Далалар типтері Астық тұқымдастар мен эртүрлі шөптердің арақатынасына бай- ланысты далалардың мынадай типтерін ажыратады:
Нағыз көпжылдық шым түзетін астық тұқымдас өкілдері басым далалар.
Шабындық немесе әртүрлі шөпті далалар (шабындық дала).
Шөлді дала. Шөлдік шөптер (қаңбақ сияқтылар) жартылай бұталардың (негізінен жусандар, изендер) эфемерлер және эфемероидтардың қатысуымен.
Даланың кейбір типтерінің фрагменттерін орманды далада және жартылай шөлдерде кездестіруге болады. Әргүрлі континенттерде даланың аттары әртүрлі болуы мүмкін. Солтүстік Америкада - прерий, Оңтүстік Америкада - пампа немесе пампастар, ал тропикада - льянос деп аталады. Оңтүстік Америкадағы льяносқа ұқсас жерлерді Африкада және Австралияда - саванна деп атайды. Ал Жаңа Зеландияда даланы тус- соктар деп атайды.
Қазіргі Қазақстан территориясының 40%-ың далалар алып жатыр. Қазақстан тегістігінде дала аймағының ені 400-ден 800 км дейін.
Қазақстанда кәдімгі оңтүстік қара топырақты жерлерде қуаң әртүрлі шөпті-астық тұқымдасты далалар, қою-каштанды және каштанды топырақта құрғақ далалар, ал ашық-каштанды топырақта шөлді далалар болатындығы анықталған (Рачковская Е. И., Огарь Н. П., Марынич О. В., 1999).
Қазақстан далаларының көптеген территориялары жаппай жоғалуға немесе терең антропогендік өзгеріске ұшырады. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жерді кең көлемді жырту далалардың әсіресе тегістіктегі далалардың типтерінің жойылуына алып келді. Әсіресе бай әртүрлі-шөпті-қаулы (8,5 млн га) және әртүрлі-шөпті-қаулы (13,6 млн га) далалар үлкен зиян шекті. Тегістіктерде жерді жырту мөлшері кей жерлерде 90%, ал ұсақшоқыларда 30% шамасында болды.
Тегістіктегі құрғақ далалар 50-60%, ал ұсақ шоқыларда 10-45% шамасында жыртылды. Сақталып қалған дала учаскелерінде малдар шамадан тыс жайылды жэне басқа да шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылды. Далалардың көптеген типтері тек Қазақстанда ғана кездеседі. Евразияның басқа территорияларында кездеспейді. Ресей жэне Украина далалары адамдардың қызметі нэтижесінде бұрынырақ өзгеріске ұшыраған. Ал Қазақстанда осы уақытқа дейін Евразияның батыс далаларына сәйкес учаскелер сақталған.
Қазақстан далаларының кең байтақ территорияларында тек 2 ғана қорығы (Наурызым жэне Қорғалжын) жэне 2 ұлттық паркі (Көкшетау мен Баянауыл) бар.
Наурызым қорығы (87,7 мың га) құрғақ дала аймақ тармағында орналасқан. Бұл қорықта өсімдіктердің 5 типі кездеседі:
орман (қылқан жапырақты жэне майда жапырақты орман- Дар);
бұталы;
дала;
шабындық;
батпақты су және су.
Дала дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Өйткені ғалымдар оның шекарасын эртүрлі түсінеді. Географ П. С. Берг «Природа СССР» (1955) деген еңбегінде, далаға мынадай анықтама береді: «Дала деп тегіс, ормансыз, су астында қалмайтын батпақсыз- қара топырақта бүкіл вегетациялық кезеңде шөптесін өсімдіктер қауымдарымен жамылған кеңістікті айтамыз». Бұл анықтамада көңіл аударатын нәрсе ол «ормансыз» деген сөз. Демек, Берг дала аймағынан өтпелі алқап орманды даланы шығарып тастап, оны өз алдына «орманды дала» аймағына жатқызады.
В. В. Алехин (1951) анықтамасы бойынша, «дала дегеніміз - құрғаққа төзімді (құрғақ сүйгіш) өсімдіктері түйіскен шөптесін өсімдіктердің қара немесе қоңыр топырақтарда өсетін ылғалдың жеткіліксіздігі жағдайындағы типі». Нағыз далаларда шымды астық тұқымдастардың жэне құрғақшылыққа төзімді эртүрлі шөптердің болуы тэн.
В. В. Алехин далаларды шөптесін өсімдіктер типіне жатқызады. Дегенмен В. В. Алехин орманды даланы дала аймағына жатқызады. Дала аймағында ормандар тек өзен арналары шекараларында ғана кездеседі, ал басқа территорияларда кездеспейді деуге болады.
Профессор В. В. Алехиннің ойынша, дала аймағының солтүстік шекарасы (ТМД елдері территориясында) Киевтің оңтүстігімен өтеді. Киев-Конатоп-Курск-Орел-Туланың, Рязанның жэне Сасованың оңтүстік жағынан өтіп ары қарай Саранскіге және Ардатовқа көтеріліп, Пензаға сосын Вольскіге түседі. Куйбышевтан (Самара) дала шекарасы Уфаға ары қарай оңтүстік Чкаловқа дейін созылады. Осы жерден күрт көтеріліп, солтүстікте Свердловскіге жетіп, Батыс- Сібір тегістігінен Ишимге одан Барабинскінің солтүстігінен Ново- сибирскіге жетеді. Шығысында далалардың арал тәрізді учаскелері кездеседі. Өзінің оңтүстік шекарасында, Еділдің төменгі сағасынан бүкіл Азия бөлігінде далалар шөлдермен шектеседі. Батысында Қара жэне Азов теңізіне дейін жетіп Солтүстік Қырымға тіреліп, Бас Кав- каз жотасына ал батыс жағында Карпат жэне Буковин етегіне жетеді.