4. Гендердің орналасуы. Хромосоманың генетикалық картасы. Т.Морганның шәкірті Стертевант Альфред кроссинговер жиілігі гендердің хромосома бойында тізбектеле орналасатындығын көрсетеді деді. Ол үш геннің арасын зерттей келе олардың хромосомада орналасуы бір түзудегі үш нүктенің арақашықтығының геометриялық заңдылығына сай келеді деп дәлелдеді. Қазіргі уақытта гендер арасындағы кроссинговер жиілігің талдау арқылы хромосомалардың генетикалық картасы жасалды. Хромосомалардың генетикалық картасы дегеніміз гендердің хромосомадағы орналасу нүктелерінің үлгісі. Геннің хромосомадағы орнын табу үшін, ең алдымен оның қандай хромосомада орналасқанын анықтау керек. Бір хромосомада орналасқан гендертіркесу тобын құрайды. Тіркесу тобының саны әр уақытта түрдің хромосомаларының гаплоидты санына тең.
Қазіргі уақытта көптегег организдер үшін хромосоманың генетикалық картасы құрылды, дрозофиланың, тышқанның, кейбір микроорганизмдердің, кейбір өсімдіктердің генетикалық картасы жасалды. Үй қояны мен тауықтың кейбір хромосомалары карталанды. Адамның 99% хромосомдары карталанды.
Қорытынды:
1. Гендер хромосомаларда бір сызықтың бойымен орналасып, бір-бірінен белгілі қашықтықта болады.
2. Бір хромосомада орналасқан гендердің анықтайтын белгілері тіркесіп тұқым қуалайды, себебі бұл белгілердің гендері сол тіркес күйінде жыныс клеткаларына беріледі.
3. Айқасудың нәтижесінде гендер комбинациялана алады және белгілердің үйлесімдері пайда болып, ол үйлесімдер организмнің ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етеді. Сонымен кроссинговер комбинативтік өзгергіштікті арттыра отырып эволюция процесінде және селекцияда аса маңызды роль атқарады.Бұл қарапайым организмге де тән қасиет, вирустардың ДНК мен РНК молекулаларында да генетикалық заттар алмасуы болады.
4. Гендердің хромосомдағы бір түзудің бойына орналасуындағы геометриялық заңдылықты пайдалана отырып және кроссинговер жиілігін гендердің арақашықтығың көрсеткіші ретінде қолданып, хромосомадағы орналасу картасын жасауға болады.
Нәсілдік қасиеттің хромосоманың шамалы санында шоғырлануының эволюциялық маңызы зор, осыған байланысты организмнің белгілі деңгейдегі тұрақтылығы қамтамасыз етіледі егер хромосомадағы гендер тіркесі болмаса, ұрпақтарда млн. белгілер комбинациясы пайда болып, түрдің пайда болуына, өмір сүруіне үлкен нұқсан келер еді. Себебі олар белгілердің тұрақтылығын жоғалтып, қоршаған ортаға төзімділігінен айырылар етеді.