1 дәріс Қазақстандағы орта білім беру мазмұнын жаңарту. Орта мектепте химияны оқытудың жаңа тәсілдері


дәріс Білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Химия" пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктері



бет4/16
Дата22.12.2022
өлшемі292,27 Kb.
#163937
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс Мектепте оқыту Универ

2 дәріс
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Химия" пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктері.


Дәріс жоспары:
1.Химия оқу бағдарламасының мақсаты.
2.Спиральды оқу бағдарламасы.
3.Негізгі мектептің оқу бағдарламасының ерекшеліктері.
4.Мектептің жоғары сыныптарының оқу бағдарламасының ерекшеліктері.
5.Дағдыларды дамыту.
6. Пәннің практикалық бағыттылығы.
1.Химия пәні бойынша оқу бағдарламасы:
-- Оқушыларды білімді меңгеруге, химиялық үдерістердің өту жағдайларын түсінуге және алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірде қолдануға үйретуге бағытталған;
- Оқушылардың қоршаған орта мәселелерін шешу үшін химияның рөлін және химиялық технологияның мүмкіндіктерін қалыптастыруға ықпал етеді;
- Зертханалық жұмыстарды, практикалық жұмыстарды, демонстрацияларды, үйдегі химиялық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу дағдылары мен функционалдық сауаттылықты қалыптастырады
- Халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті заманауи тақырыптар мен білімдерді қамтиды, сондай-ақ халықаралық емтихандар талаптарына сәйкес келеді ;;
-Физика, биология, математикамен пәнаралық тығыз байланысты көздейді және оқушылардың табиғат құбылыстары, процестер барысы, жүйелердің өзара іс-қимылы, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, білімді қолдануға болатындығы туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.

2. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.


Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал.
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған
ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;

3. Жаңа бағдарламада бейорганикалық және органикалық химия бөлімдері қолданыстағы бағдарламадағыдай емес, бірыңғай жүйеде зерттеледі. Бұл студенттерде тірі және жансыз табиғатта болып жатқан процестердің мәні туралы тұжырымдамалық түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Мысалы:
* Химиялық байланыс
* Алкандар
* Термодинамикаға кіріспе
* Алкендер
* Тотығу-тотықсыздану реакциялары
* Спирттер
* Аналитикалық әдістер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет