1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Дала аймагының табиғат жағдайлары. Климаты



бет44/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Дала аймагының табиғат жағдайлары. Климаты
Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм ден (оңтүстікте, Қазақстанның бетегелі-қау далаларында) 600 мм-ге дейін (Украинадағы орманды даланың солтүстік шекарасында). Шығысқа жылжыған сайын (мысалы, Байкал маңында) жылдық жауын-ша- шын мөлшері 160 мм дейін төмендейді. Шөлдер аймақтарымен салыстырғанда дала аймағында жауын-шашынның ең көп болатын мезгілі ол жаз айлары (маусым-шілде), ал ең аз болатын мезгілі қыс айлары (қаңтар-ақпан) немесе көктем айлары (наурыз-көкек). Бұпай болуы дала өсімдіктерінің дамуында өте маңызды.
Орташа жылдық температура дала аймағында 3° градустан солтүстікте +8-10° градусқа дейін оңтүстікте. Ең жылы айда (шіл- де) орташа айлық температура 19,5° солтүстікте жэие 25° оңтүстікте. Бірақ та температура шығысқа жылжыған сайын өзгереді. Мысалы, ең суық айдың (қаңтар) орташа температурасы Батыс Украинада ор- мапды далада -5°, Предуральскіде - 16, Батыс Сібірде орманды дала- да -19°-дан -21 °градусқа дейін.
Температура бетегелі-қау аймақ тармағының оңтүстігінде жал- пы орташа жылдық температура +9,4° (Одесса), ал шығысында +1,8° (Астана). Жалпы дала аймағының шығысында батысымен салыстырғанда жауын-шашын мөлшері аз, жылдық температу- ра мөлшері төмен, вегетациялық кезеңі қысқа, көктемде суықтан жылыға алмасу тезірек. Дала аймағының шығысында қыста бұлттар азырақ жауын-шашын мөлшері де азырақ. Вегетациялық кезеңнің басында бұл жерде ауаның жэне топырақтың терең қабаттарындағы температураларының айырмашылықтары айтарлықтай алшақ. Яғни топырақ қабаттары өте жай қызынады. Бұл алшақтық терең тамыр- лы өсімдіктердің дамуына үлкен әсер етеді (эсіресе ағаштарға). Батыс жэне шығыс климатының айырмашылығы өсімдіктердің ал- масуын қамтамасыз етеді, яғни провинцияларға бөлуге себепші бо- лады. Солтүстік-оңтүстік климаттық ауысулар аймақ тармақтарын және варианттарын бөлуге мүмкіншілік береді.
Дала аймағында қысы суық, қар әсіресе солтүстігінде қалың. Қар жамылғы, топырақты және өсімдіктердің қыстайтын бөліктерін суықтан сақтайды деуге болады оған қосымша көктемде ылғалмен қамтамасыз етеді.
Дала аймағына жаз айларында мол жауын-шашын жэне жоғарғы температура тэн. Жауын-шашын мөлшері дала аймағының оңтүстігінде біркелкі емес, бірде аз, бірде мол болып өзгеріп тұрады. Соның салдарынан өсімдіктер құрғақшылық жэне ыстық жел эсеріне душар болады.
Өсімдік жамылғысы қарды ұстап жэне біркелкі таратып өз фи- токлиматын жасайды. Өсімдіктердің өткен жылдан қалған құрғақ қалдықтары еріген қар суының тез ағып кетуіне кедергі болады. Соның нэтижесінде су топыраққа дұрыс сіңеді.
Сонымен, дала аймағындағы жалпы климат жағдайы дэл айтқанда шөптесін өсімдіктердің дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады деп айтуға болады.
Топырағы
Дала аймағы солтүстіктен оңтүстікке дейін созылуы шамамен 500-600 км шамасында. Сондықтан топырағы біркелкі емес. Орман- ды дала территориясының айтарлықтай мол бөлігін сұр және сұр- қара-сұр топырақтар алып жатыр. Дала аймағының өзінде жазық, тегістік жағдайында кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар (аймақ көлемінің 49%) және қоңыр топырақтар (23%) қалыптасады. Аймақтың оңтүстігінде сортаң жэне сор кебір топырақтар (24%) жэне жайылма топырақтар (6%) кездеседі.
Сонымен өсімдіктер үшін кәдімгі қара топырақтар өте қолайлы, оңтүстік қара жэне қара-қоңыр топырақтар салыстырмалы нашар- лау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет