1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет16/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
darister

3.Толымсыз тіркесу
Анализдік шағылыстыруға F1 аналық шыбын алынса, Fв негізінде толық тіркестегідей фенотиптің екі типі емес, төрт типі пайда болады. Бірақ бұлардың ажырауы Мендельдің 3-заңындай (1:1:1:1) емес. Дрозофила шыбындарының 41,5% шала қанатты қара, 41,5% жетік қанатты сұр, 8,5% жетік қанатты қара және 8,5% шала қанатты сұр болып шықты. Бұл арада біз бастапқы белгілердің тұқым қуалауы толық емес 83% (41,5+41,5) екенін көреміз.
Толық емес тіркес тұқым қуалау себебін түсі ну үшін сұр шала қанатты және қара жетік қанатты қайдан пайда болады деген сұраққа жауап беру керек. Мейоздың бірінші профазасында зигонема стадиясында гомологты хромосомдар бөліктері алмасады. Ол кроссинговер деп аталады. Гомологты дарақтың VvВв бірінші хромосомасында V және В гені орналасса, екіншісінде v және в гені болса, кроссинговерсіз гаметалардың екі типі (VВ және vв гендері бар) түзіледі. Ал осы гендер арасында кроссинговер процесі болса онда бұл дарақта тағы Vв және vВ гаметалары түзіледі.
Кроссинговер түзілген гамета кроссоверсіз деп, ал кроссинговер нәтижесінде түзілген гаметалар кроссоверлі деп аталады. Кроссоверлі гаметадан пайда болған организм кроссовер немесе рекомбинат деп аталады, ал хромосомалардың айқасуы нәтижесінде алмасқан гендер рекомбинатты деп аталады.
Жалпы хромосомалар айқасуы әр уақытта жүретіндіктен толық емес тіркесу организмдердің барлық топтарында кеңінен тараған. Мейоз кезінде жұп хромосомалар арасында тек дара кроссинговер емес, қос және одан көп күрделі айқасу жүреді. Хромосомдар айқасуының жиілігі гендер арасындағы қашықтыққа байланысты. Гендердің арақашықтығы ұлғайған сайын кроссинговер жиілігі арта түседі, ал гендер арасы жақындаған сайын, хромосомалардың айқасуы төмендейді. Осыған байланысты Т.Морган гендер аралығының қашықтығын кроссинговер жиілігі арқылы табуға болатынын ұсынды.
Х= (a+c): n x 100%. Х- гендердің арақашықтығы немесе кроссинговер жиілігі (%), а- бірінші кроссинговер тобындағы дарақтар саны, с-екінші кроссинговер тобындағы дарақтар саны, n - тәжірибедегі ұрпақтар саны.
1% кроссинговерге тең гендер арақашықтығы морганида деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет