1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет43/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Далалардың негізгі белгілері
Далалардағы өсімдіктер жабыны біркелкі емес. Солтүстіктегі далалар оңтүстіктегіден, ал Батыстағы далалар шығыстағысынан басқаша (Кульгиасов, 1981). Дегенмен, далалардың кейбір жалпы белгілерін атап айтуға болады:

  1. Далаларға ксерофиттердің (яғни құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің) басым болуы тэн. Бұл белгі жал пы құрғақ аймақтардың ерекшелігі болып табылады.

  2. Далалар өсімдіктер түрлеріне өте бай. Далаларда 1 шар- шы метрде өсімдіктің 85 түріне дейін кездесуі мүмкін (Культиасов, 1981). Далаларда өсімдіктер түрлерінің көптігін эсіресе солтүстік далаларда климат және топырақ жағдайларының қолайлылығымен түсіндіруге болады. Соның нәтижесінде шөптесін өсімдіктер түрлері молынан өсіп жетіледі.

  3. Далалардың үшінші белгісі ол вегетациялық кезеңде айқын көрінетін фенологиялық алмасулардың (көріністердің алмасуы) бо- луы. Бұл белгі бұдан бұрынғы аталған, яғни далалардың 2 белгісі- мен өсімдіктер түрлерінің көптігімен байланысты.

  4. Далалардың төртінші белгісі ол тіршілік формаларының жэне синузиялардың эртүрлілігі. Бұл белгі эрине жоғарыда айтылған көріністер жэне фенологиялық фазаларының эртүрлілігімен байланысты. Мұндай эртүрлілік өсімдіктердің өсіп жэне дамуына қолайлы кезендердің ұзақтығымен байланысты. Бұл құбылыс эсіресе оңтүстік далаларында айқын көрінеді. Ол эрине бұл аймақта вегетациялық кезеңнің ақпан айынан қараша айына дейін созылатынына байланысты.

  5. Жоғарыда келтірілген барлық белгілер далалардың бесінші белгісі ол далалық қауымның кұрылымының күрделілігінде.

Бұп күрделілік өсімдіктер жабынының көп ярустылығында. Өсімдіктердің барлык басқа шөптесін типтерімен салыстырғанда далалық ценоздардың ярустылығы күрделі. Морфологиялық тұрғыдан далалық ценоз ярустылығын тропика орманы ярустылығымен ұқсастыруға болады. Бірақ та далалық ценоздар ярустылығы күрделірек. Өйткені дала ценоздарында ярустылық біреуі екіншісіне оңай ауысып отырады, олар вегетациялық кезеңде жэне жылдан-жылға алмасып отырады.

  1. Шөлдерден айырмашылығы далалар өсімдіктерінде толастық кезең болмайды, вегетациясында үзіліс болмайды. Гүлдеген түрлер саны мамыр-маусым айларында өзінің шегіне жеткеннен кейін қыркүйек айына дейін барлық уақытта саны азая береді. Нағыз жаздық толастық кезең тек шөл өсімдіктеріне тэн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет