1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет46/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

2.2 Дала өсімдіктері жіктелімі
Дала аймағы өсімдіктерінің бір жүйеге келтіріп жүктемелерін жасау туралы алғашқы мәліметтерді С. И. Коржинский (1888, 1891) еңбектерінен көруге болады. Ол қара топырақты облыстарда 4 далалық формацияларды ажыратады:
1) шалғындық дала
2) бұталы
3) қаулы
4) тасты
Г. Н. Высоцкий (1908, 1915) қаулы даланы:
1) Солтүстік жалпақ жапырақ қау және
2) Оңтүстік енсіз жапырақты қау деп бөлінеді.
П. Н. Крылов (1916) Батыс Сібірдің дала аймағын өзінше бөлуді ұсынды.
Ең солтүстік аймақ тармағын «шымды-шалғын» деу қажет, оңтүстікке қарай бірақта орманды дала шегінде «әртүлі шөпті-шалғын» деп сосын «қаулы-бетеге және оңтүстік бетегелі-қау аймақ тармағын бөлуді ұсынды. Бетегелі-қау даласын ол «ормансыз шалғындық- дала» деп атауды ұсынды.
Б. А. Келлер (1916) шалғындық далалар ішінде мыналарды бөліп көрсетті.
1) «әртүрлі шөипті-шалғындық» шымды қоңырбастардың қатысуымен
2) «шымды (қау-бетегелі)-шалғындық дала».
И. В. Новопокровский (1921) далалардың үш типін бөледі:
1) шалғындық
2) әртүрлі шөпті-қоңырбастар
3) қоңырбастар далалар
В. В. Алехин өз еңбектерінде (1925, 1936) даларды екі негізгі типке бөледі:
1. Солтүстік далалары немесе әртүрлі шөпті-жалпақ жапырақты-қоңырбастар даласы, ары қарай оларды Алехин бірнеше варианттарға бөледі:
а) гигрофильді вариант (ең солтүстік жағы солтүстігінде орман аймағына өтеді);
б) орталық (осы типті нағыз сипаттайтын алқап) вариант.
в) ксерофильді вариант (ең оңтүстік жағы бірте-бірте оңтүстігіндегі аймақ тармағы қаулы далағаауысады).
ІІ. «Оңтүстік далалар» (қаулы дала) екі тип тармағына бөлінеді:
1) қызыл қаулы
2) қызыл емес қаулы
Қызыл қаулы тип тармағы үш вариантқа бөлінеді:
1) солтүстік
2) негізгі
3) оңтүстік
Қызыл емес қаулы тип тармағы да сол жоғарыдағыдай үш вариантқа бөлінеді.
Н. В. Павлов (1948) далалар аймағын жай қарапайым аймақ тармақтарына бөлді:
1) орманды дала аймағы тармағына
2) солтүстік, шалғындық немесе әртүрлі шөпті-қоңырбасты далаға
3) оңтүстік қоңырбасты немесе қоңырбасты-әртүрлі шөпті далаларға
Е.М. Лавренко өзінің көптеген ғылыми еңбектерінде дала өсімдіктері туралы және оларды жіктеу туралы өз варианттарын ұсынды.
Е.М. Лавренко (1940) дала өсімдіктері топтарын жүктеудің негізі етіп тіршілік формаларын анализин, яғни олардың синузиялық құрылымын алады. Батыста типп тармақтары климаттық алмасулары мүмкін деп алады. Ал көптеген тип тармақтары шегінде ол эдафикалық ауысатын варианттарды бөледі – галофиттік, петрофиттік, псамофиттік, гемипсаммофиттік деп. Е. М. Лавренко жіктелімі бойынша далалар шөптесін өсімдіктер типтері тобына жатқызылады. Демек, Лавренко далалар аймғын аймақ тармақтарына емес тип тармақтарына бөледі.
Е. М. Лавренко (1956) «КСРО-нің геоботаникалық картасы» деген еңбекке жазған түсініктемесінде далалардың 9 типін ажыратты:
1) нағыз далалар;
2) шалғындық дала;
3) шөл дала;
4) бұталы;
5) жемірлі (Thymus);
6) жартылай саванналар (тау алды және аласа таулар – Батыс Тянь-Шянь, Памиро-Алтай және т.б);
7) тікенекті шөптесін өсімдіктер (Орта Азия таулары);
8) траганттық (Кавказ және Орта Азияның оңтүстік бөлігі);
9) тақыр жерлер (Памир-Алтай, Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы тауларындағы далалардың

жоғарғы шекараларындағы крофильдік биік таулық).


Е. М. Лавренко (1956) далалар аймағын 4 аймақтарына бөлді:
1. Орманды дала аймақ тармағы немесе шалғындық дала аймақ тармағы (солтүстік әртүрлі шөпті далалар)
2. Шымды-қоңырбасты бай әртүрлі шөпті немесе әртүрлі шөптішымды-қоңырбасты әртүрлі немесе әртүрлі шөпті-бетегелі-қау немесе қаулы далалар аймақ тармағы
3. Шымды-қоңырбасты кедей әртүрлі шөпті немесе шымды-қоңырбасты еуропа-қазақстандыққ немесе бетегелі-қаулы далалар
4. Жусанды-бетегелі-қау (шөлді) даласы немесе жусанды-шымды-қоңырбасты далалар (солтүстік жартылай шөл)
Енді осы жеке аймақ тармақтары ерекшеліктерімен танысайық:
І. Орманды дала аймақ тармағы немесе шалғындық дала аймағы (солтүстік әртүрлі ˚шөпті далалар).
Орманды дала аймақ тармағы өтпелі алқап. Орман аймағы және әртүрлі шөпті-шымды-қоңырбастар далаларының арасындағы өтпелі алқап, бірде жалпақ бірде тар алқап ретінде КСРО-ның батысындағы шекарасын, яғни Днестр және Прунт бассейінінен Сібірдегі Салаирск адырлар қырқасына дейін созылып жатыр.
Орманды даланың солтүстік шекарасын шыршаның (ель- Picea) оңтүстікке таралу шегіне дейін созылады. Оңтүстік шекарасы Карпат тауларынан және Кишинивтен Ингула-Кременчуг-Полтава-Харьков-Валуйкам-Бобровкаға ары қарай оңтүстікке Шипов орманды орағытып тастап даладан өтіп Новохоперсткаға, Борисоглебскаға, Волгаға (Саратовтың солтүстігінде), Волгамен жоғары көтеріліп Самара өзенін бойлап Бузулук орманына Стерлитамакқа жетеді. Оралда оңтүстік шекарасы Троицкінің төменгі өтіп, Петропавловскінің оңтүстігінде Ертіс өзені-Чан көлі-Бранаул-Салаирск адырлар қырқасына жетеді бұл оңтүстік шекарасы.
Қазіргі кезде орманды дала территорияларының көп бөлігі түгел дерлік айдалып астық тұқымдастар және кейбір техникалық дақылдар өсірілуде.
Бұл аймақ тармағының топырақтары әртүрлі. Солтүстікте –күлгін күңгірт-сұр және орманның сұр топырағы, бірақ та майлы мықты (Сібірде) сілтісізденген және нашарланған қара топырақ басым.
Ең суық айдың (қаңтар) температуасы -5˚ (Украинаның батысында). Предуральскіде -16˚. Жауын-шашын мөлшері оңтүстік шегінде -450 мм шамасында. Ал Батыс Сібірде ақпан айында температура мөлшері -19˚-дан -21˚-ге дейін. Жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 400-450 мм, оңтүстігінде 300 мм шамасында.
Біз мұнда орман топтары еменді, қарағайлы, теректі ормандар туралы айтпаймыз. Тікелей өсімдіктердің нағыз далалық типтерінде көшеміз. Солтүстік далаларыныңөсімдіктер жабындарының жалпы белгілері, ол:

  1. Биік (80-100 см) шөптесін жамылғы;

  2. Өсімдіктер біркелкі жамылғы түзеді деуге болады (араларындағы бос жерлер 2-10 см аспайды);

  3. Өсімдіктер жабыны құрамында мезофильдік жалпақ жапырақты әртүрлі шөптесін (қосжарнақтылар) түрлер көп кездеседі, ал қоңырбастар әлі басым емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет