дене температурасын төмендетеді. Кері әсері: диспепсия, жүрек айниды, құсық болады, асқазанда ауру сезімі пайда болады, асқазан ішек жолдарынан қан ағуы мүмкін, аллергиялық реакциялар, бронхоспазм, бас айналады, есту қабілеті төмендейді, құлақта шу пайда болады, қанның ұюы төмендейді. Ацетилсалицил қышқылынан дайындалатын препараттар: тромбо АСС, аспирин-кардио, 0,05; 0,1г болып келеді, тез еритін таб түрінде «Асперин «Ан-Меркпе«Фортапгин С"Апка-Зельтиер
31. Кардиотоникалық дәрілік заттар, әсер ету механизмі, қолдануға және қолдануға қарсы көрсетпелері, жағымсыз әсерлері. КАРДИОТОНИКАЛЫҚ ЗАТТАР Жүрек кызметін ынталандыратын препараттарды келесі түрге бөледі: 1. Жүрек гликозидтері. 2. Құрылымы «гликозидемес препараттар».
Әсер ету механизміне қарай кардиотоникалық заттарды келесі топтарға бөлуге болады.
I. Са иондарының жасуша ішілік мөлшерін арттыратын заттар:
1. Na*, K*-АТФазалардың тежегіштері Жүрек гликозидтері: Дигоксин Целанид Строфантин Коргликон
2. цАМФ мөлшерін арттыратын заттар A. Адренилатциклазаны рецепторлык белсендендіруесебінен B -Адренорецепторларды ынталандыратын заттар: Дофамин Добутамин Б. Фосфодиэстераза III-ті тежеу арқылы
Жүрек гликозидтері (грекше glykys – тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жетімсіздігін емдеу мақсатында қолданылады. «Созылмалы жүрек жетімсіздігі» термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жетімсіздігімен халықтың 0,5-2%-і ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар. Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жетімсіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1,7 жыл, əйелдерде 3,2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі – сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жетімсіздігі.
Жүрек гликозидтері оң мəнді – инотропты, тонотропты, теріс мəнді – хронотропты жəне дромотропты əсерлер көрсетеді.
Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсер ету механизмі олардың кардиоми- оцит мембранасындағы Na*, K*-АТФаза ферментіне тежегіш әсер етуіне байланы- сты болады (14.2-сурет). Бұл Na* мен К* ағымының бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде K*-дің кардиомиоцит ішіндегі мөлшері төмендейді, ал Na -жоғарылайды. Бұл кезде, Na*-дің жасушаішілік және жасушадан тыс концентрациясының айырмашылығы азаяды, ол трансмембраналық Na*/Ca2*-алмасуын төмендетеді