1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет40/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Тараудың қысқаша мазмұны
ЮНЕСКО (1977) жасаған картада континенттердегі шөлдер 4 биоклиматтық аймаққа бөлінген: 1. Аса құрғақ аймақ, 2. Құрғақ аймақ, 3. Жартылай құрғақ аймақ, 4. Субгумидті аймақ. Жалпы бүл картадағы мәліметтер бойынша кұрғақ территориялар көлемі 4К млн шаршы км, яғни кұрылықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Шөлдер топырақ типіне байланысты 9 типтерге бөлінеді (кұмды, сары топырақты, сазды топырақты, саз балшықты, майда тасты жэнс құмды, майда тасты гипстенген, тасты жэне кебірлі).
Жауын-шашынның динамикалылығына байланысты шөлдер 3-ке бөлінеді: 1) жағалаулық - ыстық жағалаулардың суық теңізбеп шекаралас жерлері; 2) Орталық Азиялықтиптес; 3) Жерорта теңіздік типтес.
Шөлдер ауданы Орта Азияда жэне Қазақстанда айтарлықтаіі шамамен 1 млн шаршы км (13 кесте). Оның ішінде Қарақұм 350 мың шаршы км, Қызылқұм 300 мың шаршы км, тасты шөлдер (Үстірт, Маңғыстау) 200 мың шаршы км. Бетпақдала 75 мың шаршы км. Шөлдер Еуропадан басқа барлық материктерде кездеседі Шөлдердің негізгі белгісі ол - ылғалдың жеткіліксіздігі (50-200 мм жылына) шөлдерде жауын-шашын болғанмен, топыраққа сіңбеіі буланып ұшып кетеді.
Шөлдер өздерінің табиғаттағы орналасуына байланысты бірнеше типке бөлінеді:

  1. Континентальдық шөлдер

  2. Жағалаудағы шөлдер материктердің батыс жағалауларындағы шөлдер

Құрғақтылығының дэрежесіне байланысты шөлдер:

  1. Аса кұрғақ - 75-100%

  2. Аридті (құрғақ) - 50-75%

  3. Жартылай аридті - 20-40% болып бөлінеді.

Шөлдерде мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы жағдай бар (қой, түйе). Шөлдер арқылы өтетін Еділ, Ахтуба, Сырдария, Әмудария сияқты үлкен өзендердің алқаптарында жэне жайылымдарында көкөніс, күріш, мақта кейбір жерлерде жүзім өсірумен айналысады.
Шөл өсімдіктері эромофиттердің спецификалық эколого-физио- номиялық ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер туралы С.А. Никитин (1968) талдауын білу қажет.
Шөл өсімдіктері жэне оларды классификациялау туралы эртүрлі көзқарастар бар Родин (1958), Курочкина (1961), Коровин (1963), За- киров (1978).
П. И. Овчинников (1957) өсімдіктердің шығу тегіне байланысты өз классификациясын ұсынды. Овчинниковтың идеясын ары дамы- тып Р.В. Камелин (1974) Қазақстан жэне Орта Азия жазықтықтары осімдіктерін, бірнеше флороценотиптерге бөлді.
А. В. Прозоровский (1940) сүректену дәрежесін жэне су режимінің ерекшеліктерін негізге алып өз классификациясын ұсынды.
Шөл өсімдіктері жабыны гидротермиялық жағдайға байланыс- гы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Соған байланысты ол 3 климаттық аймақ тармақтарына бөлінеді.
Солтүстік, Ортаңғы жэне Оңтүстік шөлдері болып шөл аймағының шекарасында өсімдіктер кауымдарының географиялық эртүрлілігін байқауға болады. Оларды ендіктегі жэне бойлықтағы бағыттарда ауысқанында байқауға болады.
Шөлдердің негізгі ботаникалық-географиялық типтері болып: 1) Жоңғар Солтүстік Тұрандық, 2) Оңтүстік Тұрандық болып саналады. Өз кезегінде Жоңғар Солтүстік Тұрандық типі 9 региондық варианттарға, ал Оңтүстік Тұран типі 3 региондық варианттарға бөлінеді.
Е. И. Рачковскаяның (2003) түсінігінде, эколого-физиономикалық категория доминанттары бір экобиоморфаға жататын жэне экологи- ясы ұқсас түрлер тобынан тұратын қауымдарды біріктіреді. Бірік- і іргенде биоморфалардың даму ритмикасы есепке алынады. Шөл осімдіктері қауымының физиономикасы, көрінісі доминант жэне содоминант тіршілік формасымен анықталады.
Осы категорияларды негізге алып, Е. И. Рачковская жэне т.б. (2003) шөл өсімдіктерінің мынадай эколого-физиономикалық тип- іерін бөліп көрсетті: 1) жусанды шөлдер, 2) көпжылдық соралар,

  1. псаммофитті-жусанды шөлдер, 4) псаммофитті-қоңырбасты шолдер, 5) псаммофитті-терескенді шөлдер, 6) псаммофитті-бұталы шолдер, 7) сексеуілді шөлдер, 8) астрагалды жэне шырмауықты шолдер, 9) қысқа өмірлі шөлдер.

Тарауда осы жоғарыда аталған шөлдердің таралуы, ауданы олардағы басым өсімдік түрлері берілген.
Шөлдерді геоботаникалық аудандастыру толық шешілді деп айту қиын. Алғашқылардың бірі болып А. В. Прозоровский (1940) шөлдерді аудандастыру жобасын ұсынды.
Шөлді аймақтың үлкен кеңістігі өсімдіктер жабынының флоралық құрамы жағынан біркелкі емес. Эдификаторлары жоне оларға ілесіп жүретін түрлерде бір аймақ тармағынан екіншісіне ауысқанда өзгеріп отырады.
Батыстан шығысқа жылжығанда эдификаторлар жэне оларға ілесіп жүретін түрлер жақын түрлермен ауысады, ескеретін нэрсе ол түрлердің таралуы аймақ тармақтары (подзона) шекараларымен сәйкес келмейді. Кейбір түрлер мысалы, 8ііра загеріапа, 8. саріііаіа жэне Ғезіиса уаіезіаса бірнеше аймақ тармақтарына тән болуы мүмкін. Шөлдерді геоботаникалық аудандастырғанда осындай ерек шеліктер ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет