1.1 Дала туралы жалпы түсінік, далалар типтері. Негізгі белгілері Дала - Солтүстік және Оңтүстік жарты шардағы қоңыржай және субтропикалық ормансыз шөптесін өсімдіктер бар алқап. Евразияда батыстан шығысқа, Солтүстік Америкада солтүстіктен оңтүстікке созылған. Далалар оңтүстік Америкада және Австралияда да кездсседі. Тауларда жоғарғы белдеулер типінде таулық далалар бар, жазықтықта - орманды дала мен жартылай шөлдер арасында орналасқан табиғи аймақ.
Далаларға тиісті белгілер-ормансыз мол шөптесін өсімдіктермен жамылған үлкен жазықтық, жыл бойында гүрлерін 12-ге дейін өзгерте алады. Ол яғни өсімдіктер жабынының түрлерін өзгертуі жауын-шашыннның аз болуына (300-500 мм жылына) байланысты. Вір-бірімен түйіскен өсімдіктер жамылғысы негізінен ксерофиттер: қау (stipa), бетеге (Festuca), келлерия (Koeleria), қоңырбас (Роа), сүлыбас (Нelictotrichon) және т.б.
Далалар өте күшті және ұзақ уақыт антропогендік фактор әсеріне душар болды. Далалардың көптеген жерлері айдалып тасталды. Соған байланысты топырақтар эрозияға ұшырады. Шаңды борандар жиіледі. Жер шарында типтік далалар қалған жоқ деуге болады. ) Этолондық табиғи ландшафгар ретінде далалардың кейбір учаскелері қорықтарда қорғалады.
Далалар табиғат жағдайлары жэне климаты жағынан адамдар ііршілігі үшін қолайлы деуге болады. Далалардағы адамдардың негізгі тіршілігі - суармалы егін шаруашылығы (дәнді дақылдар мен техиикалық дақылдар) жэне мал шаруашылығы.
Дала Антарктидадан баска барлық континенттерде кездеседі, Евразияда дала Ресейде, Қазақстанда, Украинада және Монғолияда көбірек таралған. Тауларда да биіктікте дала (таулық дала) кездеседі, казықтықта табиғи аймақ ретінде таралған. Солтүстікте орманды іапа аймағымен оңтүстікте жартылай шөл аймағының арасында. Дала аймағында жауын-шашын мөлшері жылына - 250 мм-ден 400 мм дейін.
Дала аймағының климаты қоңыржай-континентальді мен континентальді аралығында болады. Жазы өте ыстық, қысы қары аз суық. Даланың көптеген бөлігі айдалған.
Далалардың ерекше белгісі - шөптесін өсімдіктермен жамылған ормансыз үлкен жазықтық. Үздіксіз немесе дерлік үздіксіз кілем түзетін шөптесін өсімдіктер: қау (stipa), бетеге (Festuca), келлерия (Koeleria), қоңырбас (Роа), сүлыбас (Нelictotrichon) және т.б.